«Көліктер» мультфильмін қалай жасаған?

Көліктер

Толықметражды, анимациялық «Көліктер» мультфильмдері – әлемге әйгілі «Wolt Disney Pictures» және «Pixar» анимациялық комедияның режиссері – америкалық аниматор Джон Алам Лассетер. Ол 1988 жылы «Қалай ойыншық» атты қысқаметражды мультфильмі үшін «Оскар» сыйлығымен марапатталған. Сондай-ақ, Джон Лассетер – «Pixar», «Walt Disney Animation Studios» студияларының директоры және «Pixar» студиясының негізін қалаушы.

"Көліктер" мультфильмінің ерекшелігі

Бұл мультфильмде көліктердің адам бейнесінде кейіптелгенін көреміз. Өзге мультфильмдегі картиналардан ерекшелігі – мұнда кейіпкерлердің көздері автомобильдің фарларында емес, алдыңғы әйнегінде орналасқан. Мұндай нұсқа MGM студиясының «ONE Cab’s Family» және Дисней студиясының «Susie the Little Blue» атты қысқаметражды мультфильмдерінде де қолданылған екен. 

Бұл туралы картинаның дизайнері Боб Поли былай дейді: «Жобаны бастағаннан-ақ Джон Лассетер көзді алдыңғы әйнекке орналыстыруды ойластырған. Бір жағынан, бұл біздің кейіпкерлерімізді бұрыннан қалыптасып қалған нұсқалардан ерекшелеп тұрады. Әдетте бұрынғы мультфильмдерде автомобильдің көздері оның алдыңғы фарларында ораналастырылушы еді ғой. Оның үстіне көздің ауызға жақын орналасуы кейіпкерді жыланға ұқсатып жібереді деп ойлады ол. Ал, көздің алдыңғы әйнекке орналасуы кейіпкердің кейпін ашып, оны анимацияда көбірек пайдалануға мүмкіндік береді екен.»

Көліктер
https://goldvoice.club

Расымен де, егер сіз мультфильмді көрген болсаңыз, бұл ерекшелікті бірден байқар едіңіз. Көліктердегі ақсиған аппақ тістерде де – бұрын-соңды болмаған бейне. Бейне демекші, мультфильмдегі басты кейіпкерлердің бірі – 95 нөмірлі, қызыл түсті МакКуин есімді (лақап аты «Найзағай») көлік есіңізде ме? Бұл басты кейіпкердің есімін «Pixar» студиясының 2002 жылы қайтыс болған беделді мультипликаторы Гленна МакКуиннің құрметіне қойыпты. 

Ал, МакКуин өзінің 95 нөмірін 1995 жылы шыққан ойыншықтар тарихына байланысты алған екен. Жалпы, бұл фильмнің өндірістік шығынына 120 миллион доллар көлемінде қаржы жұмсалған. Дегенмен, бұл мультфильм әлем бойынша жалпы мөлшері 461 миллион доллар табыс түсірген. Фильм әлемдік кинопрокатқа 2006 жылдың маусым айында шыққан.

"Көліктер" алғашқы қазақ тілінде сөйлеген голливудтық мультфильм

Бұған дейін де 47 тілге тәржімаланған туынды ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылған. Басылымдарда келтірген дерекерге сүйенсек, дубляж жасаудың өзіне 15 миллион теңге жұмсалған екен. Мультфильмді тікелей ағылшын тілінен аудару да, оны қазақ тілінде дыбыстау да оңай іс болмағаны айтпаса да түсінікті. Тіпті, мультфильмнің атын аударудың өзіне мамандар бірақ бас қатырған көрінеді. 

Себебі, «Көліктер» деген қазақша атау тартымдылығын жоғалты алмас па екен? деген де ойлар аудармашыларды мазалаған. Мультфильмнің атауына байланысты 40-қа жуық ұсыныс айтылса да, «Тачки» атауы сол күйі аударылмай қалған. Мультфильмнің қазақ тілінеде жарыққа шығуына тікелей мұрындық болған «Болашақ» қауымдастығы, «Меломан» компаниясы және «Алтын қыран» қайырымдылық қоры екенін айта кеткеніміз жөн.

http://txapela.ru

Ал мультфильмді дыбыстауға қатысқысы келетін әртістерге кастингтен өту өте қиын болған. «Мен» деген актерлердің өзі алғашқы сынақтан-ақ сүрінген. Сол себепті режиссерлер кастингті қайта ұйымдастыруға мәжбүр болған. Өйткені, «Disney» мен «Pixar» студиясының әртістерге қояр талабы өте жоғары. Мәселен, мультфильмді толық дубляждау үшін қырықтан астам жеке дауыс керек болған.

 Дегенмен, ақырғы сынақтан соң, кербез кейіпкер Холлидің дауысын дыбыстау М.Әуезов атындағы драма театрының актрисасы Күнсұлу Тұрғынбекқызына, басты кейіпкерлердің бірі, балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған Мэтрдің дауысын дыбыстау актер Азамат Қанапияға, ал мақтаншақ «Найзағай» МакКуиннің дауысын дыбыстау актер Нышанбек Жұбановқа, сондай-ақ жаңа кейіпкерлердің бірі, тыңшы Финді дыбыстау актер Бақытжан Әлпейісовке бұйырған. Бұл актерлердің дауыстары алдымен Мәскеуде, одан кейін Лос-Анджелесте тыңдалып, сынақтан өткен. Ал, фильмнің дубляжі Алматы қаласындағы қазақстандық «Синема Тон Продакшн» студиясында жасалған.