Ирландия халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Ирландия халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Ирландия мәдениетінің тарихы б.з.б. 8000 жылда басталған. Ирландия мәдениеті мистицизм мен түрлі ырымдарға толы болды. Көптеген тарихшылар  кельттердің Отаны Днепр мен Дунай арасында екеніне сенеді. Ғалымдардың айтуынша, Ирландияға  Кельттер Қара теңіз аймағындағы келген дейді. Қалай болсада, Ирландия дамыған елдердің қатарына кіреді. Осы мақалада ең қызықты салт-дәстүрлер туралы айтамыз.

Ирландия елінің туған күнді тойлау дәстүрі

Ежелгі Ирландия дәстүрі, қазірдің өзінде өте танымал. Көбінесе балалар мен жасөспірімдерге арналған дәстүр. Туған күнді тойлау кезінде  баланы аяғымен ұстап, еденге басымен соққылар жасау керек. Ол қабылдайтын соққылардың саны оған кіретін жасқа сәйкес келуі керек. 

Ирландия елінің туған күнді тойлау дәстүрі
https://turupupu.ru/

Шақырусыз тойға келу

Ирландияның тағы бір дәстүрі үйлену тойына шақырусыз келуге болады. Дәстүр бойынша үйлену тойына  жас жігіттер шақырусыз келсе, жақсы ниет деп есептеледі. Жас жігіттер арнайы астық сабағынан жасалған қалпақшаны киіп келуң керек. Бұл жігіттер үйлену тойларды іздейді және бос әйелдерді таңдап олармен билейді. Содан кейін жігіттер өздерін анықталмауы үшін тез жоғалып кетеді.

https://turupupu.ru/

Girls' night out - "қыздарға арналған сауық кеш"

Ирландиядағы дәстүрлі «қыздарға арналған сауық кеш» өте танымал. Басқаша атаулары  «Nollaig na mBan» немесе «Little Women’s Christmas». Бұл әйелдерге арналған демалыс күні. Сол күні барлық үй жұмыс ер адамдар жасау керек.Рождестволық мерекелерден кейін  6 қаңтарда бұл дәстүр іске асады. Көбінесе сол күні әйелдер бір-бірімен кездесіп, әр түрлі демалыс орындарына барады.

Ирландия елінің салт-дәстүрі қыздарға арналған кеш
https://turupupu.ru/

Әулие Патрик күні

Ең танымал ирландық мереке — Әулие Патрик күні. Наурыз айының  17-ісі  — ирландиялықтар үшін үлкен мереке. Бұл мереке өте танымал болғандықтан басқа елдерде бұл мерекені тойлайды.  Әлемнің түрлі қалаларында — Нью-Йоркте, Буэнос-Айресте, Мельбурнде, Әулие Патрик күні тойланады. Ирландияның өмір сүретін жерінде жасыл (Ирландияның ұлттық түсі) киінген ашық шерулер мен мерекелер жүреді. Дәстүр бойынша, Әулие Патрик күнінде шерулер ұйымдастырылады. Бұл дәстүр Ирландияда туылған деп есептеледі.

Ирландия елінің Әулие Патрик күні
https://turupupu.ru/

Ирландия елінің паб-этикеті

Ирландиялықтар пабтарды (бар ұқсас жер) өте жақсы көреді. Олардың тіпті өз паб-этикеттері бар. Мұнда әр қатысушының кезек тәртібіне төлейтін «дөңгелек» жүйесі шешуші болып табылады. Бейтаныс адамға бұл кездейсоқ көрінуі мүмкін.