Ұлттық ойындар. Оқушыларға арналған ұлттық ойындар түрлері

Ұлттық ойындар. Оқушыларға арналған ұлттық ойындар түрлері

Ұлттық ойындар. Әріп таңдау

Ұлттық ойындар түрлерінің бірі ол әріп таңдау ойыны. Оқушылар өз орындарында отырады. Әркім өзіне бір әріпті (А,Ә,Б,Г,Д,Е немесе тағы басқа әріпті) таңдап алады.

Ойын басқарушысы:

— Сен қандай әріпті алдың?

— А.

Ойын басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек “A” әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айту шарт.

— Сенің атың кім?

— Асан.

— Қайдан келдің?

— Ақтөбеден.

— Қайда барасың?

— Алматыға.

— Немен барасың?

— Автобуспен.

Ойын басқарушысы келесі ойыншыға (басқа әріпке) осындай әр түрлі сұрақтар қояды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, болмаса тоқтап қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді. Ойын жалғаса береді.

Ұлттық ойындар. Әріп таңдау ойыны
https://www.edutopia.org/

Тымпи-тымпи ойыны

Ойынды бастаушы өз орындарында отырған оқушылардың ортасына шығып: “Тымпи-тырыс, тымпи-тымпи”, — дейді. Осы сәтте қалған оқушылар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан оқушы әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып, отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай “өнерімен” ешкімді күлдіре алмаса, жеке оқушының жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл-сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы-мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді.

Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы оқушының сұрағына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса, айыпкер саналады. Айыбы үшін тақпақ, өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға  шығып, ойынды басқарып кетеді.

Сақина тастау

Сақина тастау негізі көптеген елдерде ойналады. Оқушылар өз орындарында отырады. Ойын жүргізуші ортаға шығып, алақанын қапсыра, қолын созып отырған ойыншыларға алақанының арасындағы сақинаны тастай бастайды. (Кімге тастайды – өз еркі, әйтеуір, кімге тастаса да білдірмеуі керек. Сақина алған ойыншы да білдірмеуге тырысады.) Сөйтіп, бәріне тастап болған соң, қайтадан ортаға келіп: “Ақшам-шығымды бер”,- деп дауыстайды. Осы сәтте сақинаны алған ойыншы: “Менде”,- деп орнынан тұруы керек.

maam.ru/

Ал әрбір ойыншы өзінің оң жағындағы көршісі үшін жауап береді. Сондықтан сақина кімде екенін білмесе, ойыншылар бірін-бірі ұстап тұрғызбауға тырысады. Егер сақинаны алған ойыншы тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады, ал тұра алмай қалса, сөз жоқ, жазаны өзі тартады. Жазаны орындап болғаннан кейін, ойын жүргізуші орнына келіп, ойынды қайта бастайды.

Санамақ

Ұлттық ойындар ішіндегі ең қызықтысы санамақ ойыны. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір оқушыны ортаға алып шығады. Ол оқушы бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе, ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 адамның немесе ақынның атын атау керек:

Ағыбай,

Ақылбай,

Ақбай,

Алпысбай,

Адырбай және т.б.