Джет Ли қытай және америка елінің танымал актері

Джет Ли қытай және америка елінің танымал актері

Джет Ли — қытайлық және сингапурлық актер, спортшы, жауынгерлік өнер(боевые искусства) шебері. Ли жауынгерлік өнер фильмдерінің арқасында танымал болды. Ол Азиялық және Голливудтық фильмдерде «Поцелуй Дракона», «Бесстрашный» т.б  ойнады.

Джет Ли балалық шағы

Джет Ли шын аты Ли Ляньцзе  Қытай елінің  астанасы Пекинде 1963 жылы дүниеге келді. Ли  отбасында бесінші, ең кенжесі болды. Ли екі жасқа толғанда, баланың әкесі күтпеген жерден қайтыс болады. Сондықтан отбасы өте нашар өмір сүрді. Ли мектепке кеш барды.(8 жасында). Баланың сүйікті сабағы дене тәрбиесі болды. Бірінші сыныптан кейін жазда сыныптастарымен бірге  балалар спорттық лагерге барады. Сол жерде  Ли «ушу»  жауынгерлік өнерімен танысады. Балаға бұл спорт түрі қатты ұнайды. Сол спорттық лагерінен кейін, топта жалғыз адам болып сол спорт түрімен  жаттыға бастады. Сондықтан Ли күнделікті тек қана физикалық техниканы ғана емес, рухани көзқарасында зерттей бастады.

9 жасында ұлттық чемпионатқа кіріп, «Үздік шебері» атағын алады. Бұл жетістіктен  орта мектептен азат етілді. Ал Ляньцзы тек шайқастарға, жарыстарға және спорттық жетістіктерге дайындалуға тырысты.

Джет Ли балалық шағы
https://24smi.org

Екі жылдан кейін ұлттық құрамамен бірге  АҚШ-қа жарыстарға барады. Сол сапардың басты жетістігі Ли АҚШ-тағы адамдарды көріп танысып қайтады. Үйге қайтып келгенде, бала Ұлттық чемпионатқа қатысады. Және екі санатта жеңіске жетеді. Олар маңдайша және семсермен ойнау. Енді Лиді үздік оқытушылар дайындайды. 

Бір жылдан кейін  бес санатта жеңіске жетеді.1976-1979 жылдар аралығында Ли түрлі жарыстарда бірқатар медальдар мен жүлделерге ие болды. Сондай-ақ, 1977 жылы Ушу команданың құрамында Ли  әлемдік тур жасайды. Ол әртүрлі әдістерді көрсетеді. Бұл турдың мақсаты басқа елдердегі қытай  өнерін танымал ету болды. Ли осы тапсырма бойынша керемет жұмыс жасады. Бес жылдан кейін Лидің кинематографиялық өмірбаяны басталады. Ол жауынгерлік өнерге әлемнің назарын аударады.

Джет Ли Ушу өнерін көрсетуде
https://24smi.org

Кино әлемі

Ушуды жақсы білетін жігітті байқап, режиссер Чжан Синьянь Лиді  актер ретінде сынауға шақырды. Әрине, бұл жауынгерлік өнер шебері болып табылатын жас адам туралы фильм. Джет Лидің сахнаға шыққан алғашқы фильмі «Храм Шаолинь» болды. Ол Шаолин монахтарының манускриптерінде тәрбиеленетін жетім бала туралы айтылады.

Фильм 1982 жылы жарыққа шықты. Сондықтан режиссерлер 1983 жылы «Храм Шаолиня 2: Дети Шаолиня» және 1986 жылы «Храм Шаолиня 3: Боевые искусства Шаолиня» фильмдерін түсіре бастады. Одан кейін біраз уақыт үзіліс болды. Ал 1991 жылы Джет Лидің «Однажды в Китае» фильміне түседі. Фильм қайтадан сәтті өтті, ал тағы екі сиквел, кейінгі 2 жылда пайда болды.

Джет Ли фильмде рөл ойнау кезінде
https://24smi.org

Сондай-ақ, 1993 жылы «Легенда о Фонг Сай-Юке» туралы фильм түсірілді. Ол шынымен Гонконгтағы фильмдер стиліндегі кинолардың барлық әуесқойлары үшін аңызға айналды. Келесі жылы кинолардың иегері Джет Ли-Брюс Лидің ремейкасын жарық көрді. Жаңа фильм «Кулак Легенды» деп аталып, белгілі аңызға айналды. Одан кейін әр түрлі америкалық фильмдерге түсе бастады. Біртіндеп актер танымалдылыққа ие болды. Фильмдер тізімі:

  • 1982 –«Храм Шаолиня»
  • 1991 –«Однажды в Китае»
  • 1993 –«Легенда о Фонг Сай-Юке»
  • 1994 – «Телохранитель из Пекина»
  • 1995 – «Тайный агент»
  • 1996 – «Черная маска»
  • 2000 –«Ромео должен умереть»
  • 2001 –«Поцелуй дракона»
  • 2007 –«Полководцы»
  • 2008 –«Запретное царство»
  • 2008 –«Мумия: Гробница императора драконов»
  • 2010 –«Неудержимые»
  • 2010 –«Океан небес»
  • 2016 –«Бесстрашный»
  • 2016 – «Лига богов»
Джет Ли Неудержимые фильмінде
https://24smi.org

Джет Ли жеке өмірі

Джет Лидің алғашқы неке қиюы 1987 жылы қытайлық ушу командасының мүшесі Хуан Цюянь болды. Сонымен қатар, Хуан «Храм Шаолин» фильмінде Джет Ли компаниясының серіктесі болды. Ерлі-зайыптылардың екі қызы болды.  Бірақ  3 жылдан кейін ажырасып кетті.

1999 жылы актер қайтадан үйленді. Ол Гонконгтан келген актриса Нина Ли Чи болды. Олардың қызы Джейн және ұлы Джаджа дүниеге келді. Қазіргі кезде Джет ли өз отбасымен жақсы қарым-қатынаста тұрып жатыр. Актер кейбір голивудтық фильмдерде түсіп отырады.