Италия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Италия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Италия мемлекетінің сұлу және көрікті жерлері өте көп. Себебі баяғыдан бері архитектуралық көркем ғимараттар осы елде пайда болған. Қазіргі кезде де көптеген саяхатшылар шабыттанып, жақсы демалып қайту үшін Италия қалаларына барады. Осы елдің ең  әдемі жерлерін осы мақалада айтамыз.

Италия көркі Пьетрапертоза

Пьетрапертоза — Оңтүстік Базиликата  аймағының інжу-маржасы. Ежелгі аты « кесілген тас» деп аударылады. Бұл жерге саяхатшылар көп келмейді. Сонымен қатар «адреналинді» сезіну үшін  «Ангелдік ұшуы» атты аттракцион бар. 1415 метрлік биіктіктен 110 км / сағ жылдамдықпен саяхатшылар секіреді. Өте әсерлі және қауіпті ойын-сауықтың түрі.

Италия көркі Пьетрапертоза
https://it.igotoworld.com/

Кастельсардо, Сардиния

Сардиния аралында көптеген қызықты жерлер бар. Кастельсардо коммунасы Сардиния аралының солтүстік бөлігінде орналасқан. Aзинара шығанағының керемет көріністері ғана емес, сонымен қатар өте қатты желдер бар. Кастельсардо жері жазғы демалыс үшін тамаша орын. Ол жерде танымал   «Лу Банью» құмды жағажайы бар.

https://it.igotoworld.com/

Гайола, Кампания

Итальяндық Кампания провинциясында орналасқан Неаполь аймағы өзінің жерінде таңғажайып аумақты жасырады. Бұл Гайола аралы, дәлірек екі ұсақ аралдың қосындысы. Екі аралды тастан жасалған көпір қосып тұрады. Гайола аралы басқа әлемнен біраз уақыт демалу үшін арналған жер. 

Италия әдемі жерлері Гайола аралы
https://it.igotoworld.com/

Көгілдір грот, Кампания

Капри аралында көгілдір (немесе Азур) гротты Неаполь аумағындағы тағы бір әдемі жерлердің бірі. Аралдың өзі — Жерорта теңізіндегі Тиррен теңізінде орналасқан.Көгілдір Гроттың ұзындығы 56 метр және кіретін жері өте тар. Бұл керемет орынды көру үшін саяхатшыда қайық пен тыныш ауа райы қажет болады. Желді ауа райы күні грот жабық болады.

https://it.igotoworld.com/

Бурано, Венеция

Бұл ең әдемі Венеция кварталдардың бірі. Венеция орталығына дейін  7 км жерде орналасқан. Бұл жер тек оның жарқын сәулетімен ғана емес, сондай-ақ дәл осы жерде шығарылатын әуе шілтерімен(воздушные кружева) де танымал.

Италия жерінің көркі Бурано
https://it.igotoworld.com/

Сант-Агата-де-Готи

Беневенто провинциясындағы Сант-Агата-де-Готи қалашығы ежелгі,тарихи орындармен фестивальдердің жері. Италия жеріндегі готикалық стильде салынған қалалардың бірі. Әсіресе Корпус Домини мерекесінде қала мүлдем гүлденеді. Содан кейін Сант Агата де Готи-де гүлдер фестивалі өтеді.

Италия елінің әдемі жерлері Сант-Агата-де-Готи
https://it.igotoworld.com/

Аоста

Аоста- курорттық қонақ үйі Валле-д’Аоста автономиялық аймағының ең көрікті жері. Альпі тауының  сұлулығы, тазалығы мен танымал тау шаңғысы курорттарының барлығы Аоста курортына енеді. Сондай-ақ керемет архитектуралары бар. Мысалы, «Verres» атты ортағасырлық қорғаны.

Тропеа, Калабрия

Вибо-Валентино провинциясындағы Тропеа қаласы бір мезгілде курорт пен тамаша сәулет жері болған. Тропеа Амальфи жағалауында, таулы жартастың қақ ортасында орналасқан. Сондай-ақ таза құмды жағажайлары бар.

Италия әдемі жерлері Тропеа қаласы
https://it.igotoworld.com/

Сант-Джиминьяно, Тоскана

Сан-Джиминьяно қаласы Сиена провинциясында орта ғасырдан бері келеді. Сант-Джиминьяно  қорғаны 14 тасты мұнарадан тұрады. Оларды «орта ғасырдың тірегі» деп атайды. Өткен шілденің соңында Dentro e Fuori le Mura өнер фестивалі өтеді. Сан-Джиминьянаның тарихи орталығы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасына кіреді. 

https://it.igotoworld.com/

Фунес, Трентино-Альто-Адидже

Фунес аңғары Италияның солтүстігінде (Болзано провинциясы) Трентино-Альто-Адидже автономды аймағында орналасқан. Ол австриялық шекара маңындағы Доломиттерде орналасқан. Мұнда таңғаларлық жасыл ашық алаңдар мен керемет табиғаттың сұлу көркемдері бар.