Метеороидтар туралы қызықты мәліметтер

Метеороидтар туралы қызықты мәліметтер

Метеороидтар туралы жалпы мәлімет

Метеороидтар ғаламшараралық кеңістікте тозаңдармен бірге мөлшері см бастап ондаған метрге жететін көптеген қатты денелер қозғалып жүреді. Метеороидтер Жермен киліккеннен кейін, оның атмосферасына енеді де, жарық болидтер құбылысын тудырады. Бұл кезде көбінесе олардың шаң-тозаңды із-құйрығы қалып отырады. Сонымен қатар дыбыстық құбылыстар байқалады. Бұл жағдайда метеороидтердің беті 2500-3000 С -қа дейін қызады да,балқып буланып кетеді.

Майда метеороидтар түгелдей тозаңға айналады. Ал ірілері өзінің массасының 90%-ін жоғалтады. Жерге құлаған метеороидтарды метеориттер дейді. Оларды құлаған жерінің атымен атайды.(Мысалы, Тунгус,Сухотэ-Әли т.б.).

Жарық болидтерді бақылағандардың есептерінен және табылған метеориттерден массасы граммдап және килограммдап кездесетін ұсақ метеориодтардың саны көп. Ал массасы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған тонна келетін ірі метеориодтардың мейлінше сирек көруге болады. Орташа алғанда әрбір 40 мың метеориодтың біреуі ғана жер бетіне жетіп метеорит болады. Атмосферадағы шашырандысын ескергенде, Жерге тәулік сайын массасы 10 тоннаға жуық метеориттік зат шөгеді.

Метеороидтар туралы қызықты мәліметтер
https://www.nasa.gov

Зерттеу тарихы

Жарық болидтерді суретке түсіру және олардың ұшу бағыттарын көзбен бақылау, метеориттерді көбірек іздеп табу олардың жер атмосферасына ену жылдамдығын және олардың Жерге түскенге дейінгі кеңістіктегі қозғалған жолын анықтауға мүмкіндік береді. Метеороидтардың көпшілігі Жер атмосферасына секундына 11-ден 25 км/с-қа дейінгі жылдамдықпен енеді. Ал метеориттердің жер бетіне құлау жылдамдығы — секундына 700-900 м/с шамасында.

Қазіргі уақытта жер жүзі бойынша массасы бірнеше ондаған тоннадан бірнеше граммға дейінгі 3000 метеорит жиналды. Ең ірі темір Гоба метеориті 1920 жылы Оңтүстік-Батыс Африканың,Намибия территориясындағы Гобабис қаласы маңынан табылды.Оның пішіні тақта тәрізді, көлемі 3×3 м, қалыңдығы 0,9-1 м-ге дейін,ал массасы — 60 т.

Атмосфера кедергісінің әсерлерінен құрылымы осал тасты метеороидтар бытырап кетеді. Ондай кезде Жер бетіне мөлшері түрліше жарықшақтар,яғни метеорит жаңбыры жауады. Кейде белгілі бір жылдамдықта темір метеорит те бытырап кетеді. Оған 1947 жылы ақпанның 12-нде Қиыр Шығыстағы Сихотэ-Әли таулы қыратында жауған Сихотэ-Әли жаңбыры мысал бола алады.

Аса сирек кездесетін массасы 10^5-10^6 және геоцентрлік жылдамдығы секундына 30 км-ге жақын алып метеороидтар ғаламат кинетикалық энергиясымен атмосфераны тіліп өтеді. Құлаған жерде мөлшері едәуір метеорит қазаңшұңқырлары пайда болады. Мұндай қазаңшұңқырының орбитасының биіктігі 40-тан 50 м-ге дейін жетеді. 

Метеороидтар құрылымы
https://ru.kisspng.com

Тунгус немесе Сібір метеориті

1908 жылы маусымның 30-да таңғы сағат 7-де Тасты Тунгус өзені ауданында Тунгус немесе Сібір метеориті деп аталатын ғаламат метеороид жарылды. Тек 13 жыл өткен соң ғана оны зерттеу басталып, арасына үзілістер салып 1975 жылы аяқталды. Академик В.Г. Фасенков проф.Н.П.Станюкович және басқа бұрыңғы кеңес ғалымдарының зерттеулерімен Жер атмосферасына 30 км/с жылдамдықппен массасы 10^6 т-дан артық алдынан қуатты соққы толқын тудыра отырады екенін анықтаған. Құлаған дене заттың елеулі бөлігі атмосферадан өткен кезде ұсақтанып кетті. Ал оның қалған 10 000 т шамасындай массасы Жер бетінен 7 км биіктікте жарылды. 

Ыстық соқққы толқын болған тұтастығы ағаштарды өртеп, бұтақтарын сындырды және ағаштарды 30 км-ге дейінгі радиусқа шашыратты. Ол жердегі топырақтан диаметрі 0,02 — 0,3 мм-ге дейінгі және массасы 0,001 — 0,2 мг-ға дейін келетін көптеген балқылаған аса майда силикат және металл шарлар табылды.

Метеориттер тек Жерге емес,сонымен бірге басқа ғаламшарларға және олардың серіктеріне де құлап жатады. Ірі метеориттер диаметрі бірнеше ондаған км жететін қазаншұңқырлар ояды. Бұл Меркурийде,Марста,оның серіктерінде,Юпитерде, Сатурнде және Уранда жыпырлаған метеорит қазаншұңқырларының табылуымен дәлелденді.

Тунгус немесе Сібір метеориті
http://nemozhetbit.ru

Метеороидтар құрылымы мен түрлері

Құрылымы мен басты химиялық құрамына қарай метеориттер негізгі 3 топқа біріктірілген. Тасты (олар көп түседі — 92%-ке дейін), теміртасты (2%-ке дейін), және темірлі (6%-ке дейін). Тасты метеориттер әр түрлі минералдан тұрады. Олардың құрамында орташа алғанда 47 %-і оттегі, 21 %-і кремний, 16 %-і темір, 14 % магний және 2 %-і басқа химиялық элементтердің қоспасы бар.

Теміртастылардың 55 %-ке жуығы темір, 19 %-і оттегі, 12 %-і магний және 8 %-і кремний. Темір метеориттердің әдетте 91 %-і темірден және 8 %-і никельден тұрады.Бірақ кейде никельдің саны 50 %-ке дейін көтеріледі. Метеориттерден Жерде белгісіз ешқандай жаңа химиялық элементтер табылған жоқ.

Метеориттердің Жер жынысынан айырмашылығын көрсететін оған тән белгісі балқу қыртысы. Сондай-ақ, айырмашылығы заттың бетіндегі қатып қалған себезгілері мен тамшылары,ауа себезгілері тілмелеген тарам-тарам ұзарыңқы жіңішке науашар болып табылады.

Метеориттерде шамалы радиоактивті элементтердің болуы олардың жастарының 0,5-тен 4,5 млрд. жылға дейін, яғни Жер жасымен бірдей екенін көрсетті. Сондықтан метеориттерді зерттеу Күн жүйесі пайда болар кездегі заттың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.