Робот ит жұмыс істеу қызметі мен түрлері

Робот ит жұмыс істеу қызметі мен түрлері

Робот ит тарихы

Робот ит  бұйрықтарды орындауға және шынайы ит мінез-құлқын толығымен көшіруге қабілетті интерактивті үй жануары. Интерактивті үй жануарлары қазіргі кезде дамыған елдерде танымал болып табылады. Себебі роботтар арқылы балалар үй жануарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді. Нәтижесінде балалар үй жануарларына жауапкершілікпен қарайтын болады. 

Ең алғашқы робот иттер 1960-шы жылдары пайда болған. Роботтар көбінесе әскери мақсатта қолданылған. Бірақ сол кездегі технологиялар әлдеқайда нашар болғандықтан, робот иттер жасаған алғашқы тәжірибелер сәтсіз болып көрінді. 90-шы жылдары иттерді имитациялайтын алғашқы интерактивті ойыншықтар пайда болды. Бір немесе екі бұйрықты орындауға шамасы жететін. Бірақ іс жүзінде шынайы иттің қозғалысын қайталамады.

Робот ит пайда болу тарихы. Aibo роботтары
https://robo-sapiens.ru/

Қызметі

Робот ит өте ақылды және иелерімен жақсы араласады. Кейбір роботтарға үй жануарларымен ойнауға болатын сүйек немесе шар сияқты аксессуарлар кіреді. Әртүрлі өндірушілерге байланысты иттердің түрлі қызметтер жиынтығы бар. Көбінесе робот иттердің келесі қызметтері кіреді. Олар:

Жату;

Отыру;

Аксессуарлармен ойнау (сүйек, шар);

Иесінің артына жүру;

Ұйықтау;

Тамақтану;

Іс-әрекеттерді орындау;

Иесінің дауысына әрекет ету;

Иесінің қозғалысына әрекет ету;

Сонымен қатар, әр иттің ұқсас емес өз ерекшеліктері бар.

Артықшылығы

Робот итке күтім жасау әдетте арнайы құралдарды қажет етпейді. Кейде роботты сулықпен(влажный салфетка) сүртіп алса жеткілікті. Егер ит батарея арқылы жұмыс істесе, айына бір рет ауыстырып отыру қажет. Айта кету керек, робот итке ерекше назар аудару қажет. Мысалы, нақты үй жануарлары сияқты ойнап назарын аударылуы керек. Сонымен қатар робот ит кез-келген әрекеттерге әр түрлі жауап қайтаруы мүмкін.

Серуендетудің қажеті жоқ;

Дәрігерге барудың қажеті жоқ;

Робот ит жоғары сапалы пластиктен жасалған, ешқандай тітіркену (аллергия) тудырмайды;

Азық-түлік пен толтырғышты қажет етпейді;

Кез-келген жерге бірге алып жүруге болады;

Әрқашан иесінің бұйрығын орындайды.

Кемшілігі

Жайбасарлық. Мысалы, Зуммер моделі дөңгелектермен жабдықталған және ол жеткілікті жылдам жылжиды. Бірақ Aibo және Text моделдері баяу қозғалады.

Батареяларды сатып алу қажеттілігі. Мәселен, кейбір робот итте 8-12 сағат толық жұмыс істейді. Сондықтан алдын ала көптеген батареялар сатып алған жөн.

Төңіректі нашар бағдарлау. Робот барлық бөлмелерді және айналаны толығымен есте сақтай алмайды. Сондықтан кейбір қиындықтар туу мүмкін.

Шағын командалар жиынтығы.

Шағын іс-әрекеттер (трюки) жиынтығы.