Латвия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Латвия мемлекетінің ең 10 әдемі жерлері

Латвия дамыған және ғажайып табиғатымен танымал мемлекеттердің бірі. Ол елде жазықтар, төбелер, алқаптар және өзендермен өте көп кездеседі. Керемет ормандар, батпақтар және таза мөлдір көлдер жетерлік. Бұл табиғатты жақсы көретін, дәстүрлерді құрметтейтін және жергілікті мәдениетке қызығушылық танытатын туристер үшін керемет ел.

Латвия астанасы Рига

Рига балтық елдеріндегі ең үлкен және жарқын астаналардың бірі. Готикалық шіркеулер мен ғажайып көркем құрылыстар, әлемдік деңгейдегі асханалары бар мейрамханалар т.б. көптеген сәулеттерге толы.

Латвия астанасы Рига қаласы
https://www.latvia.travel/

Рундаль сарайы мен мұражайы

Көпшілік ғимараттар 1765 жылдан 1768 жылға дейін жасалды. Мұнда сарайда Берлин мүсінші Иоганн Михаэль Граф және Санкт-Петербургтан келген итальяндық сәулетші Франческо Мартини және Карло Цукки жұмыс істеді.Сарайдың шығыс ғимаратында келушілер үшін Алтын Зал, Ақ зал және Ұлы Галерея ашық. Орталық ғимаратта салтанатты салондар мен жеке пәтерлер бар.

Латвия елініндегі Рундаль сарайы мен мұражайы
https://www.latvia.travel/

Юрмала

Ригадан 20 минуттық жерде бірегей теңіз курорты Юрмала бар. Ойын-сауық, жағажай және СПА-центрда (балшық ванналары бар) массаж алып демалуға болады. Сондай-ақ, Юрмалада табиғатпен рахаттанып, қарағаймен жабылған жағалауға барып, таңғажайып ағаш үйлерді тамашалай аласыз.

https://www.latvia.travel/

Гаяу ұлттық паркі

Гауя ұлттық паркі демалу үшін тамаша орын. Жолдары маңайынан  ортағасырлық сарайларды тамашалауға болады. Сонымен қатар экстремалды ойын-сауықтар бар. (Тауда арқаннан секіру, парашютпен секіру т.б.).

Кулдига

Кулдига қаласы әдемі ағаштан жасалған сәулет өнерінің сәнділігі болып табылады. Еуропадағы ең кең сарқырамалар, сондай-ақ тамаша мейрамханалар мен қонақ үйлері бар.

Латвия мемлекетінің әдемі жерлері. Кулдига
https://www.latvia.travel/

Тураида мұражай қоры

Дәстүрлерді сақтау қоймасы болып табылатын ең қолайлы жер Сигулдаға жақын орналасқан Тураида мұражайы. Латвия тілінен  аударғанда «Тураида» сөзі «Құдайдың бағы» дегенді білдіреді. Ортағасырлық қорғандар және қызықты елді мекендерге толы мұражай қоры.

Цесис

Цесис қаласы бұл хипстер мәдениеті мен көне тарихтың керемет қоспасы.Ежелгі қаланың ортағасырлық өмірдің атмосферасына назар аударуға болады.Сондай-ақ жайлы кафелердің бірінде демалып, өнер және мәдениет әлемінен түрлі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік бар.

Латвия мемлекетінің ең әдемі жерлері. Цесис
https://www.latvia.travel/

Лиепая

Лиепая қаласы «Жел пайда болған қала» деп танымал. Дәстүрлі емес көрікті жерлермен порттық қоныстары бар. Құрылысы ортағасырлық сәулеттен бастап  кеңес дәуіріндегі қатал әскери үйлерге дейін бар. Лиепая көне қалалардың бірі. 

Латгале

Латгале қаласы Латвияның шығыс аймағында орналасқан. Қала тосынсыйларға толы: мұнда аңызға айналған суретші Марк Ротконың мұражайы бар. Ол жерден әсерлі Aglona Basilica-ны көруге болады.  Көлдің таңғажайып сұлулығы, керемет дәстүрлері, ежелгі қолөнер және Латгалендіктердің қонақжайлылығы осы аймаққа шынымен ұмытылмас сапар жасайды.

https://www.latvia.travel/

Вентспилс

Қала Курземедің батысында Балтық теңізінде орналасқан. Және Вента өзені оның атауын алады. Қаланың сыртқы жағында ескі қала, орман алқаптары мен көгілдір жағажайлары бар. Олар таза алаң мен жақсы су сапасымен танымал.