Мальдив мемлекетінің әдемі және сұлу жерлері

Мальдив мемлекетінің әдемі және сұлу жерлері

Мальдив аралдары Үнді мұхитында орналасқан. Көптеген адамдар Мальдив аралына табиғат сұлулығы мен керемет жағажайлар үшін барады. Онымен қоса мемлекеттің өзінде керемет әдемі жерлер бар. Осы мақалада сол жерлер туралы айтамыз.

Мальдив астанасы Мале

Мальдив астанасы — Мале  әлемдегі ең кішкентай қалалардың бірі. Халықтың саны да өте аз. Оның ұзындығы 2,5 шақырым, ені 1 км болып келеді. Оның басты көрікті жері алтын күмбезбен безендірілген «Хикукру Мискиу» мешіті. Аралдағы ең үлкен мешіттердің бірі. Оған бірден 5000-нан астам адам кіре алады. 

Масджид Аль-Султан

Масджид Аль-Султан Мухаммад Тукуруфану аль-Аузам Малайзиядағы ислам орталығы. Негізгі танымал  және ең үлкен мешіт.Онда  6 қабатты ғимаратта кітапхана, конференц-зал және Ислам істер министрлігі бар.

Мальдив мемлекетін Ислам орталығы
https://tripmydream.com

Президент сарайы Мулиаге

1906 жылы Мале қаласында салынды.Колониалдық  үлгідегі ғимарат. Құрылыс ұлы Сұлтан Мұхаммед Шамсуддин III бұйрығымен басталды. Бірақ 1936 жылғы төңкерістен кейін ол мемлекеттік меншікке ауыстырылды.

openarium.ru

Мальдив ұлттық мұражайы

Бұрынғы сұлтанның резиденциясында Мале қаласында орналасқан. Колониалды үлгісінде жасалған. Үш қабатты ғимараттың әр қабатында түрлі  тақырыптарға байланысты көптеген экспозициялар бар.

Мараду аралы

Көрнекті жергілікті ландшафттармен қатар, Ұлыбританияның теңіз базаларының қалдықтарын көре аласыз. Тағы бір орын бұрынғы ағылшын түрмесі болған Бондаг немесе Үлкен үй ғимараты.

Мальдив мемлекетінің Мараду аралы
https://tripmydream.com

Тилафушу аралы

Мемлекеттің ең әдемі аралдардың бірі. Бір қызығы арал қоқыстардан тұрғызылған. Мале қаласының қоқысымен жасалған арал.

Хулул аралы

Аралдың негізгі тартымдылығы — оның аумағында әуежайдың орналасуы. Көптеген адамдар ұшақтан түскеннен кейін жергілікті курорттарда қалады.

RuTraveller

Медузияраи мазары

Мазар мұсылман саяхатшысы Әбу әл-Баратат Юсук әл-Барбаридің қабірін тұрғызатын Хукуру мешітіне қарама-қарсы орналасқан. Саяхатшыны өте құрметтейді. Себебі 1153 жылы мемлекетке ислам дінін  әкелді.