Компьютер қашан және қалай пайда болды?

Компьютер туралы қызықты дерек

Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болыпты. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. Ал, жалпы, компьютер сөзі ағылшын тілінің «to compute», «computer»  сөздерінен шыққан. Бұл сөз «есептеу», «есептегіш» мағынасын білдіреді. 

Компьютер тарихы

Бірінші сандық есептегіш компьютерді алғаш рет 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан. Осы жаңалықтан кейін компьютердің дамуы басталды.Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы XIX ғасырда басталды.»Адамсыз есептеулер автоматының» авторы Чарльз Бэббидж болатын. Оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды. Ал дүниежүзі бойынша алғашқы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған ғалым Ада Лавлейс бірінші бағдарламашы деп саналады.

1927 жылы алғашқы аналогты компьютер АҚШ-та ойлап табылды. Ал 1938 жылы неміс инженері Конрад Цузе Z1 компьютерінің бағдарламаланатын механикалық цифрлық үлгісін құрды. Бірақ ол үлгі ретінде болды және бірнеше жаңартулардан өтті. 1941 жылы машинаның үшінші нұсқасы пайда болды. Кез келген басқа заманауи компьютерге ұқсас Z3, бірақ бәрібір жақсартуларды талап етті. 1942 жылы АҚШ-та электронды цифрлық компьютердің ABC-ті құрылды. Бірақ өнертапқыш Джон Атанасов әскерге дайындалғандықтан, модель аяқталмады. Аяқталмаған модельді Джон Мокли зерттеді және өзінің компьютерін ENIAC құру туралы шешім қабылдады. 1946 жылы ғалым көптеген жылдар бойы жұмысын аяқтады.

Компьютер даму тарихы
https://24smi.org

1946 жылы 14 ақпанда АҚШ  — ENIAC атты әлемдегі алғашқы бағдарламаланатын компьютерді таныстырды. Оның массасы 30 тонна, 18 мың электронды түтікке ие болды. Машина жылдамдығы секундына 5000 операция болды. Бұл компьютерлік модель барлығы 9 жыл жұмыс істеді. Бірінші компьютерлер соғыс жағдайындағы мәселелерді шешуге арналған. Көбінесе АҚШ әскерінде  пайдаланылған. Негізгі мақсат криптография жау елінің есептеу координаталарын табу және т.б. 

Компьютер даму тарихы
https://24smi.org/

Дербес Компьютер қалай пайда болды?

Алғашқы дербес компьютерлерді құру 1970-шы жылдары ғана мүмкін болды. Кейбір энтузиаст адамдар үйде компьютерді жинай бастады. Өйткені  компьютерлердің үйде пайдасы жоқ еді. Ал 1975 жылы алғашқы дербес компьютер — Altair 8800 пайда болды. Ол коммерциялық табысты бірінші компьютер болды. Алғашқы дербес компьютерді құрушы американдық инженер Генри Эдвард Робертс. Ол бірінші компьютерді іске қосқанна кейін жаңа компанияны ашты.( Micro Instrumentation және Telemetry Systems). Altair 8800 дербес компьютерлер дамуының бастамасы болды.

Дербес Компьютер Altair 8000
https://24smi.org

1976 жылы Apple I атты жаппай сатуға және пайдалануға арналған компьютер шығарылды. Apple компаниясы туралы мына мақаладан оқи аласыз:

Стив Джобс әйгілі американдық өнертапқыш

 Apple I  дербес компьютерлерінде алғашында монитор болған жоқ. 1977 жылы бұл жетіспеушілік жойылып, компания мониторлары бар модельдер шығара бастады. 1981 жылы IBM компаниясы өзінің дербес компьютерін IBM 5150 шығарды. Бірақ осы модельдердің ешқайсысы компьютерлік тышқанды қамтыған жоқ. Ол 1983 жылы Apple компаниясы әзірлеген жаңа Apple Lisa-ның бөлігі ретінде пайда болды.

Дербес Компьютер Apple Macintosh
https://24smi.org

Алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың салмағы көптеген тонна болатын және бірнеше бөлмені алып тұратын. Қымбаттығы сонша – мұндай машиналарды ел үкіметтері мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын. Олармен салыстырғанда қазіргі заманғы компьютер біршама қуатты, кішкентай және арзан болып табылады. Дербес компьютерлер жайына келсек, 1990 жылдан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалары компьютері көпшілікке таныла бастады. Алғашқы дербес компьютерді құру арқылы барлық ақпараттық технологияларға өзгеріс алып келді. Ойлап тапқан барлық ғалымдар, инженерлер мен физиктер адамзатты заманауи және керемет өмірлік кезеңге ауыстырды.