Күн туралы жалпы мағлұматтар мен деректер

Күн туралы жалпы мағлұматтар

Күн — Жердегі тіршіліктің көзі. Ол жарық,жылу береді. Барлық өсімдік пен хайуанаттар әлемінің өмір сүруіне мүмкіндік жасайды. Күн — табиғатта бар сансыз көп жұлдыздардың бірі ғана. Күнге өзіміздің жақындығымыздың арқасында біз онда өтіп жатқан процестерді зерттей аламыз.

Күн - ішкі құрылымы

Күннің ішкі жағын қарап көріп зерттеу мүмкін емес. Сондықтан оның құрылымы жөніндегі мәліметті физиканың неғұрлым жалпы заңдарын пайдаланып,теориялық талдау негізінде аламыз. Күннің массасы,радиусы,жарқырауы сияқты сипаттамаларын пайдалана отырып біле аламыз.

Күн ұлғаймайды және сығылмайды да,ол  тепе-теңдік қалыпта болады. Өйткені Күнді сығуға тырысатын гравитациялық күшке іштен әсер ететін газ қысымының күші кедергі келтіреді. Күн затын сипаттайтын барлық параметрлер оның әр бөлігінде бірдей деп санай келе,Менделеев- Клапейрон заңын пайдаланып екі жартының шекарасындағы газ қысымын анықтауға болады.

Күннің ішкі жағындағы тығыздық та,температура да оның центрден қашықтығына сәйкес өзгереді.Сонымен Күннің орташа температурасы 8 *10^6 К-ге жақын. Ал Күн бетінде 6000 К-ге тең болуы керек. Күн температурасы тереңдікке байланысты өзгереді.

Күн ішкі құрылымы ағылшынша
https://www.studyladder.com

Термоядролық реакциялаар Күннің орталық аймағында 0,3 R радиуста белсендірек өтіп  жатады. Бұл аймақ ядро деп аталады. Сыртқарырақ жатқан қабаттардағы температура термоядролық реакция өтуге жеткіліксіз.

Күн ядросынан бөлінген энергия сыртқа, бетіне қарай екі тәсілмен тасымалданады. Бірінші жағдайда энергия сәуле шығару арқылы,екіншісінде — заттың қызған массасының механикалық қозғалысы кезінде тасымалданады.

Күн энергиясының көздері

Күн өзінің көзге көрінерлік жарығын ұзақ уақыт бойы сақтауы үшін энергияны жарыққа айналдыратын ішкі энергия мен процестері жеткілікті болуы қажет. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Күн 5 млрд жыл шамасында өмір сүрді. Бұл уақыт ішінде оның жарықтығы пәлендей өзгерген жоқ. 

Күн массасына бөлу арқылы бұл уақыт ішінде оның Күн затының әрбір кг 3*10^13 Дж энергия бөлгенін табамыз. Сол кезде неміс физигі Г.Гельмгольц (1821-1894) Күннің энергия бөлуін оның гравитациялық сығымдалуынан деп түсіндіруге тырысқан гипотеза ұсынды. Сығымдалу жылудың бөлінуіне және Күн заттарының потенциалдық энергиясы қорының азаюына әкеледі. Алайда қарапайым есептеулер Күннің бүгінгідей жарқырауында оның потенциалдық энергиясының қоры бар болғаны бірнеше млн жылға жететінін көрсетеді.

http://www.planetanovosti.com

Ядролық реакция жүруі үшін бірнеше млн Кельвин температура қажет. Өйткені реакцияға қатысатын электр заряды бірдей бөлшектердің өзара жақындауына электр күштерінің тебуін жеңуге және жаңа бір ядроға бірігуге жеткілікті энергия ала алатындай болуы тиіс.

Есептеулер массасы 1 кг сутегінен термоядролық реакци синтезі кезінде массасы 0,99 кг гелий түзілетінін және 9*10^14 Дж-ға жуық энергия бөлінетінін көрсетті.Егер осы шаманы Күннің 5 млрд жылдық ғұмырындағы әрбір кг сутегі бөлген энергиямен салыстырсақ, ондағы қалған сутегі 150 млрд жылға жетуі тиіс болады.