Дания халқының салт-дәстүрі мен ырымдары

Дания салт-дәстүрі

Дания халқының ерекшеліктері туралы білу үшін алдымен сол елдің салт-дәстүрімен танысқан жөн. Дания Еуропадағы дамыған елдердің біріне жатады. Басқада еуропа елдері сияқты кез келген туристтерге толерантты болып келеді.. Данияда тұратын адамдар өздерінің ерекше қонақжайлылығы мен ежелгі дәстүрлерге  құлшыныспен ерекшеленеді. Әр отбасы сол дәстүрлерді ұстауға тырысады. Сонымен, осы мақалада ең танымал және әдеттен тыс дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарды айтамыз.

Дания халқы заңды қатаң түрде сақтайды

Дания тұрғындары заңды ерекше қатаң сақтайды.Бұл елде әлемде ең салықтарды төлейді. Және ешбір тұрғын оған қарсы емес,керісінше бәрін уақытында жасап отырады.Тек футбол жанкүйерлері мен автокөлікшілер үшін жеңілдік бар. Қоғамдық орындарда (мейрамхана, бар, қонақ үйлер және т.б.) темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Ресми іс-шараларда дүрыс сәнді киінген жөн.  Жергілікті тұрғындар сәнді киінгенді жақсы көреді.

Дания халқының салт-дәстүрлері
http://www.svadba-top.ru

Қонақжайлылығы

Даниялықтар қонақ ретінде сізді  шақырған жағдайда, үй иелеріне терең құрмет көрсету керек. Қонаққа барған үйге сыйлық апарған дұрыс. Мысалы үй йесіне шарап, балаларына ойыншық сияқты т.б. Даниялық отбасы өте мейірімді болып келеді. Түскі ас немесе кешкі асқа адамдарды көп шақырады. Бірақ егерде себепсіз қонаққа бармасаңыз. Онда даниялықтар ешқашан қонаққа шақырмауы мүмкін.

Викинг фестивалі

Викинг фестивалі. Бұл Даниялық мереке маусым немесе шілде айының басында Фредерикссунеде өтеді. Ол Зеландия аралында орналасқан. 200-ге жуық даниялықтар өздерінің ұлттық киімдерін киіп, әр түрлі көріністер көрсетеді.  Барлық мереке «Викинг» стилінде болады.Соған байланысты ұлттық  тағамдар ескі рецепт бойынша дайындалады.  Сонымен қатар, ат сату жәрмеңкесі «Яллерупе» өтеді.

Дания Викинг фестивалі
http://travelcalendar.ru

Ханс мерекесі

Ханс мерекесі  23 маусымда тойланады. Және дәстүрге сай, осы күні халықтық фестивальдар ұйымдастырылады. Бұған қоса, ата-бабаларының есіне құрмет ретінде теңіз жағасында үлкен сигнал ретінде өрт жағады.

Дания Ханс мерекесі
Journeying.ru

Дания елінің ұлттық мерекелері

Рождество Дания елінің басты мерекелерінің бірі. Басқа Еуропа елдері сияқты барлық отбасы мүшелері жиналып бірге қарсы алады. Жаңа жылдық шырмамен қатар қолмен арнайы рождестволық тролль (nisse) жасалады. Рождество шыршасы, әдетте, шын жүректен және тіпті нақты шаммен безендіріледі. Рождество түнінде бүкіл отбасы қызыл қырыққабат, картоп және күріш пудингі, кілегей және шие соусы бар қуырылған үйректі жасайды. Жұмыс орнында Рождестволық ерекше ойын   — Julefrokost атап өтіледі. Бұл ойында адамдар ән  айтады және би билейді.Олар тағы одан басқа түрлі мерекелерді жақсы көреді. Мысалы Троица,Пасха және Жаңа жыл т.б. 

Дания жаңа жылы
https://womanadvice.ru

Тойға байланысты дәстүрлер

Данияның кейбір тойға байланысты дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары  шетелдіктер үшін бір түрлі көрінуі мүмкін. Бұрынғы кездері үйлену тойына бара жатқан жас жұбайлар жолда қарғаны көрсе,қайтадан үйге барып белгілі бір ырымдары жасау керек. Ол ырым  екі жас жұбайдың үйленбеген туысы барып сол қарғаны қуып жіберу керек.

Сондай-ақ, Данияда 25 жастан асып  бірақ үйленбеген болса оларға жеке ырым бар. Дәстүр бойынша сол бойдақтарды үстелге отырғызып  ,  басынан аяғына дейін арнайы (специя) дәмдеуіштерді шашыратады. Бұрында сол иіс арқылы кімнің үйленбегенін білген. 

https://womanadvice.ru

"Қара дельфиндерді өлтіру" қатыгез дәстүр

https://kuku.travel

Мұндай ақылға қонбайтын дәстүр жыл сайын екі рет өтіп отырады. «Қара дельфиндерді өлтіру» дәстүрі 10 ғасырдан бастап келе жатыр. Көбінесе бұл оқиға Фарер аралында өтеді. Дәстүр бойынша бұл дәстүр ер балаларды ерсекек өмірге өту кезеңі.(инициация). Жасөспірімдер әр түрлі құралдар арқылы дельфиндерді өлтіру керек. Әрине, мұндай дәстүр барлық әлем үшін таңғалдыратын жағдай. Зоо-қорғаушылар әр жыл сайын Дания үкіметіне петиция жазуда. Бірақ Дания үкіметі бұл қатыгез жағдайды тоқта алмауда. Себебі біршама уақыт бұрын Фарер аралы жеке тәуелсіздігін алған. Сондықтан оған тек БҰҰ ғана шектеу қоя алады.