Комета құйрықты жұлдыз туралы деректер

Комета құйрықты жұлдыз

Комета шығу тарихы

Бұл аспан шырақтарының аты Комета — құйрықты, немесе сабалақ деген грек сөзінен шыққан. Шындығында жай көзге көрінетін жарық құйрықты жұлдыздардың бірнеше градусқа немесе тіпті,ондаған градустарға жететін құйрықтары болады. Жарық құйрықты жұлдыздар әдетте сирек көрінеді.Орташа есеппен алғанда бір құйрықты жұлдыз 10-15 жылда және міндетті түрде,ол аспанның бір жарты шарында ғана көрінеді. Жарқырауы жағыннан көмескі,18 — 19 шамасындағы құйрықты жұлдыөдар жиі көрінеді. Жұлдызды аспанды фототүсірімдеріне қарап жылы сайын бірнеше құйрықты жұлдыздар ашылады.

Кометаның Күн жүйесіне жататыны жөнінде алғаш рет ағылшын астрономы Э.Галлей (1656-1742) айтқан. И.Ньютонның кеңесімен ол 1337-1698 жылдардың аралығында көрінген 24 жарық құйрықты жұлдыздардың орбиталарының элементтерін есептеп шығарып,1705 жылы жариялады. Оның бұл құйрықты жұлдыздың айналауы жөніндегі болжамы 1758 жылы дәлелденді.

1758 жылы желтоқсанның 25-інде саксон астрономия әуесқойы Г.Палич көрді.Комета 1759 жылғы наурыздың 13-інде перигелийден өтті. Содан бастап бұл жарық құйрықты жұлдыз Галлей құйрықты жұлдызы деп аталады.

Галлей кометасы
https://ria.ru

Галлей кометасы 1835 және 1910 жылдары көрінді. Оның үстіне ежелгі және орта ғасыр жылнамаларын зерттегеннен кейін оның 1910 жылғы көрінуі астрономия тарихында жиырма тоғызыншы рет көрінуі болып тіркелді. 

Өзінің Күнге отызыншы оралуында Галлей құйрықты жұлдызы 1982 жылы қазанның 16-дағы фототүсірімде КІші Арлан шоқжұлдызында бұлыңғыр дақ түрінде болды. Ол 1986 жылы ақпаннан 9-нда перигелийден 17:00 Күнмен салыстырғанда секундына 54,5 км жылдамдықпен өтті.

Комета параметрлері

Галлей кометасы перигелийге кезекті оралуы 2061 жылдың қараша айында болуы тиіс. Жаңадан ашылып жатқан жұлдыздар өздері перигелийінде өткен жылдармен,өту кезегін білдіретін рим цифрларымен және лағаш ашушылардың тегімен белгіленеді. Оған сонау ежелден белгілі Галлей құйрықты жұлдызы,1786 жылы француз П.Мешен ашып,периодын 1819 жылы неміс астрономы И.Энке анықтаған. Дүрбі мен шағын телескоптар арқылы көрінетін көптеген құйрықты жұлдыздарды астрономия әуесқойлары ашты.

Комета құрылымы «торғын» жамылғыға оранған жұлдыз тәрізденген ядродан немесе түйдектен тұратын басы және құйрығы деп бөлінеді. Құйрықты жұлдыздың ең жарық бөлігі — оның ядросы болып табылады. Түйдектің жарықтығы ядродан шеттеген сайын бәсеңдей береді. Ал құйрығы көмескіленіп түнгі аспан реңкінде бұлдырап көрінбей кетеді.

Құйрықты жұлдыздардың ядросы негізінен үстіне қатып қалған газ жабысқан мұздан,тозаңнан,көлемі әр түрлі тас пен металл бөлшектерден тұрады. Ядроның аумағы онша үлкен емес — бір км бастап ондаған км дейін жетеді. Күнге жақындаған сайын ядро біртіндеп қыза бастайды. Су буы мен газ тозаңмен бірге ядроны орап алады да, түйдек түзеді. Ядро күн сәулесін шағылдырады. Сондықтан оның спектрі әуелде Күндікімен барабар.

lfly.ru

Бірақ құйрықты жұлдыз Күнге неғұрлым жақындаған сайын оның ядросы қатты қыза түседі. Оның спектрінде металдардың буы көбінесе натрийдің, кальцийдің, темірдің, магнийдің айқын сызықтары пайда болады. Бұл олардың ядроларында баяу балқитын заттардың барын көрсетеді. Күннің ультракүлгін сәулесі түйдекті құрып тұрған газды қоздырады. Олардың флюоресценттік жарықтануын тудырады. Сондықтан түйдек спектрінде бейтарап газ молекулалары азот, циан, көмірқышқыл газы, метан және басқалар болады.

Комета түрлері

Кометаның құйрығы Күнге қарама-қарсы бағытта. Оның пішіні құрамындағы бөлшектерге әсер ететін гравитациялық күш пен тебу күшінің қатынасына байланысты болады. Комета құйрықтары пішінінің бірнеше толық классификациясы бар. Бірақ осы кезге дейін астрофизиктер Ф.А.Бредихиннен және С.В.Орлов ұсынған қарапайым түрі қолданылады. Онда құйрық бес түрге бөлінеді.

I кейіпті құйрықтар — түзу сызықты; тебу үшін Күн гравитациясы күшінен 1000 еседей асып түседі. Жеңіл иондалған газдан тұрады. Негізінен Күн желінің магниттік өрісі әсерінен түзіледі.

II кейіпті құйрықтар түзу сызықтағы жақын және сіл кейінге қарай ығысқан. Тебу үшін Күн гравитациясы күшінен 10-100 еседей артып түседі. Иондалған және бейтарап газдардан тұрады. Басқа кейіптілерге қарағанда жиі байқалады.

III кейіпті құйрықтар — кейін қарай әжептәуір иілген; тебу күші тарту күшінен шамалы артық. Газ қоспасы бар ұсақ тозаңдардан тұрады.

IV кейіпті құйрықтар түзу, бірақ кейін қарай қатты иілген. Тебу күші тарту күшімен барабар. Тозаңды бөлшектерден түзілген. Оған құйрықтар Күнге бағытталған және Күн сәулесі мен Күн желінің тебу күштері әсер етпейтін неғұрлым ірі тозаңды бөлшектерден тұрады.

V кейбір құйрықты жұлдыздарда бір мезгілде әр түрлі кейіпті бірнеше құйрық болады. Мысалы Аренда-Ролан құйрықты жұлдызы.