Канада мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Канада саяхат

Канада әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар табиғаты өте керемет. Канадаға баруды көп адамдар армандайды. Бірақ көбісі қай жерлерге барсам болады деп көп ойланады. Сол үшін біз Канаданың 10 әдемі жерлерін таңдап қойдық. Егерде Канадаға барған жағдайда мүмкіндік болса осы жерлерге барған  жөн.

Канада қаласы Banff and Lake Louise

Бұл әдемі екі қала Альберта провинциясының  Banff ұлттық паркінің шекерасында орналасқан. Қаланы  керемет » жартасты таулар» қоршап тұрады. Қала жанында керемет көлдер мен сарқырамалар бар. Жабайы жануарлардың барлық түрі кездеседі. Бұл жердің табиғатын толық тамашалау үшін орталықта орналасқан қонақүйлерге барған жөн. Мысалы Fairmont Banff Springs немесе Banff and Lake Louise сияқты классикалық қонақүйлер бар. Екі үш күн ішінде серуендеп және жақсы демалып алуға болады.

Канада қаласы Lake Louise
https://vancouverok.com

Kluane National park, Юкон

Канаданың ең биік нүктесі (Логан тауы, биіктігі 19,551 фут) болатын бұл алып ұлттық парк батыс Юконда орналасқан. Оның аумағында 22 000 шаршы километрде көгілдір мұздақтар, жусан аңғарлар және тегіс емес жерлер бар. Бұл сұлулықты  тікұшақты жалға алып  биіктіктен тамашалауға  болады. (ең биік нүктеге баруға болады). Не болмаса жақсы шаңғы алып сол арқылы таулы аймақтарды аралап көріп шығуға болады. 

Канада Kluane паркі
https://vancouverok.com

Gros Morne, Ньюфаундленд

Парк батыс Ньюфаундленд жағалауларында орналасқан. Шын мәнінде ғажайып геологиялық әртүрлілігі бар мекен. (жағалау маңы ойпаттары, шыңдар, тік жартастар, көлдер, сарқырамалар). Gros Morne — бұл ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектісі. Сондай-ақ бұл жерден дрейф процесі айқын көрінеді.

https://vancouverok.com

Long Beach , Тофино

«Outside» журналы бойынша бұл аймақ  «Солтүстік Америкадағы серфингке арналған қала» деп атады. Toфинo(Британдық Колумбия провинциясы) — табиғат әуесқойлары үшін серфинг және кешкі серуендеуге арналған Ванкувер аралы аралының батыс жағалауында орналасқан әдемі жағажай қаласы. Қаланың оңтүстігінде орналасқан Long Beach — ең жұмбақ орын. Кең және өте ұзын жағажай және онда әдемі толқындар жиі болып тұрады.

Канада Long Beach(Британдық Колумбия)
https://vancouverok.com

Cavendish beach, Эдуард ханзаданың аралы

Cavendish өте жағымды орын. Орналасқан жері Атлант мұхитының төменгі бөлігі. Қызығы  қызғылт-құмды жағажайлармен төселген. Осындай тамаша жағажайда онымен қоса әртүрлі керемет орындар бар. Олардың бірі Green Gables Heritage Place орны және ең танымал мұражай Lucy Maude Montgomery болып табылады. Танымал фантастикалық кейіпкерлердің мекені.

Bay of Fundy, Нью-Брансуик

 Бұл жер табиғаттың жаңа «жеті кереметі» атауына лайықты болып табылады.  Нью — Брансуикпен  Жаңа Скотии арасындағы шекара өте әдемі көрінеді. Кейбір жерлерде судың көтерілуі 50 фунттан асады. Бұл Хопвелл Рокс сияқты жерде жақсы көрінеді. Бұл жердегі тастар су жоқ кезде үлкен мұнара болып көрінеді. Бірақ су пайда болғанда кіші аралдарға айналатындай көрінеді.

Канада Bay of Fundy мекені
https://vancouverok.com

Churchill, Манитоба

Хадсон каналының жағасында орналасқан бұл суб-арктикалық қала ақ аюлар астанасы ретінде бүкіл әлемге белгілі. Мұнда көптеген ақ аюлар бар. Олар тіпті қалада еркін жүріп үйреніп алған. Сондықтан оларға арнап жеке қамаулар бар. Ақ аюларды жабайы табиғатта, сондай-ақ ең далада кездестіруге болады. Туристтер үшін арнайы жолдар арқылы шынайы ақ аюларды көруге болады. 

The Muskoka Lakes, Онтарио

2012 жылы Muskoka Lakes көлдері National Geographic таңдауы бойынша ең үздік болып танылды. нұсқасына сәйкес саяхатқа ең жақсы таңдау деп танылды. Торонто тұрғындары әр жексенбі сайын осы жерге демалуға барады. Жеке котедждері жоқ адамдарға арнайы JW Marriott на Lake Rosseau сияқты орындар ашты. Аймақтағы жақын кіші қалаларға барып, демалып,тамақтанып кейінірек Джозеф, Россау, Маскока немесе басқа да ұқсас көлдерде тоқтауға болады.

Канада Muskoka Lakes демалыс орны
https://vancouverok.com

Канада еліндегі танымал мұнара CN Tоwer

Бұл мұнара бір кездері әлемдегі биік мұнаралардың қатарына кірген. Торонто қаласының символы ретінде саналады. Биіктігі жерден есептегенде  1,815 футқа жетеді. Қазіргі әлемнің жеті ғажайыптарының бірі. Мөлдір шыны едені және қосымша ойын-сауық дүкендері бар. Мысалы, EdgeWalk — мұнараның жоғарғы жағында орналасқан. (үстіңгі қабаттан қарауға арналған). Платформаға 116-шы қабатта  орналасқан.

https://vancouverok.com

Квебек

Солтүстік Американың ең көне  қалалардың бірі. Квебек еуропалық стильдегі қала.Себебі бұл қала Француз колониясы болған.Бұл қалада көптеген кереметтер бар.Мысалы Chateau Frontenac гранд қонақүйі және путин тағамы, көшелерде атты адамдар көп жүреді. Жаңа Француз фестивалі (тамызда) және  әлемге әйгілі қысқы карнавалдың туған жері Квебек провинциясы орталығы  La Belle Province өтеді.

Канада Квебек