Дзюдо спортының пайда болу тарихы мен дамуы

Дзюдо спортының пайда болу тарихы мен дамуы

Дзюдо тарихы

Дзюдо спортының пайда болу күні деп 1882 жылы болып есептеледі. 21 жастағы жапондық Токиодағы будда храмында (Эйзедзтта) “Кодокан” мектебін құрған. Ол жас жігіт  Дзигоро Кано болды. Дзюдо сөзі  “дзю-дзюцу” (jujitsu) сөзінен шыққан. Ол өз кезегінде сумо күресінің бір ағымы болып  шыққан.

Дзигоро Кано Токиодағы Император университетінде оқып жүргенде “дзю-дзюцу” негіздерін түсінуге кірісті. Құзыретті бапкерлердің арқасында жас жапондық ең қысқа уақытта күресте үлкен жетістікке қол жеткізді.«Дзю-дзюцу» — «қарусыз күрес» — деген мағынаны білдіреді. Аударма бойынша «жұмсақтық өнері» дегенді білдіреді. Бұл туралы атақты аңыз бар. Ол былай болыпты:

Бір күні дәрігер Сиробэй Акияма бақшаны аралап жүргенде, кешегі омбы қардың әсерінен үлкен ағаштардың бұтақтары сынғанын байқады. Тек жас талдың бұтақтары жас болғандықтан майысып жерге тиіп тұрды. Бірақ біраз уақыттан кейін қайтадан түзеліп орнына келді. Осыны көрген Сиробэй Акияма: «Берілу арқылы жеңіске жету!» деген тұжырымдама жасады.

Дзюдо спортының пайда болу тарихы
http://voindao.ru

Дзю-дзюцу шеберлері өте күшті адамдар емес еді. Олар керемет, шымыр және сондай-ақ тапқыр болғандықтан, қарсыласын алдап, оған қарсы күш қолдана білді.

Даму жолы

Дзигора Кано спорттың классикалық формуласын ойлап тапқан.« Егерде бір адамның күшін бірлікпен өлшейтін болсақ. Онда менің қарсыласымның күші 10 деп есептейік. Ал менің күш бірлігім 7 болсын. Мен әрине қарсыласымның күші көп болғандықтан құлап кетуім мүмкін. Сондықтан мен қарсыластың күшін, яғни әртүрлі тәсілдер арқылы басқа жаққа қарай бағыттасам. Онда ол өз күшін және тепе-теңдігін жоғалтады. Сол кезде уақытты пайдаланып оңай жеңіске жетуге болады »деді.

XIX ғасырдың екінші жартысында радикалды буржуазиялық реформалар жауынгерлерді жұмыссыз қалдырды. Ал дзю-дзюцу ұмытылып кету ұшырады. Бірақ бұған Дзигоро Кано жол бермеді. Әртүрлі мектептердің тәжірибесін қорытындылай отырып, ол «жұмсақ тәсіл» деп аталатын жаңа дзюдо күрес түрін жасады. Каноның айтуынша, дзюдо — «жастар үшін тек қана дене шынықтыру емес,ол жалпы білім беру, жекпе-жек, философия, күнделікті өмір өнері».

Дзюдо спортының даму жолы
https://goprosport.ru/

Дзюдо танымал спорттың түрі

1886 жылы дзюдо мемлекеттік деңгейде танылды. 1889 жылы Еуропадағы бірінші дзюдо мектебі ашылды. 1956 жылы Токиода бірінші әлем чемпионаты өтті. Ал 1964 жылы дзюдо Олимпиада ойындарына енгізілді.

 Дзюдоның дамуы  Джигоро Каноның отбасы мүшелірінің қолдауымен өтті. Оның әйелі “әйелдер дзюдосын” дамыту үшін үлес қосты. Ал оның жалғыз ұлы Рисэй 1951 жылы Халықаралық дзюдо федерациясын басқарды.

 Дзюдоның басты мақсаты жоғары рухани қағидаттарға сәйкес адами білім беру болды. Дзюдо идеологиясын әлемнің миллиондаған тұрғындары бақылап отырады. Бүгінде дзюдо — ең танымал спорт түрі.