Лионель Месси дарынды футболшы,Барселона ойыншысы

Лионель Месси

Лионель Месси балалық шағы

Лионель Месси – қарапайым фабрика қызметкері Хорхе Месси мен шағын мекеменің еден жуушысы Силияның отбасында дүниеге келген төрт перзенттің кенжесі. Оның Родриго және Матиас есімді ағалары, Мария Соль атты әпкесі бар. Лионель Месси 5 жасынан-ақ әкесі жаттықтыратын «Грандоли» командасында ойнай бастады. 

Ал 1995 жылы талантты жасөспірімнің талабына қызыққан кергілікті, яғни росариолық «Ньюэлл Олд Бойз» кәсіпқой футбол клубы оны өз құрамына шақырды. Балақай 10 жас толғанда дәрігерлер оның ағзасында соматотропиннің (бойдың өсуіне қажетті гормонның) жетіспеушілігі бар екенін ыңғарады. Оны емдеу үшін айына 900 долларды дәрі-дәрмекке жұмсау қажет болады. Әуелде оның бәрін өз мойнына алған клуб бірте-бірте бұл жағдайды өзі үшін артық шығын санай бастайды.

Лионель Месси бала кезі
https://uznayvse.ru

Лионель Месси мен Барселона

Міне, осы кезде құйтқандай аргентиналық талант туралы дақпырт Испанияға да жетеді. Себебі бұл елдің Барселона қаласы орналасқан Каталония аймағында Мессилердің туыстары тұратын еді. Солар арқылы бар әңгімеге қаныққан «Барселона» клубының спорт директоры Карлес Рексач жасөспірім футболшының әкесіне арнайы шақырту жібереді. Сөйтіп, қарапайым жұмысшы Хорхе 11 жасар баласы екеуі Испанияға келіп, келіссөз жүргізеді. Нәтижеде Лионель «Барселонаның» жастар командасына қабылданады, ал оның емдомын клуб түгел өзі төлеуге келіседі.

 Жасөспірімнің айрықша дарынын байқаған испандықтар онымен 2012 жылға дейін шарт жасасады. Ол үшін дене күш-қуатын дамытатын арнайы бағдарлама түзіп береді. Лионель Месси жатпай-тұрмай жаттыға бастайды. Соның әсері болар, ол 16 жасында-ақ «Барселонаның» жастар командасының негізгі ойыншысына айналады. Тіпті алғашқы матчында ол қарсы команданың қақпасына 5 доп соғады! Жалпы, командадағы тұсаукесер футбол маусымында тума талант 30 ойын өткізіп, қақпаға 35 доп енгізеді.

https://uznayvse.ru

"Болашақ Мародона"

Жалғыз ғана кемшілік: қанша уақыт ем-дом жасаса да, оның бойы сол күйі өсе қоймады, бар-жоғы 170 см-ден аспады. Алайда, бой өспегенмен, ой өсті. Л.Мессидің ойын мәнерін көргендер оны «болашақ Марадона», «Рональдинионың ізбасары» деп бағалай бастады. Расында да, оның доп жетектеуі, кез келген қарсыласты керемет жылдамдықта алдап өте алуы, қажет кезде әріптесіне аса ыңғайлы ғажап пастар шығара білуі көп ұзамай футболға жаңа жұлдыздың келетінін байқатқандай еді.

 Ол уақыт та көп күттірген жоқ. «Барселонаның» негізгі құрамына 2005 жылы өткен Лионель Месси бір жыл ішінде-ақ өзін көпшіліккке мойындата алды. Оның каталондық туыстары бар екенін негіз еткен Испания футбол федерациясы Мессиді ұлттық құрамада ойнауға шақырады. Алайда, ол өзінің туып-өскен Отаны – Аргентинаны таңдады. Сол жылы Голландия жерінде ұйымдастырылған  жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында аргентиналықтар жеңімпаз атанды. Лионель  доп соғып, турнирдің үздік мергені және таңдаулы ойыншысы болды.

Лионель Месси
https://uznayvse.ru

Аргентина құрамасы

Аргентина ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын Лионель Месси 2005 жылдың 4 тамызында Венгрияға қарсы өткізді. Алайда, 70-минутта әріптесін алмастырған ол небәрі үш минуттан соң қызыл карточка алып, алаңнан қуылды! Құдай оңдағанда, бұл тек жолдастық кездесу болатын. Ал оның ұлттық командадағы тұңғыш ресми матчы – сол жылдың 3 қыркүйегіндегі Парагваймен болған ойын еді. Л.Месси 2006 жылғы әлем чемпионатында 3 ойын ойнап, 1 гол соқты (Сербия құрамасының қақпасына).  2010 жылғы доп додасында да Лионельдің алтын кубок алуға деген үмітін немістер үзді (0:4). Ал 2008 жылы Лионель Бейжің Олимпиадасына қатысып, алтыннан алқа тақты. Финалда олар Нигерия құрамасын 1:0 есебімен жеңді, жалғыз голды Мессидің пасынан соң Анхель Ди Мария соқты.

 «Барселонада» барлық мүмкін делінген жүлденің бәрін алып біткен ол – қазір ЮНИСЕФ ұйымының Халықаралық ізгі ниет елшісі, сондай-ақ Adidas, Stockman, A-Style, Mirage, el Banco Salbadell, YPF, MasterCard, Garbaino, Xbox, McDonald’s, Danone, Pepsi, Movistar компанияларының негізгі жарнамалық бейнесі.