Ойыншықтар хикаясы мультфильмінің шығу тарихы

Ойыншықтар хикаясы мультфильмінің шығу тарихы

Ойыншықтар хикаясы туралы ақпарат

Ойыншықтар хикаясы атты Pixar компаниясының анимациялық мультфильмі 1995 жылы 22 қарашада шығарылады. Толық метражды алғашқы мультфильм компьютерлік графикамен жасалды. CGI толықтырылып жасалынған алғашқы толық метражды мультфильм 3D  үш өлшемді графикасын қолданған. Мультфильмнің негізгі қаһармандары — Энди Дэвис атты баланың бөлмесінде тұратын тірі ойыншықтар. Жыл сайын Эндидің туған күніне жаңа ойыншықтар сыйлайды, сондықтан да дәл осы күн ескі ойыншықтар үшін — үлкен күйзеліс күні.

Балабақшадан бері баланың сүйікті ойыншығы Вуди атты шүберек коубой болатын. Вуди — өзінің құпия өмірінде барлық ойыншықтар «қоғамының» көшбасшысы. Эндидің ойыншықтары үшін тағы бір қауіп — ойыншық сындырғыш көрші — Сид Филлипс еді. Жанұя жаңа үйге көшейін деп жатқан соң, Эндидің туған күнін бір апта ерте тойлайды. Ол Вудидің өміріндегі ең жаман күн болды: балаға сыйлаған жаңа ойыншық оның орнын алып қойды!

Ойыншықтар хикаясы туралы ақпарат
http://www.stena.ee/

Пайда болу тарихы

Ойыншықтар хикаясы мультфильмнің сюжетін Джон Лассетер ұсынды. Екі кейіпкерлер басты кейіпкер болу үшін көптеген кезеңдерден өтті. Джон Лассетер, Джо Ранфт, Эндрю Стэнтон және Пит Доктер Пойнт-Ричмондта мультфильмді құру үшін жұмыс істеді. Жүйелік бағдарламалық жасақтама мен бағдарламалар әзірледі. Жарнамалық фильмдер мен қысқа метражды фильмдерді түсірді. Бір кездері Pixar үш өлшемді графика үшін компьютерлер сатылымын қысқартуға шешім қабылдады. Кейін компания кинобизнеспен айналысуды шешті.

“Біз жарнамалық роликтерді түсірдік, бірақ біздің басты мақсатымыз толық метражды мультфильм түсіру еді ” — дейді Пит Доктер. Пит Доктер сонымен қоса көптеген мультфильмдерді жарыққа шығарған. Олар «Ойыншықтар хикаясы 1,2», «Құбыжықтар корпорациясы», сондай-ақ «Up» фильмі. Мультфильмнің әрбір кадрын өңдеу 4 немесе 13 сағатқа дейін созылды. Мультфильм көрсетілімге ерекше түрде 1.78: 1 (дәстүрлі пішім 1.85: 1) шығарылды. Мультфильмнің продюсері Стив Джобс болды. Стив Джобс туралы мақаланы осы жерден оқи аласыз: Стив Джобс әйгілі американдық өнертапқыш

https://guruopta.ru/

Жетістіктері

Рөлдерді дыбыстаған:

Вуди – Том Хэнкс;

Базз Лайтер – Тим Аллен;

Мистер Картоп басты – Дон Риклс;

Спираль – Джим Варни;

Рекс  — Уоллес Шон;

Жетістіктері мен марапаттары:

— Оскар сыйлығы

1996 — Үздік сценарий.(Джон Лассетер, Пит Доктер, Эндрю Стэнтон, Джо Ренфт, Джосс Уэдон, Джоэл Коэн, Алек Соколов); Ең үздік музыка.(Рэнди Ньюман);  Үздік ән (Рэнди Ньюман);

— Алтын Глобус сыйлығы

1996 — Үздік фильм. (комедия / музыкалық); Үздік ән (Рэнди Ньюман);

— Сатурн кино марапаты

1996 — Үздік отбасылық фильм. Үздік сценарий (Джоэл Коэн, Алек Соколов, Эндрю Стэнтон және Джосс Уайлон);

— MTV Movie Awards

1996 — Үздік экрандық дуэт.(Том Хэнкс, Тим Аллен);