Кения халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Кения халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Кения елінің тілі мен діні

Кения елінің ресми тілдері суахили және ағылшын тілі. Жергілікті мекендерде диалектілер кең таралған. Кения тұрғындарының көпшілігі протестантизм дінін ұстанады. Кениялықтар арасында католицизм мен ислам діндерін ұстанады. Кения тұрғындарының көбісі жергілікті діни пұтқа табынады. Пұтқа табыну басты әлемдік діндердің бірі болып табылады. 

Кения халқының салт-дәстүрі
https://ubr.ua/

Тәртіп нормалары

Кениялықтар  шетелдік туристерге мейірімді және қонақжайлы болып келеді. Алайда туристерге жергілікті тұрғындармен қақтығыстар болдырмау үшін кейбір ережелерді білген жөн. Адамның рұқсатынсыз суретке түсіруге болмайды. Жергілікті тұрғындардың үйлеріне рұқсатсыз баруға болмайды. 

Айта кету керек, Найроби қаласындағы орталық алаңда, Джомо Кениатта кесенесінің жанында фотосуретке тыйым салынған.Сафари кезінде қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін, машинаны бағыттаушының рұқсатынсыз қалдырмаңыз. Ұлттық саябақтарда жануарларды тамақтандырмаңыз, бұл үшін айтарлықтай айыппұл салынады.

Ұлттық киім

Масай киімін дәстүрлі түрде киім-кешектер мен зергерлік бұйымдарда қолданғанды ұнатады. Әдетте бұл тайпаның әйелдері ою-өрнектері бар моншақтарды, сондай-ақ көптеген білезіктерді киеді. Ал Туркандық тайпаның әйелдері көп қабатты моншақтарды біріктіріп мойындарына киеді.

https://mamapedia.com.ua/

Ырым-тыйымдар

Кения мәдениетінің ең маңызды бөлігі ол ырым-тыйымдар. Сондай-ақ халық шығармашылығына әндер, дәстүрлер, ертегілер жатады. Кениялық үйлену тойының ерекшелігі  қалыңдықтың  қолдарына әртүрлі білезіктер тақызады. Оны бір ай бойы тағып жүруі тиіс.

 Сондай-ақ, дәстүр бойынша, некеде тұрған әйелдердің алғашқы айларында күйеулері әйелдер киімін киеді. Себебі сол арқылы әйелінің ішкі міндеттеріне құрметпен қарауға тырысады.

Амандасу

Әдетте кениялықтар кездесу кезінде бір-біріне қолын береді. Егер Кения елінде әлеуметтік мәртебесі  жоғары адам болса, екі қолмен амандасқан жөн. Кейбір ауылды мекендерде амандасудың өзіндік ережелері бар.

Кения халқының ырым-тыйымдары
Svadbaua.org

Тағам түрлері

Кения үйінде тамақ ішу алдында қонаққа бірінші орын беру керек. Егер қонақтар түскі асқа шақырылса, азық-түлік келесі тәртіппен беріледі: қонақтар, ерлер, әйелдер мен балалар. Әйелдер мен балалар отбасындағы ең үлкен ер адам бастағаннан кейін ғана жеуді бастайды. Тағам түрлерінің көбісі жабайы аңдардың еті мен олардың өнімдері. Кейбір жерлерде тірідей құрт-құмырсқаны тағамға пайдаланады.

 Тамақтану кезінде сусындар берілмейді. Алдымен тағам сосын барып суссындарды ішеді екен. Сондықтан барлық сусындар тағамның соңында беріледі. Тағам ыдысына ас қалдырғанды дұрыс көрмейді. Кенияда қонақ иесі берген асты сонына дейін тамақтанған дұрыс.