Магнит өрісі мен ғарыш сәулелері туралы мәліметтер

Магнит өрісі мен ғарыш сәулелері туралы мәліметтер

Магнит өрісі мен ғарыш сәулелерінің зерттеу тарихы

Магнит өрісі мен ғарыш сәулелерін алғаш байқаған астрофизиктер Г.А.Шайн (1892-1956) және В.Ф.Газе (1899-1954) болды. Фототүсірілімді пайдалана отырып, жұлдызаралық кеңістікте магнит өрісінің бар екенін білдіретін аса ұзын шашақты құрылымды толып жатқан газды-сутекті тұмандықтарды ашты. Шынында, магнит өрісі иондалған газдың индукция сызығына кесекөлденең таралуына кедергі келтіреді. Бірақ оған олардың бойымен таралуына бөгеті жоқ. Галактиканың магнит өрісі осылай ашылған, арнайы әдістермен дәлелденді.

Магнит өрісі мен ғарыш сәулелері туралы мәліметтер
http://spacegid.com/

Жалпы мәліметтер

Жердің жасанды серігіне орнатылған аппарат барлық бағытта шамамен біркелкі келетін электрмен зарядталған бөлшектердің ағынын тіркейді. Яғни олар Галактика алып жатқан барлық кеңістікке енеді. Бұл ағындар ғарыш сәулесі деген атқа ие болды. Олар орташа алғанда 92 %-ке жуығын алады. 7 % гелий ядросынан, 1 % электроннан және басқа химиялық элементтер ядроларының мардымсыз қосындысынан тұрады. Бөлшектердің шапшаңдықтары жарық жылдамдығына жақын және 200 000 км/с-тан асып кетеді.

Магнит өрісі мен ғарыш сәулелері жалпы мәлімет
http://spacegid.com/

Осындай жылдам қозғалғыш электрмен зарядталған бөлшектер (релятивистік) магнит өрісінің әсерінен тежелген кезде олар радиотолқын шығарады. Олардың ішіндегі Галактиканың магнит өрісінде қозғалатын релятивтік электрондар метрлік радиотолқын таратады. Оларды алғаш рет К.Янский тауып, Г.Ребер зерттеді. Осындай радиотолқындар Шаян тәрізді тұмандықтан да және басқа аса жаңа жұлдыздар оталысынан кейінгі қалдықтардан да қабылдануда. Бұл асқын жаңа жұлдыздардың оталысы кезінде элементар бөлшектердің ғаламат жылдамдықпен лақтырып, ғарыш сәулесі ағынын толықтыратын және галактикалық магнит өрісі болатынын көрсетеді.