Грекия халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Грекия халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Грекия еуропаның оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Демократия, философия, жаратылыстану ғылымдарының және батыс өркениетінің отаны. Грекия елінің мәдениеті ежелгі заманнан бастау алады. Сондықтан бұл елдің салт-дәстүрі көп қырлы болып келеді.

Грекия елінің мерекелері

Грекиядағы ең маңызды ресми мейрамдар Пасха және Рождество болып табылады. Мейрамдарға байланысты көптеген рәсімдер мен ережелер бар. Әулие Пасха күні гректер өздерінің туыстарына әдемі шам мен жаңа киім беруге тиіс. Әрбір отбасы мереке үшін алдын-ала дайындалады. Жұма күні қыдыру және демалу тыйымға салынады. Сенбі күні кешке барлық отбасылар осы мерекелерді атап өтеді.

Грекия елінің мерекелері
https://www.grekomania.ru/

Рождество

Грек халқының көптеген қызықты әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің бірі Рождество мейрамымен байланысты. Қызықты дәстүрлердің бірі сол күні тұрғындар аулаға шығып, гранат жемісін бұзуы тиіс. Ырым бойынша гранат жемісіндегі қызыл дәндер “бақыт пен байлықты” бейнелейді. Жаңа жылға гректер арнайы наннан пісірілген тағамдарды дайындайды. 

Барлық шіркеулер мен ғибадатханаларда дінге байланысты қызықты дәстүрлер жүреді. Дін қызметкері кез-келген су ағысына крестті салады, ал барлық еркектер оның артынан жүзіп бірінші болып алып келуі керек. Ырым бойынша алғашқы болып қол жеткізген адам оны жыл бойы бақытты болады дейді-мыс.

Греция еліндегі рождество
https://www.grekomania.ru/

Балаға ат қою дәстүрі

Грекияда балаға ат қою дәстүрі ерекше орын алады. Егерде бала мелгілі бір мереке байланысты туылса, онда дәстүр бойынша мереке сәйкес ат қойылуы керек. Ырым бойынша мерекеге байланысты баланы есімі қойылғаны дұрыс болады. Елдегі ең танымал есімдер — Георгий, Константин, Янис, Дмитрий, Мария және Елена. Ат қою дәстүрі күнінде кафелер мен таверналар толы болады. 

Бұл бір ежелгі әдет-ғұрыппен байланысты келеді. Бала туылғаннан кейін отбасы туған-туыстарына тәтті-тағамдар таратуы тиіс. Ырым бойынша тәтті тағам таратқан отбасы бақытты және ұзақ өмір сүреді дейді-мыс.

Грекия балаға ат қою дәстүрі
iLoveGreece.ru

Үйлену тойы

Гректер үйлену тойына өте жауапты қарайды. Қыздың әкесінің келісімінсіз отбасы құруға болмайды. Күйеу жігіт қыздың әкесінен арнайы рұқсат сұрап, сыйлық ұсынуы керек. Той күні туыстары мен жақын достары қалыңдыққа киінуге көмектеседі. Әрбір қонақ жас отбасыны жеке-жеке құттықтауға тиіс. Содан кейін барлығы үстелдерге отырып үйлену тойын бастайды. Гректер тойларын шулы және ырғақты музыкамен өткізгенді ұнатады.

turistim.ru

Қызықты дәстүрлер

Грекия елінде қонақжайлылыққа байланысты қызықты тәртіптері бар. Көбінесе сағат 3-тен бастап 6-ға көптеген гректер демалады немесе өздерінің шаруаларын жасайды. Тәртіп бойынша осы уақыт аралығында адамды мазалаған дұрыс деп саналмайды. Қонаққа баруға байланысты белгілі бір ырымдар бар. Мысалы, қонаққа құр қолмен барған дұрыс емес. Көбінесе қонақтар тәтті тағамды қонаққа алады.