Күн белсенділігі және күн-жер байланыстары

Күн белсенділігі және күн-жер байланысы

Күн белсенділігі туралы ақпарат

Күн белсенділігі туралы бақылаулар күн дақтарының уақытқа қарай өзгеретінін көрсетті. Күндегі дақ түзілу құбылысының өлшемі Вольф саны болып табылады. Ол Күндегі осы процесті бақылау тәжірибесіне енгізген швейцар астрономы Р.Вольфтің (1816-1893) есімімен аталған. Егер дақтар тобын g санымен, ал дақтардың жалпы санын f арқылы белгілесе, онда Вольф саны W = k(10g + f) болып шығады. Мәселен, егер Күнде дақ болмаса, онда W = 0; егер бір дақ болса, онда W = 11, өйткені бір дақ бір топқа саналады. Егер дақтардың жалпы саны 17-ге тең үш топ болса, онда формула бойынша W = 47.

Дақтарды көп жылғы бақылау нәтижесі олардың белгілі бір уақыт периодына сәйкес заңдылықпен өзгеріске түсіп отыратынын көрсетті. Бұл уақыт периоды шамамен 11 жыл, сондықтан бұл уақыт аралығын период емес, белсенділігінің мүшелі (циклі) деп атаған дұрысырақ. Әрбір мүшелі басында дақтар Күн экваторынан алыста, ± 40® гелиографиялық ендіктерде пайда болады. Содан соң саны артқан сайын дақ түзілу аймағы экваторға жақындай түседі.

Күн белсенділігі туралы ақпарат
https://spacegid.com/

Зерттеу тарихы

Күн белсенділігін 11 жылдық мүшелінің заңдылығын 1844 жылы немістің астрономия әуесқойы Г.Швабе (1789-1875) ашты. Жердің ішкі орбитасынан беймәлім ғаламшар табуды армандаған ол оның проекциясы Күн шартабағынан қара шеңбер түрінде көрінеді деп үміттенеді. Сол үшін 25 жыл бойына Күн дақтарының пайда болуын және олардың санын белгілеп отырды. Ол жаңа ғаламшар таппады. Бірақ есесіне Күн дақтары өзгеруінің 11 жылдық мүшелі болатынын анықтады. Бұдан кейін Р.Вольф 1610 жылы басталған Күн дақтарын телескоппен ұзақ уақыт бақылаудың нәтижелерін пайдалана отырып, табылған заңдылықты бекітті.

Күн белсенділігін зерттеуде астрономия әуесқойлары көп үлес қосады. Олардың Күнді жүйелі бақылаулары астроном-мамандар алған мәліметтер мен нәтижелерді жиі толықтырып келеді. Күн белсенділігінің қатты білінетін кезі Күннің от алуы, яғни Күн дақтары үстіндегі хромосфералардың шағын бөліктеріндегі жарықтың кенет артуы болып табылады. Күннің от алу ұзақтығы әр түрлі және олардың қуатына байланысты. Шамамен шағын жарқылдар 5-тен 4 минутқа дейін созылады.

Күн белсенділігі зерттеу тарихы
https://spacegid.com/

Қызықты деректер

Жердің жасанды серіктерінен зерттеу нәтижесі Күннің от алуы кезінде ультракүлгін сәуле шығатынын, қуатты рентгендік және гамма-сәуле пайда болатынын көрсетті. Ғалымдардың Күннің от алуын және Күнде болатын басқа белсенді процестерді зерттеуге үлкен назар аударуларының себебі, ол құбылыстар Жердің биологиялық құбылысына, Жер атмосферасындағы және Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігіндегі физикалық жағдайларға елеулі әсер етеді. Әсіресе, зерттеу қажеттігі адамның ғарыш кеңістігіне шығуына байланысты арта түседі.