Леонардо Ди Каприо танымал американдық актер

Леонардо Ди Каприо танымал американдық актер

Леонардо Ди Каприо балалық шағы

Леонардо Ди Каприо 1974 жылдың қараша айында Лос-Анджелесте дүниеге келді. Болашақ актердің ата-анасы Джордж Ди Каприо мен Ирмелин Инденбиркен бір жылдан кейін ажырасып кетті. Әкесі суретші әрі комикс таратушысы болған. Анасы баласын жалғыз асыраған. Сонымен қатар Леоның тәрбиесіне сүйікті әжесі Елена Смирнова көмектесті.  Баланың атын анасы Леонардо да Винчидің мұражайын аралаған кезде қойды. 

Леонардо бала кезінен бастап актер болуды армандаған. Леонардо Ди Каприо кино әлеміне қадамын жас кезінен бастаған. Екі жасында жас актер телевизиялық эпизодқа түскен. Жасөспірім кезінде Лео актерлік шеберлігін шыңдау үшін арнайы актерлік курстарға барады. 4 жылдан кейін  Лос-Анджелестегі университеттің театр факультетінде оқыды.

Леонардо Ди Каприо балалық шағы
https://24smi.org/

Фильм

Леонардо Ди Каприоның кинематографиялық өмірбаяны жарнамадан басталды. Болашақта актер балалар мен жасөспірімдерге арналған ондаған жарнамада ойнады. Танымал «Санта-Барбара» сериалында Леонардо ди Каприо кішкентай эпизодтық рөлін сомдады. 1991 жылдан бастап киноға шынайы түсе бастады. Леонардо комедиялық «Зубастик 3» фильмінде ойнады. Одан кейін «Жизнь этого парня» атты фильміне түсті. Мұнда жас актер алғашқы рет экранның жұлдызы Роберт Де Ниромен бірге жұмыс істеді.

1995 жылдан бастап Леонардоны танымал еткен фильмдер пайда болды. Ең алдымен “Быстрый и мертвый” фильмі ол жерде Рассел Кроу және Шэрон Стоунмен бірге жұмыс істеді. Леонардо Ди Каприо «Ромео + Джульетта» фильмінде пайда болғаннан кейін, голливудтың жаңа жұлдызына айналды.

https://24smi.org/

Леонардо Ди Каприоны әлемге әйгілі жұлдыз еткен «Титаник» фильмі болды. Бұл фильмде басты рөлдерді Ди Каприо мен Кейт Уинслет ойнады. Кейіннен «Титаник» 11 Оскар сыйлығын алды. Оскар сыйлығы туралы мына мақаладан оқи аласыз: Оскар сыйлығының пайда болу тарихы мен дамуы 

Ди Каприо 6 рет Оскар сыйлығына ұсынған. Бірақ оның бесеуі сәтсіз болды. Тек 2016 жылы “Выживший” фильміндегі рөлі үшін Оскар сыйлығын иемденген. Сонымен қатар, актер People журналының «әлемдегі 50 ең әдемі адамдар” тізімінде енген болатын. 

Фильмдер тізімі

1988 – «Розанна»

1990 – «Санта-Барбара»

1993 – «Жизнь этого парня»

1996 – «Ромео + Джульетта»

1997 – «Титаник»

2000 – «Пляж»

2002 – «Банды Нью-Йорка»

2002 – «Поймай меня, если сможешь»

2004 – «Авиатор»

2012 — «Джанго освобожденный »

2013 – «Великий Гэтсби»

2013 – «Волк с Уолл-стрит»

2015 – «Выживший»

2019 – «Однажды в Голливуде »

Леонардо Ди Каприо фильмдер тізімі
https://24smi.org/

Леонардо Ди Каприо жеке өмірі

90-шы жылдары Леонардо Дат моделі  Хелена Кристенсенмен кездесті. Біраз уақыттан кейін басқа модель Жизель Бюндхенмен жүрді. 2011 және 2012 жылдары тағы басқа моделдер Блейк Лайвли және Эрин Хизертон болды. Бұл романдар өте тез және көпке созылмады. 2014 және 2015 жылдары актер Германияның моделі Тони Гаррнмен кездесті. 2015 жылдың қыркүйек айының соңында ДиКаприо қоғамдық іс-шараларда қайтадан пайда болды. 2017 жылдың мамыр айында американдық журналисттер актерді басқа даниялық супермодель Нина Агдалмен көрген.