Исландия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Исландия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Исландия мемлекетінде ежелгі вулкандар, шатқалдар, сарқырамалар, мұздықтар және көптеген ғажайып табиғаттың ландшафтары бар. Көбінесе Исландия елін «от пен мұздың жері» деп атайды. Мұнда бұлттан асатын алып таулар, мыңдаған шақырымға созылып жатқан алқаптар кездеседі.

Исландия сарқырамасы Хрёйнфоссар

Хвитау өзенінің маңын көптеген шағын сарқырамалар қоршап жатыр. Оның ішіндегі екі сарқырамасы Исландияның батыс бөлігіндегі Боргарфьордур қаласының маңында орналасқан. Соның ішіндегі ең  атақтысы – Хрейнфоссар сарқырамасы. Сарқыраманың биіктігі 900 метрді құрайды. 

Исландия сарқырамасы Хрейнфоссар
https://most-beauty.ru/

Вестфьорд түбегі

Норвегия өзінің фьордтарымен танымал болса да, Исландия жерінде  Вестфьорд түбегі одан еш кем емес. Гренландияның шығыс жағалауына қарама-қарсы орналасқан. Вестфьорд түбегі исландық құрлықпен қатты қатынаспайды. Биік таулар өте күрделі дөңестермен  және ондаған әдемі фьордалармен жабылған.

https://most-beauty.ru/

Скогафосс сарқырамасы

Скогафосс ең ғажайып сарқырамалардың бірі. Cкогафосс Исландия еліндегі ең әдемі сарқырамалардың бірі. Керемет ландшафт көптеген саяхатшыларды қызықтырады. Сарқыраманы жасыл мүкпен жарқын аспанның төбелері қоршап тұрады.

Аскья жанартау көлі

Aскья көлі Исландияның орталық бөлігіндегі Dyngjufoll тауында орналасқан. Жанартаудың шұңқырларында екі көл бар. Олардың үлкені Эскьюватн кішісі геотермиялық Вити көлі. Осы екі көлдер Аскья вулкандық орының құрайды. Қыс мезгілінде Аскья жеріне бару өте қиын. Аскья жанартауы 1961 жылы атқылаған болатын.

https://most-beauty.ru/

Рейнисдранар

Рейкьявиктің оңтүстігінен 180 шақырымдай жерде Вик деп аталатын шағын исландтық ауылда орналасқан. Сол жерде көптеген табиғаттың ғажайып құбылыстары бар. Олар қара құмды жағажайлар, Мирдальсйокудль мұздығы, Рейнисфьяль тауы, және ең қызықтысы  Рейнисдранар тастары. Солтүстік Атлантикалық теңіздердің қуатты серфменттерімен қоршалған Рейнисдранар тастары орналасқан.

https://most-beauty.ru/

Йокюльсадлон мұздық көлі

Йокюльсадлон бұл мұздық көлдердің бірі.  Кейде бұл жерді “мұзды лагуна” деп атайды. Көл Бреямеркуркол мұздығының жоғары жағында орналасқан. Көл негізгі көгілдір айсбергтердің, негізгі мұздақтан ажыратылған бөліктерінің еруі арқылы пайда болған.

Киркьюфетль солтүстік шұғыласы

Киркюфетль Исландияның батысындағы Снсфолдес түбегінде орналасқан ең биік тау шыңдарының бірі. Бұл аймақ кейде Исландияның «миниатюрасы» деп аталады. Осы жерде керемет солтүстік шұғыласын көруге болады.

Исландия жері Киркьюфетль солтүстік шұғыласы
https://most-beauty.ru/

Гуллфосс

Гуллфосс Исландиядағы ең танымал сарқырамалардың бірі. Оңтүстiкке ұмтылған кең Хвитау өзенiнің сарқырамасы. Гуллфосс саяхатшылардың арасында өте танымал жерлердің бірі. Сондай-ақ Хейкадалюр гейзерлері  Golden Circle Iceland туристік бағытының бөлігі болып табылады.

Ватнаекуль

Ватнаекуль Исландияның 30 мұздықтарының және мұз қабығының астында жасырынған бірнеше шағын жанартау кешендері. Соңғы жер асты дүмпуі 2011 жылы болды. Ватнаекуль мұздығы құрамында көптеген түрлі шөгінді қоспалары бар.

Исландия жері Ватнаекуль
https://most-beauty.ru/

Ландманналейгер

Исландия тауларында орналасқан бұл танымал туристік аймақ лавалық өрістің шетінде орналасқан. Оның табиғи геотермиялық ыстық  тасқыны мен айналасындағы ландшафтпен танымал.