Квазарлар туралы деректер мен шығу тарихы

Квазарлар туралы деректер мен шығу тарихы

Квазарлар туралы жалпы мәлімет

Квазарлар бұл галактикадағы ең жарық  астрономиялық объектің түрі. Олар  ол үшін көптеген энергияны жұмсайды. Жерден үлкен қашықтықта орналасауына қарамастан жақын жұлдыздарға қарағанда  жарық көрінеді.Анықтама бойынша квазар — галактиканың белсенді ядросы. Мұнда галактикадағы үлкен энергияларды босататын процестер жүреді. Терминнің өзі «жұлдызды радио көзі» дегенді білдіреді. Бұл электромагниттік сәулеленуден және айтарлықтай қызыл ауытқумен (красное смещение) байланысты. Себебі бұл объектілер ғаламның шеттерінде орналасқан деп саналды.

Квазар біздің галактикамыздағы барлық жұлдыздардың жиынтығынан 100 есе көп энергия шығарады. Жер мен квазарлардың арақашықтығы 10 млрд жарық жылы болып келеді. Ал Жерге жеткен квазар жарықтары олар пайда болғанда жіберілген. Бастапқыда барлық жалған жұлдыздар радио сәулелену қуатты көзі болған деп болжанған. Бірақ 2004 жылғы зерттеу бойынша олардың тек  10 пайызы ғана сәулелер жібереді екен.

Квазарлар туралы жалпы мәлімет
http://spacegid.com

Квазарлар шығу тарихы

Алғашқы квазерді американдық астрономдар А. Сендидж және Т. Мэтьюз ашты. Олар Калифорниядағы обсерваторияда отырып жұлдыздарды зерттеу кезінде квазерлерді байқады. 1963 жылы М. Шмидт бір нүктеде электромагниттік сәулеленуді жинайтын  телескопты қолданған. Байқалатын объектінің спектрінде қызыл ауытқуды анықтады. Бұл дегеніміз объект біздің галактикадан алыстауды білдіреді. Алғашқы квазар ретінде 3C 273 айтуға болады. Себебі оны зерттегенде ол  3 миллиардқа жуық қашықтықта орналасқан еді. Жыл сайын 240 000 км / с. жоғары жылдамдықпен жылжуда болды. Мәскеу ғалымдары Шаров пен Ефремов объектінің ертедегі фотосуреттерін зерттеді. Сол зерттеу нәтижесі арқылы оның жарығының негізгі қоры галактикадан алыс орналасқанын көрсетті.  

http://spacegid.com

Құрылысы

Квазар мен олардың күшті сәулеленуінің пайда болу процесі әлі де толық зерттелген жоқ. Біз олардың мән-мағынасын түсіндіретін бірнеше нұсқаны қарастырамыз.

Астрофизиктердің көбісі бұл қоршаған айналаны жұтып қоятын үлкен масштабтағы қара құрдым деп есептейді. Тартылыс әсерінен бөлшектер үлкен жылдамдыққа ие болды. Онымен қоса бір-біріне соқтығысады. Олардың температурасы жоғарылап, көрінетін жарық пайда болады. Қара құрдымның тартылыс күші орталықты спиральды жылжытады. Және аккреционды дискті айналдырады. Бөлшектер массивті ғарыштық денеге құлаған кезде пайда болатын құрылым. Қара құрдым магниттік индукциясы заттардың бір бөлігін полюстерге жібереді. Онда ағындар пайда болады.( радиотолқындар шығаратын тар сәулелер.).Аккреция дискінің шеттерінде температура төмендейді.Ал толқын ұзындығы инфрақызыл спектрге дейін артады.

Басқа гипотеза бойынша квазарларды жас галактикалар ретінде қарастыру. Екі нұсқаны біріктіретін нұсқа бар. Оған сәйкес, қара құрдым жас галактиканың пайда болған затын жұту арқылы квазарлар пайда болады. 2005 жылы 195 мың квазарлар саны табылды. Жыл сайын үздіксіз жаңа квазарлар ашылуда.

Қызықты фактілер

Квазардан жарықтың «қызаруы» дәрежесін көрсету үшін z әрпі қолданылады.1980-жылдардың басында z = 4.0 мәнін анықтайтын бірнеше аса қашықтағы аспан денелері табылды. Олардың радиосы сәулелері біздің галактикамыздың туғанына дейін болған. Жақын арада  z = 6.42 квазары табылды. Ол бізден  13 млрд жарық жылында арақашықтығында орналасқан. 

Кішкентай квазарлардың шығаратын энергиясы  Күнді бірнеше млрд энергия көзімен қамтамасыз ете алады. Бұл квазарларды зерттеулер кезінде әлемнің пайда болғананнан бері келе жатқанын көрсетті. Сонымен қоса өте жоғары жылдамдықпен қозғалуда.