Мысыр халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Мысыр халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Мысыр халқының салт-дәстүрі ғасырлар бойы өзгеріп отырды. Бүгінде Мысыр халқының мәдениеті өте өзгеше болып келеді. Себебі ежелгі өркениетпен  ислам мәдениетінің аралсуынан пайда болды. Елде әр түрлі дінді ұстанатын халықтар бар.

Мысыр елінің жалпы ережесі

Мысырлық  ислам ережелері бойынша өмір сүріп келеді. Мемлекеттік діні ислам бола тұра, мысыр елі зайырлы мемлекет деп саналады. Әйелдерге басқа ер  адамдармен сөйлесуге болмайды және халық көп жерде жалғыз жүруге болмайды. Әйелдер көбінесе хиджаб киіп жүреді. Халықтың көбісі күніне бес рет намаз оқиды. Қасиетті Рамазан айында қоғамдық ұйымдар күніне 2-3 сағат ғана жұмыс істейді.

Мысыр елінің жалпы ережесі
http://egyptfan.ru/

Отбасы жағдайы

Мысыр елінде отбасылық салт-дәстүрлер өте маңызды рөлді атқарады. Мысырлық отбасылар көбісі көп бала асырайды. Соған байланысты әр түрлі ырымдар бар. Мысалы, олар ешқашан аяқ киімінің өкшесін көрсетпейді екен. Күн батқаннан кейін шаш алу жамандыққа әкеледі дейді-мыс.

Ырымшыл ел

Бұл елде шамадан тыс мақтау,  дуалау, азғындату әрекеті деп қарастырылады. Әдетте балаларға ата-аналары ескі киімді кигізеді екен. Сонымен қатар балаларын басқа аттарымен атайды. Себебі “зұлым рухтар” балаға зақым келтірмеуі үшін жасалады екен. Сондай-ақ, балаға қарғыс әкелмеу үшін баланың денсаулығы жайлы сұраған дұрыс емес деп санайды.

Мысыр елінің отбасы жағдайы
http://egyptfan.ru/

Үйлену тойы

Мысыр елінде бұрыңғы замандағындай отбасылар арасында “атастыру” дәстүрі бар. Қалыңдық пен күйеу жігіт тумай жатып, отбасылар өз араларында келісім жасай алады. Көбінесе қыздар өте ерте үйленеді. (13-14 жаста). Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар әйелдерді тек мұсылманға ғана үйленуіне мүмкіндік береді. Ал ер адамдар басқа дін өкілдеріне үйлене алады. Ажырасу рәсімі өте қарапайым, үш куәгерлердің болуы шарт. Исламда ажырасқан әйел қоғам арасында өте қиын жағдайға түседі.

Мысыр елінде үйлену тойы
https://turistim.ru/

Баланың туылуы бүкіл отбасы үшін тамаша мереке. Баланың өмірінің жетінші күні ежелгі дәстүрге және мұсылман салтына байланысты бала сүндеттелуі керек. 9 жасқа дейінгі балалар анасымен бірге тұрады. Одан кейін тіпті ажырасқан жағдайда да олар әкесімен бірге тұруы тиіс.

Қызықты фактілер

Мысырлықтар шылым шекенді, әсіресе кальянды жақсы көреді. Жергілікті шылымның ең танымал түрі Клеопатра деп аталады. Кальянды мысырлықтар «шиша» деп атайды. Саяхатшылар бал, алма, құлпынай немесе шабдалы хош иісімен жасалған кальян түрін байқап көреді. Оның есірткіге еш қатысы жоқ. Демалыс күні — жұма.