Корей халқының салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары

Корей халқының салт-дәстүрі

Корей халқының отбасы жағдайы

Бұрынғы Корей қоғамында 3-4 ұрпақ бір отбасында бірге өмір сүретін. Алайда, 1960-70 жылдары Кореяда индустрияландыру мен урбанизация жүрді. Мемлекет тез қарқынмен дами бастады және балалардың тууына шектеу қойылды. Елдегі мәдениет өзгере бастады. 1980 жылдардан бері бір корей отбасында екі баладан болды. Корей қоғамында және бүгінгі күнге дейін конфуциандық дәстүр сақталып келеді. Қазіргі кезде жас жұбайлар негізінен ата-аналарынан бөлек тұрады.

Кісі аты

Корей халқының арасында ең кездесетін атаулар көп. Олар Ким (барлық корейлердің 21%), Ли (14%), Пак (8%), Чхве (Цой), Чон, Чан, Хан, Лим және т.б. Корей атауы негізінен бір буыннан және әдетте екі слогдан тұратын тегі болып табылады. Адам тегі бірінші болып айтылады. Кореяда әйелдер некеден кейін күйеуінің тегін қабылдамайды. Бірақ олардың балалары әкесінің аты-жөнін алып жүреді.

Корей халқының тойы
http://koreana-tour.ru

Чере

Дәстүрлі Корей көзқарастары бойынша адам өлгенде оның жаны бірден басқа әлемге бармайды екен. Ол біртіндеп өзінің төрт ұрпақтары өзгергеннен кейін ғана о дүниеге барады.Сол уақытқа дейін қайтыс болған адам отбасы мүшесі деп  санала береді. Сольлаль немесе Чусок  күндері қайтыс болған адамдарды еске алып жерлеу рәсімі болады. Сол рәсімді Чере деп атайды. Корейлер өздерінің ата-бабаларының қамқорлығының арқасында бақытты өмір сүре алады деп санайды.

http://koreana-tour.ru

Корей халқының тәртібі мен тәрбиесі

Корейлер құттықтаулар мен алғыс сөздерге үлкен мән береді. Олар әрдайым жеңіл тағзым етіп сөйлейді. Тағзым етудің өзіндік мағыналары бар.Мысалы жасы үлкен адам болса толық 90 градуста тағзым ету керек.Ол адамға көрсеткен құрметі деп саналады. Кореялықтар эмоцияларын шамадан тыс көрсеткенді ұнатпайды.Бірақ біраз уақытта жақсы қарым-қатынаста болса корейліктер жақын түрде араласады. 

Дәстүр бойынша Корей халқы отырып тамақтанады және  еденде ұйықтайды. Сондықтан корей үйіне кіргенде, әрқашан аяқ-киімді шешу қажет.Үй ішінде егер ақсақалдар болса жалаң аяқпен жүруге болмайды.

Корейлер үшін дәмханаларда астын ақшанысын жасы төмен әріптестері төлейді. Бірақ алайда барлық достары мен әріптестері көмек беруге болады. Бұрын Кореяда тамақтану кезінде сөйлеуге болмайтын. Бірақ бүгінгі күні үстелде сөйлесуге және күлуге рұқсат етілді.

Ханбок

Мыңдаған жылдар бойы ханбок — корейлердің дәстүрлі киімі. Корей мәдениетінің сұлулығы мен әсемдігі ханбокта киінген кореялық әйелдердің суреттерінде тамаша түрде беріледі. Шамамен 100 жыл бұрын Кореяда батыс стиліндегі киім пайда болғанға дейін ханбок кәрістердің күнделікті киімі болған.

Ерлердің киімі чогори және пачжи , әйелдер киімі — чогори және чхима (юбка). Бүгінгі күні ханбок киімдері тек салтанатты және мерекелік жағдайларда ғана киеді.

http://koreana-tour.ru

Ондоль

Дәстүрлі үйлерде  анық белгіленген бөлмелер жоқ. Мысалы, асхана немесе жатын бөлме ретінде қолданылатын бөлмелер жоқ. Мұқтаждыққа байланысты бір бөлме асхана ретінде пайдаланылуы мүмкін.(бұл жағдайда шағын жиналатын үстел орналасқан)

Корейлердің көбісі арнайы төсеніштерге немесе кілемшелерге еденге отыруды және ұйықтауды жақсы көреді. Үйдің бөлмелері еденге салынған арнайы жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұрын бөлмелер ыстық ауа арқылы жылынып, саз қабатындағы құбырлар арқылы таратылды. Қазіргі уақытта су жылыту пайдаланылады. Ыстық су линолеум немесе басқа материалмен жабылған цемент қабатына салынған құбырлар арқылы айналдырады.

http://koreana-tour.ru

Корей тағамдары

 Бұл елдің тағамдары әртүрлі тағам мен қоспалар өнімдерімен танымал. Ежелгі уақытта Корея мемлекеті  ауыл шаруашылықпен айналысты. Онда негізінен күріш өсірілді. Бұл халықтың негізгі тамағы болды. Қазіргі уақытта корей асханасында көкөністер, жемістермен бірге ет пен балықтың әртүрлі тағамдары қолданылады. Кимчи(ашытылған орамжапырақ), чотгаль (тұзды малюскалар мен балық немесе шаяндар) және Tвэнчжан (соя пастасы) сияқты корей өнімдері ерекше дәмі мен жоғары қоректік құндылығы бар.

Корейлік үстелдің ерекшелігі барлық тағамдар бір мезгілде беріледі. Дәстүр бойынша, тағамдардың саны корольдік отбасы мүшелері үшін 12-ден кем емес болуы керек.Осыдан тағамдардың көп болғаны отбасының берекесін көрсетеді. Көрші Қытай мен Жапония елдерімен салыстырғанда Кореяда қасық жиі пайдаланылады. Әсіресе көже тағамдарында көп қолданады.

Корей тағамдары
http://mandarin-travel.com

Шығыс медицинасы

Шығыс медицинасында барлық аурулар өмірлік қуаттың төмендеуі және иммундық жүйенің әлсіреуі салдарынан туындайды деп есептеледі. Иммундық жүйенің әлсіреуі  қандай да бір органның дисфункциясынан емес, тұтастай ауру болып табылады.  Сондықтан шығыс медицинасында  патогендік факторларды жою арқылы емес, ауруларды емдеуге ұмтылады.

Шығыс медицинасының негізгі әдістері емдік шөптерді, акупунктураны (ине шаншу), жусан мен банка  қою әдісін қолданады.