Мэри Кэй Эш американдық танымал кәсіпкер

Мэри Кэй Эш американдық танымал кәсіпкер

Мэри Кэй Эш балалық шағы

Мэри Кэй Эш автобиографиясынан үзінді. «Адам өз дегеніне талантымен, талабымен жетуге болатынын кішкентай кезімдегі-ақ түсінгенмін. Мақсатқа жету үшін оқуға, жұмысқа белсенділік, тәртіп, жігер және адамдарға деген махаббат керек. Маған да бұл қасиеттердің барлығы бірден келе салған жоқ. Жеті жасымда өкпе дертіне шалдыққан әкем шипажайда емделіп келді, бірақ бәрібір мүгедек болып қалды. 

Анам Хьюстонның бір мейрамханасында менеджер қызметін атқарып, отбасының барлық қамын өз мойнына алды. Маған әкеме қарау міндеті жүктелді. Ол кезде әйел адамдардың жалақсы ер адамдардікінен төмен болды. Анам тәулігіне 14 сағат жұмыс істейтін.»

Мэри Кэй Эш балалық шағы
https://myrouble.ru

Мен ұйықтап жатқанда, таңғы төртте жұмысқа кетіп, кешке тағы да ұйқыға кеткен кезімде оралатын. Өзімнен үлкен бауырларым бізден бөлек тұратын еді. Үйдің барлық тірлігіне менің мойнымда болды. Сол кездерде менің міндетім – мектептен үйге келіп, дайын тамақты ішіп, тек сабағымды оқып отыру екенін білмеппін. Себебі сол өмірімді, күнделікті тірлігімді баланың міндеті секілді қабылдайтынмын, тіпті атқарған жұмыстарымнан ләззат алатынмын. 

Үй шарасының кейбір тірліктері жасыма лайық еместігін маған сол кезде ешкім айтпапты. Жеті жасымнан бастап тамақ пісірдім. Білмегенімді анамның жұмысына хабарласып сұрасам, ол ерінбей барлығын түсіндіретін. Оның даусы телефоннан көңілді естілгенімен, іштей мені аяп, егіліп тұрғанын сезетінмін. Әр сөйлескенімізде анам сөз соңында міндетті түрде «Мен білемін, қымбаттым, бұл сенің қолыңнан келеді!» дейтін еді.

Ең үздік терімші

Оқушы кезімде машинкада теруше қызығатынмын. Мықты терімші болғым келетін. Отбасымыз үшін машинка өте қымбат дүние болса да анам сатып алып берді. Себебі анам әрқашан менің жақсылыққа ұмтылған талпыныстарымды орындау үшін барын салатын. Бір күні мұғалімім күнделігіме менің сыныптағы ең үздік терімші екенімді жазып берген еді, сол кезде қуанышымда анама айту үшін үйге құстай ұшқаным есімде. 

Мен бала күнімде көрген қиыншылықтарымның анама қатты батқанын бойжеткенімде ғана түсіндім. Анам маған «Мен білемін, қымбаттым, бұл сенің қолыңнан келеді!» деген сөзді үлкен сеніммен үнемі айтып отыратын. Осы сөздер балалық шағымның жарқын елесі болып, өмір бойы жадымда сақталып қалды. Егер менің тіземнен сіздердің тізелеріңізді салыстырсақ, менікі ең көп құлап жаралғаны дер едім. Себебі мен көп құладым, бірақ дер кезінде тұра білдім.

https://myrouble.ru

Компанияны құру кезеңі

1973 жылы компанияның ашылғанына он жыл толғаннан кейін компанияда 21 мың тәуелсіз кеңесші болды. Мэри Кэй Эш он жылдың ішінде ірі корпорацияның қожайыны атанып, 1976 жылы Нью-Йорк биржасына шығады. Ол компанияны одан әрі дамыту үшін қосымша капиталдар іздей бастайды. 1979 жылы 100 миллион доллар көлемінде пайда тауып, рекордтық сатылым жасады. Осындай табыстар мен атаққа ие болса да, ол қарапайым қалпында қалды. Тіпті компания көшбасшыларын үйіне шақырып тұратын. Кеңесшілерінің күйеулеріне «Әйелдеріңізді төменге құлдыратпай, биікке көтерілуіне шабыт беріп отырыңыздар. Олар сіздерді байытады.» дейтін.

Мэри Кэй Эш жұмыс уақытында
https://myrouble.ru

Әр жылғы семинар сайын қызметкерлеріне хат жазып, марапаттап отыратын еді. 1980 жылы күйеуі (Мэлвилл Эш) обыр ауруының соңғы сатысына шалдығады. Науқас күйеуіне қарау үшін ол жұмысын тастап үйінде отыруға мәжбүр болады. Бірақ күйеуі ақыры жазылмас дерттен көз жұмады. Осы жылы фирманың саудасы біршама төмендеп кетеді. Бірақ Мэри Кэй Эш берілмей, қайтадан ерекше қарқынмен компанияға оралады. 

Қайтадан рекордтық көрсеткішке жетіп, әр жылы табыстан-табысқа жете береді. 1996 жылы компанияның саудасы 1 миллиардқа жетеді. Осы жылы күйеуінің құрметіне қайырылымдылық қорын құрып, обырдың шығу себебін зерттеуде қаржыландырады. Мэри Кэй Эш сол жылы инсульт алып, сөйлей алмай қалады. Тек компанияның жылдық семинарында қызметкерлеріне «Бұл сендердің де қолдарыңнан келеді!» деген соңғы сөзін айтуға оған құдіретті күш көмектескенлей болды. Мэри Кэй Эш 2001 жылы 22 қарашада, 83 жасында АҚШ-тың Техас штатындағы Даллас қаласында өмірден озды.

Мэри Кэй Эш компаниясы
https://dfw.cbslocal.com

Мэри Кэй Эш кеңестері

1.Жұмысыңызды жоспарлап алып, сол жоспар бойынша әрекет етініз. Адамдар терең ойланудан, алысқа көз тастаудан қорқады. Сіз талантты, білімді болғаныңызбен нақты жоспарыңыз болмаса, бәрібір жеңілесіз. Уақытыңыз бен күшіңізді бекерге жоғалтқыңыз келмейде ғой, солай ма? Онда бұл мақала сіз үшін!

2.Мақсатыңыз болсын. Өміріңізде бір күнді өз қалағаныңыздай өткізгіңіз келетін сәттер болады емес пе? Бірақ бұл немен аяқталады? Ештеңемен! Себебі таңертең ұйқыдан оянғанда тек сол үшін оянатындай нақты мақсат болған жоқ. Айқын мақсаттың болуы – өмірімізді мағынады, пайдалы және бақытты етудің жақсы жолдарының бірі.

3.Тереңнен ойлаңыз. Әлемде аз ғана мақсат үшін көп жұмыс істейтін адамдар жетерлік. Бұл терең ойланбаудың салдарынан. Ұзақ мерзімді мақсат қою, жағдайды тұтасымен көре білу – табыстың басты кілті. Мәселен, жапондықтардың бамбук өсіру кәсібін алайық. Бамбукті отырғызғаннан кейін одан өнім алу үшін төрт жыл керек екен. Фермер жерді төрт жылға жалға алып, егістін баптап жүреді, сол жылдарда ешқандай пайда да көрмейді. Бамбуктер содан кейін ғана тоқсан күннің ішінде алпыс футқа дейін өсіп шығып, өнім бере бастайды. Міне, терең ойлап, ұзақ мерзімді жоспар құра білу керек дегеніміз осы.

4.Өз мақсатыңызға адал болыңыз. Көп адамдар айқын мақсат қоя білгенімен, кейін оны жоғалтып алады. Ондай мақсатты дәл сол уақытқа ыңғайлы және қарапайым мақсаттармен алмастырады да, арман арман күйінде қала береді.

5.Іске кірісіңіз. Өзіңіз құрмет тұтатын адамыңызға мақсатыңыз жайлы айтыңыз. Оның қолдауы мақсатыңыздан бас тартпауға септігін тигізеді.

6.Неге мақсатқа жету қиын? Мақсатқа жету жолында керек нәрсені жасауға өзіңізжі мәжбірлеу қиын. Сол үшін арман-мақсаттарыңызды таныстарыңызға айта жүріңіз. Сонда айналаңыздағы адамдар мақсаттарыңызды әрқашан есіңізге түсіріп отырады.

7.Отбасы мен жұмысты қатар алып жүру керек. Керемет отбасыңыз бар, бірақ оларды жақсы өмірмен қамтамасыз ете алмау да қасірет. Ал керісінше, жақсы жұмысыңыз бар, күш-жігеріңіз бен уақытыңызды тек жұмысқа арнап, отбасыңызды сирек көрсеңіз, бұл да сізді бақытты ете алмайды. Отбасы мен жұмысыңызды қатар алып жүрсеңіз ғана нағыз бақыт пен табысқа жетесіз.