Жұлдыздар ерекшеліктерінің өзара байланыстылығы

Жұлдыздар ерекшеліктерінің өзара байланыстылығы

Жұлдыздар туралы жалпы ақпарат

1913 жылы Э.Герцшпрунгқа қатыссыз американ астрономы Г.Рессел жарқырауы құбылмайтын көптеген зерттелген жұлдыздардың спектрлері мен  жарқырауын салыстырады.Жұлдыздардың осы ерекшеліктерінің арасындағы байланысты тапты. Рессел бұл байланысты Герцшпрунг-Рессел диаграммасы деп аталған диаграммада бейнеледі. Кейінірек, оны бірқатар ғалымдар, олардың ішінде проф. Б.А. Воронцов-Вельяминов және проф. П.П.Парнего бірнеше рет анықтап толықтырды. Спектрлік кластар мен жұлдыздардың түстерінің көрсеткіші олардың температурасына байланысты екендігі анықталғандықтан Г-Р диаграммасының төменгі горизонталь осінде спектрлік кластар және түстің оларға тән орташа көрсеткіші салынған. Сол жақтағы вертикаль осьте жұлдыздардың жарқырауы Күн жарқырауының есебімен көрсетілген. Жұлдыздардың басым көпшілігі бас тізбектің бойына, жарқырауы жоғары ыстық көгілдір жұлдыздардан бастап жіңішке  жолақпен берілген, жоғарғы сол бұрышынан созылып оңға және төмен қарай – жарқырауы суық қызыл жұлдыздармен жалғасқан.

Бас тізбектегі көптеген жұлдыздардың ішінде жақсы таныс ақ жұлдыздар Альтаир, Вега, Сүмбіле, Күнге ұқсас сары жұлдыздар, Күннің өзі, сондай-ақ қызғылт сары және қызыл түсті жұлдыздар бар. Жарқырауы Күннен жүздеген және мыңдаған есе артық G, K және M спектрлі кластардағы жұлдыздардың мардымсыз аз саны қызыл алыптар тізбегі деп аталатын алыптар тізбегін құрайды.

Жұлдыздар туралы жалпы ақпарат
https://v-kosmose.com/

Ерекшеліктері

Диаграмманың сол жақ төменгі бөлігінде температурасы 15000-нан 6000 К-ге жететін және жарқырауы өте төмен, бас тізбектегі жұлдыздар жарқырауынан жүздеген және мыңдаған есе аз ақ және сары жұлдыздар орналасқан. Бұл жұлдыздар ақ ергежейлілер деп – сары түсті жұлдыздар табылған. Олардың өлшемі шағын, бар болғаны мыңдаған және ондаған мың километр, яғни Жер өлшемімен барабар. Бірақ жұлдыздардың массасы Күн массасына жақын, сондықтан олардың орташа тығыздығы бір текше см жүздеген км. А 5 спектрлі класындағы температурасы 900 К осы жұлдыздың диаметрінен бар олғаны 2,5 есе асып түседі. Ал массасы Күн массасына тең, сондықтан ондағы заттың орташа тығыздығы 100 кг/см^3 ге артық.

Ақ ергежейлілердің басқа жұлдыздардан айырмасы олардың олардың заттары аса тығыз болғандықтан, қойнауларында термоядролық реакция жүрмейді. Олардың қойнаулары бір-біріне тығыз жақындастырылған гелий ядросынан тұрады. Бұл жұлдыздар бұдан бұрынғы кезеңдерінде шығарылған энергияның қоры есебінен жарқырайды. Есептеулер мұндай энергия қорының мм жылдардан кейін таусылып, ақ ергежейлілер суып және жарқырауын тоқтататынын көрсетті. Өздерінің қатты жарқырауынан аса алып жұлдыздар ғаламат қашықтықан көрінеді. Ал ондай жерден ергежейлі жұлдыздар байқалмайды. Ал ақ ергежейлілер тіпті көрінбейді.