Меркурий ғаламшарлардың ішіндегі ең шағыны

Меркурий ең шағын ғаламшар

Меркурий туралы жалпы ақпарат

Меркурий диаметрі 4880 км, массасы Жердің 0,056 массасындай. 1947 жылы наурыздың 29-да американ ғаламшараралық «Маринер-10» станциясымен 233000-нан 7340 км-ге дейінгі (станцияның ғаламшармен онан кейінгі екі рет жақындауы кезінде түсірілген суреттерде) қашықтықтан алынған суреттер болды. Суреттер арқылы оның Айға ұқсас екенін көрсетті. Кесекөлденеңдері бірнеше метрден 625 км-ге дейін жететін болып келеді. Кейде тарамдалған жарық сәулелері және орталық шағын таулары бар майда және ірі қазаншұңқырлар көрінеді. Сонымен қатар ұзыннан-ұзақ созылып жатқан (200 км-ге дейін) кең (10 км-ге дейін) алқаптар. Жарылған жерлер биіктігі 2-3 км, ұзындығы жүздеген км ірі құламалар төбелері мен биіктігі 4 км-ге жетеді.

Меркурий ғаламшарының суреті
https://www.nasa.gov

Кейбір қазаншұңқырлардың түптері қатып қалған лавамен көмілген, ондайлар тау қияларында да кездеседі. Кейбір жерінде қатқан қалың лава ағындарынан тау шыңдары қылтиып көрінеді. Ірі қазаншұңқырлардан жан-жаққа тараған жарық сәулелер, шамасы, Айдағы сияқты майда қазаншұңқырлардың жиі орналасақан.Тізбегі мен олардың айналасында шашылып жатқан майда дән тәрізді заттар болуы керек.

Меркурий Күнге ең жақын ғаламшар

Ғаламшардың қарайған аймақтары қуаң дала деп аталған және оларға Гермес жөніндегі ежелгі грек мифологиясындағы есімдермен байланысты. Меркурий — рим мифологиясы бойынша аталған. Афродита қуаң даласы, Атлант қуаң даласы, Гермес қуаң даласы және т.б. деп ат қойылған. Ай теңізіне ұқсайтын дөңгелек пішінді жеті ойпат тегістік деп аталады. Олардың алтауының көлемдері 600 км-ден 980 км-ге дейін, ал жетіншісінікі — 1300 км-ге жетеді.Ол Аптап жазығы делінеді. Өйткені Күн сәулесінің неғұрлым күшті қыздыратын аймағында орналасқан.

Халықаралық келісім бойынша Меркурийдегі ірі қазаншұңқырларға гуманитарлық ғылым мен өнер саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің есімдері берілген.Олардың ішінде Лермонтов, Низами, Пушкин,Репин,Чайковский, Чехов, Шевченко және басқа есімдері бар.

Меркурий ғаламшарының суреті
https://ria.ru

Ғаламшар фазаларының анық ажыратылуы,бет-бедері мен таулары көлеңкесінің анық та айқын көрінуі Меркурийде атмосфераның жоқтығын дәлелдейді.Жерден жасалған радиолокациялық бақылау Меркурийдің ілгері қарайғы бағытта P = 58,65 жер тәулігі мезгілінде бір айналып шығатынын тұжырымдады. Бұл оның Күн төңірегіндегі айналым мерзімінің дәл үштен екісіне тең. Ғаламшардың айналу мерзімі оның жұлдыздық тәулігінің ұзақтығын көрсетеді. Ол күндік тәуліктен күн мен түннің ұзақтығынан немесе екі талтүс аралығындағы уақыттан әжептеуір өзгеше. 

Ұзақ күнде ғаламшардың экваторлық аймағының беті 480 С-қа дейін, ал қоңыржай аймағында — 340 С-қа дейін қызады. Түнде ғаламшар беті — 180 С-қа дейін суиды. 

Меркурийдегі магнит өрісі Жердікінен 150 есе аз екені анықталды. Магнит өрісінің болуы ғаламшардың орташа тығыздығымен астаса отырып, онда тығыз темір ядросының бар екенін дәлелдейді. Оның кесекөлденеңі ғаламшардың 0,75 диаметріндей. Яғни 3660 км шамасында. Ғаламшар қыртысының қалыңдығы 600 км-ге жақын. Ғаламшар радиосәулесі көп емес. Меркурийдің серігі жоқ.