Еврей халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Еврей халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Еврей халқының өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары мыңдаған жылдар бойы сақталып келеді. Бұл халықтың ұлттық діні Иудаизм болғандықтан көптеген дәстүрлер діни сипатта келеді. Израиль елінде қазір көптеген халықтар тұрады. Әлемдегі үш танымал діннің ұштасқан жері Израиль жерінде болып келеді. Сондықтан бұл білім, медицина, экономика саласыннан дамыған елдерге жатады.

Еврей халқының жыл санауы

Еврей халқы жыл санау хронологиясын Иса пайғамдардың туған күнінен емес, әлем жаратылғаннан бастап (иудаизм бойынша) санап келеді. Қазіргі кезде 5778 жыл болып жатыр екен. Бірақ бұл күнтізбе тек діни ретінде қолданылады. Ал күнделікті өмірде  Юлиан күнтізбесі қолданылады. 

Еврей халқының салт-дәстүрі
https://www.tripzaza.com/

Шаббат

«Шаббат» бұл Иудаизм дініндегі ерекше демалыс күні. (Мұсылман елдеріндегі «Жұма» күні сияқты). Шаббат жұма күнінің кешкі уақытынан басталып, сенбі күнінің кешінде аяқталады. Сенбі күні  Израильде мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейді. Бұл күні ешкім жұмыс істемеуі керек. Шаббатқа байланысты көптеген тыйымдар бар. Олар көлікті айдамау, электрондық заттарқа (телефон,теледидар) жоламау , лифтімен жүрмеу, ақшаны қолымен ұстамау және т.б. жатады.

http://www.pro-israel.ru/

Ұлттық тағамдары

Еврей халқының басқа халықтардан айырмашылығы тағамға байланысты тыйымдар бар. Барлық еврей халқы «кошерный» тағамдармен тамақтанған дұрыс деп санайды.Ол дегеніміз  ет пен сүт өнімдерін бірге қолдануға және шошқа етін, теңіз өнімдерінің кейбір түрлерін тағамға пайдалануға тыйым салынады. Ет тағамдарының  дайындаудың арнайы әдісі (Кашрут) бар. Жалпы «кошерный» тағамдар қарапайым тілмен айтқанда- жеке арнайы тағамдар. 

http://www.pro-israel.ru

Еврей халқының мейрамдары

Пасха мейрамында еврей халқы  арнайы тоқаштар (кулич) емес, өздерінің  Песах (ашытылған наннан жасалған) тағамын қолданады . 

Ханукка —  шамдар мейрамы деп саналады. Сол күні барлық еврей халқы  тоғыз шамды майшамды жағу керек. 

Пурим мейрамы — Израильдегі ең сүйікті мерекенің бірі. Бұл мерекеде дәстүрге сай, бір-біріне сыйлықтар жіберуі тиіс. Бұл мереке күні қайырымдылық істерімен айналысу керек.

Еврей халқының салт-дәстүрі
https://vesti-ukr.com

Үйлену тойы

Үйлену тойлары — елдегі ең қызықты оқиғалардың бірі. Бір кездері үйлену тойлары арнайы «үйлестірушілер» ұйымдастырды. Қазір оңайырақ. Бүгінгі таңда ультра-ортадоксалды еврейлер қоғамдары осы дәстүрді ұстанады. Күйеу жігіттің қалыңдығына төлем жасап, туыстарынан қол сұрауға тиіс. Тенаим — еуропалық неке қию рәсіміне ұқсас келеді. Той кезінде күйеу жігіт тәрелкені сындыру қажет. Ырым бойынша, тәрелкені сындару израиль халқының қайғы-қасіретті сезіну дегенді білдіреді. Той сенбіден басқа күндерде өткізуге болады. 

Миквах — той басталмай тұрып қалыңдықты арнайы бассейнде жуындырады. Дәстүр бойынша қалыңдықты барлық жаман қасиетінен тазарту дегенді білдіреді. Күйеу жігітті сол уақытта кәмпиттермен шашу жасайды. Дәстүр бойынша қалыңдық мүлдем жалаңаш жуынуы керек. Хулы шарты — арнайы рәсімдік  киімдер.  Әдетте қара костюм мен ақ көйлек таңдалады. Қалыңдықтың кеудесі мен иығы жабық болуы керек. Үйленудегі  Раввиннің қызметін кез келген орындауға болады. Тек рұқсат алу қажет.

Еврей халқының үйлену тойы
https://www.tripzaza.com/

Неке қию туралы келісім (Кетуб ) орындалады. Кетуб келісімі жазылғаннан кейін ажырасу үшін оны екіжақты келісім арқылы жою керек. Әйтпесе қалыңдық екінші рет тұрмысқа шыға алмайды.Бекеден — арнайы қалыңдыққа жабатын орамал. Оны күйеу жігіт жабады. Мерекенің ортасында жүретін дәстүр, ол дегеніміз күйеу жігіт отбасын қорғаумын деген сөз.

Неке қию рәсімі үйленуден 7 күн бұрын басталады. Бұл ұзаққа созылған уақыт болғандықтан әдейі ерте бастайды. 

Уфруф — күйеу жігіт рәсімі. Ол синагогада дұға ретінде өтеді. Содан кейін ол туыстарымен той туралы әңгімелеседі. Рәсімнен кейін бәрі мерекеге барады. Үйлену тойындағы  ұлттық музыка ойналады.