Пабло Пикассо ұлы суретші, кубизм бағытын құрушы

Пабло Пикассо ұлы суретші, кубизм бағытын құраушы

Пабло Пикассо балалық шағы

Пабло Пикассо 1881 жылы 25 қазанда Андалузиядағы (Испания) Малага ауылында дүниеге келді. Әкесі Хосе Руис кескіндемемен айналысты. Руис өзінің шығармашылығымен танымал болмады. Сондықтан жергілікті бейнелеу өнері мұражайына қамқоршы ретінде жұмысқа орналасуға мәжбүр болды. Анасы Мария Пикассо Лопес бай ауқатты отбасыдан шыққан еді.

Суретшінің негізгі шын аты — Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Криспин Криспиньяно де ла Сантисима Тринидад Руис и Пикассо. Пабло туылғаннан кейін, отбасында тағы екі қыз пайда болды. Олар Долорес пен Кончита еді. Бала 7 жасынан бастап, әкесіне сурет салуға көмектескен. 13 жасында Пабло толық бір жұмысты өзі жасап шығарды. Осы оқиғадан кейін әкесі баласына барлық көркем шығармаларын кескіндеуге берді.

Пабло Пикассо балалық шағы
https://24smi.org/

Оқу жылдары

Сол жылы cуретші Барселона қаласындағы өнер академиясына түседі. Пабло университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Үш жылдық тәжірибеден кейін, жас студент Мадрид қаласындағы беделді Сан-Фернандо Академиясына ауысады. Ол жерде Пикассо испандық суретшілер Диего Веласкес, Франсиско Гойи және Эль Греко шығармаларымен танысады. Мұнда Пикассо «Бірінші қауымдастық», «Автопортрет», «Ана портреті» атты туындыларын жасаған.

Өнер жолы

Алғаш рет Пабло өзінің жеке туындыларына Пикассо есімімен қалдырған. 1901 жылы суретшінің шығармашылығына әсер қалдырған қайғылы оқиға болды. Оның досы Карлес бақытсыз махаббат салдарынан өзіне-өзі қол жұмсады. Осыған байланысты «Көгілдір кезең» деп аталатын туынды жарыққа шығарды.

1904 жылы қаржының жетіспеушілігіне қарамастан, Пабло Пикассо Францияның астанасына көшуге шешім қабылдады. Басқа елге ауысу суретшіге жақсы әсер берді. Монмартр белесінде жас суретшілер өз шығармаларымен таныстыратын. Пабло Пикасссо картиналары: «Актер», «Көйлектегі әйел», “Акробаттар.Анасы мен баласы” және т.б. 1905 жылы ең маңызды «Шар үстіндегі қыз» туындысы пайда болды.

Шар үстіндегі қыз және Әйелдің басы шығармалары

https://24smi.org/

Суретші жұмыстарында модернистік мотивтер бейнеленген және объектінің құрылымын құрайтын таза геометриялық пішіндер қолданылған. 28 жасында Пикассо кубизм стилінде бірнеше еңбектерді жазған. 1908 жылдан бастап  «Үш әйел», «Желпеуіші бар әйел», «Амбруаз Воллара портреті», «Хорте-де-Сан-Хуан зауыты», «Фернанда Оливье портреті», «Ұстағыш креслосы бар натюрморт», «Скрипка және гитара». Ақырында, Пабло Пикассо, дау-дамайға қарамастан, жақсы ақша таба бастайды.

Сюрреализм

1925 жылы «Би» атты сюрреалистік стиліндегі алғашқы туындысын жазды. Бишілердің бұрмаланған фигуралары көп уақыт бойы ауырсынудың жалпы көрінісі болды. Жеке өміріне деген жеккөрініс Пикассоның «Айна», «Айна алдындағы қыз» картиналарында көрініс тапты.

Испан төңкерісі мен соғыс жылдары Пабло Пикассо Парижде өзінің ең танымал шығармасын салады. 1937 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде суретші “Герника” атты қара-ақ түсті туындысын жариялайды. 1949 жылы Дүниежүзілік Бүкіләлемдік Конгресіне арнайы суретші «Бейбітшілік көгершіні» кескіндемесін дайындаған.

Герника

Пабло Пикассо туындысы Герника шығармасы
http://www.picasso-pablo.ru/

Шығармалары

Көгілдір” (1901-1904)

Қызғылтым” (1905-1906)

Әйелдің басы” (1903)

Шар үстіндегі қыз” (1905)

Авиньон бикештері” (1907)

Желпуіш ұстаған әйел” (1909)

А.Воллар портреті (1910)

Үш музыкант (1920)

Ана мен бала” (1922)

Би (1925)

Жағажайдағы әйел (1930)

Герника (1937)

Пабло Пикассо жеке өмірі

Суретші Парижде Марсель Умбер атты қызбен кездесіп, сосын үйленген. Бірақ Марсель кенеттен қайтыс болды. Рим қаласында жұмыс істеп жүрген кезде суретші Ольга Хохловамен кездеседі. Жас жұбайлар Париждің қасындағы орыс шіркеуінде үйленеді. Үш жыл өткен соң, Ольга мен Пабло тұңғыш ұлы Пауло дүниеге келеді. Көп ұзамай Пикассо әйелінен бөлек тұрып, жас қыз Мари-Тереза Уолтермен танысады. 1935 жылы Майя атты қыз дүниеге келеді. Бірақ Пикассо өзінің әкелігін мойындамады.

Пабло Пикассо жеке өмірі
https://24smi.org/

Соғыс аяқталғаннан кейін суретшінің жұмысына қуаныш сыйлаған Франсуаза Жиломен кездеседі. Ұлдары Клод және қыздары Палома дүниеге келеді. Бірақ 60-жылдардың басында Жило белгілі себептермен суретшіні тастап кетеді. Суретшінің соңғы әйелі Жаклин Рок болды. 1973 жылы 8 сәуірде пневмонияның аясында 92 жастағы суретші қайтыс болады.