Майнинг қалай жұмыс істейді және оның түрлері

Майнинг туралы ақпарат

Майнинг деп Bitcoin немесе басқа криптовалюталарды өндіру немесе іздеп табу болып табылады. Майнинг басқа ақша өндіретін құралдармен шатастыруға болмайды. Себебі криптовалютаны іздеп табудың өзіндік ерекше функциясы бар.Осы мақалада біз майнингтін жұмыс істеу принципімен және оған жалпы шолу жасаймыз.

Майнинг қалай жұмыс істейді?

Майнинг негізі ағылшын тілінен аударғанда Mine — өндіру деген мағынаны білдіреді. Биткоин немесе басқа криптовалютаны табу үшін майнингті қолданамыз. Егерде биткоин туралы білмесеңіз. Оны осы мақаладан оқып алаласыз:

  Биткоин немесе криптовалюта дегеніміз не? 

Майнинг негізі Блокчейн технологиясы арқылы жұмыс істейді. Блокчейн дегеніміз кез келген операцияларды белгілі блоктарға бөліп жұмыс істеуі. Ал майнингтін өзі кез келген компьютер арқылы жасауға болады. Майнер(криптовалюта табушы адам) биткоин немесе криптовалютаны табу өте мықты компьютер немесе процессор керек. Себебі барлық блокчейн операциясы процессор арқылы өтеді. Блокчейн технологиясы әлемдегі кез келген процессор арқылы жүреді. Майнер электронды цифрлық қолтаңбаны (хэш) табу үшін арнайы есептеулерді орындау үшін процессор қуатын пайдаланады. Сол Цифрлық қолтаңбаны «тапқан» үшін майнерге  криптовалюта  сыйақы түрінде беріледі. Майнинг арқылы қауіпсіз транзакция жүргізе алуға мүмкін болады. 

Майнинг жұмыс істеу принципі
https://prostocoin.com

 Bitcoin және басқа да көптеген криптовалюталар үшін бұл эмиссияны ұлғайтудың жалғыз жолы. Майнингтың басты мақсаты осы. Алғашқы сатыларда кез келген адам процессордың қуатын пайдаланып  майнингпен айналыса алатын.Бірақ қазір ол жеткіліксіз кем дегенде мықты процессор керек. 

Сатоши Накамото  2009 жылы Bitcoin-ды ойлап тапты. Және оған белгілі сан эмиссия белгіледі. Ол максималды 21 000 000 BTC(биткоин) болды.Қазір сол бар биткоиндарды әлемде барлық майнерлер іздеп өндіруде. Болжам бойынша, барлық биткоиндар  22 ғасырдың ортасында өндіріліп болады.

Майнинг түрлері

Майнинг жұмыстарын қолданылатын құралы байланысты ажыратуға болады. Негізгі түрлері:

1. Компьютерлік процессорлардағы өндіру (CPU). Криптовалютаны өндірудегі  тиімсіз тәсілі болып табылады. Monero сияқты криптовалюталарды ғана өндіруге болады.  Бірақ тіпті қуатты компьютерлер де нақты табыс әкелмейді.

2. Видеокарта арқылы өндіру (GPU). Көптеген криптовалюталарды осы арқылы өндіруге болады. Соның ішінде эфир,dash-ты өндіруге болады. Radeon немесе GeForce видеокарталарын қолданған тиімді. Тұрақты режим арқылы криптовалюталарды өндіруге мүмкіндік бар.

3.ASIC арқылы. Криптовалютаны шығарудың тиімді тәсілі болып табылады. ASIC — арнайы архитектурамен жасалған процессорлар.Майнингке арналған болып табылады. Мұндай құрылғыларда өтемақы жоғары деңгейі бар және оларды сақтау оңай. Бірақ бір жаманы тез арада істен шығып қалады.

Майнинг түрі
https://prostocoin.com

4.Ферма. Ферма ол  қуатты графикалық видеокарталарды (GPU) біріктіру арқылы жұмыс істейді. Бір немесе бірнеше компьютерге қосылу арқылы. Бұл жоғары тиімділікті көрсетеді. Ал жабдықтар шынымен қайталама нарықта сатылады. Майнерлер  санының артуы видеокартаға деген сұраныстың артуына әкелді. 

5.Бұлтты(Облачный) Майнинг.Бұл дегеніміз кез келген фермадағы процессорды жалға алу арқылы жүзеге асады. Мысалы айы белгілі бір процессорге ақша төлеп отырсам болғаны.Ал қалған процессордың тапқан пайдасы тікелей өзіне түседі. Бұл әдіс тиімділігі бұлтты майнинг жұмыстарының тарифтеріне, ағымдағы тарифке және желі күрделілігіне байланысты.

Басқада көптеген майнинг түрлері бар. Мысалы Телефон,Браузер,HDD арқылы. Бірақ олардан ешқандай пайда болмайды. Оны көбінесе хакерлер қолданады. Адамдардың компьютерлеріне немесе телефондары белгісіз майнингті орнатып криптовалюта тауып жатады. Сондықтан ондай жағдай болмау үшін белгісіз сайттардан ештеме жүктемеңіз(скачивать)!!!

https://prostocoin.com

Майнинг туралы деректер

Қазір Майнингпен айналысу тиімді ме? Нақты жауап бере алмаймын. Себебі ол әр түрлі факторларға байланысты:

Криптовалюта курсы;

Электр энергиясына  кететін тарифтер;

Жабдықтардың(процессор,видеокарта) құны;

Жабдықтың өнімділігі;

Криптовалютадағы техникалық өзгерістер.

Бұл бизнестін бір кемшілігі белгісіздік болып табылады. Тіпті тәжірибелі инвесторлар да осы саладағы пайдаға кепілдік бермейді. Әр дайым ұтыс майнингте жоқ.Сондықтан майнингпен айналыспай тұрып жақсылап ойлану керек.