Гольф спортының пайда болу тарихы мен дамуы

Гольф спортының пайда болу тарихы мен дамуы

Гольф пайда болу тарихы

Гольф (ағылш. golf) – олимпиадалық спорт түрі, жеке қатысушы немесе команда жеңіске жету үшін, шағын допты таяқша соққыларымен арнайы тесікке (лунка) кіргізу керек. Жәнеде допты аз соққы санымен тесікке (лунка) кіргізу керек. Гольфтің қашан пайда болған күні белгісіз, бірақ көптеген Заманауи гольф Шотландия елінде шыққан. 

Шотландия патшасы Яков II 1457 жылы гольф ойынына тыйым салу туралы жарлық шығарды, үйткені бұл ойын садақшыларға оқуға кедергі жасаған. Осы дерек ойынды ең бірінші рет байқаған деп саналады. Сол кездері ойынның ережелері және алаңда 18 тесігі (лунка) бар жүйесі пайда болған.

Гольф пайда болу тарихы
https://www.sportobzor.ru/

Ойын ережесі

Ойынның маңызды компоненті этикет, мұқият қорғалған дәстүр,  ойынның тарихында ешқандай өзгеріске ұшырамаған екен. Этикеттің маңызды ережелері әдептілік, алаңда ұқыпты болу, серіктес немесе қарсыласқа құрметпен қарау.

 Ойынның басында сәйкестендіру белгісі бар допты бастапқы алаңына (Т) қояды. Гольфисттер көбінесе ыңғайлылық үшін ағаш немесе металл тіректі қолданады. Т деген атау доп қойылатын Т-пішінді тұғыр үшін қойылған. Ойыншы бастапқы алаңнан допты негізгі алаңға (fairway) дейін жеткізу керек, содан кейін бірнеше соққы жасап осы алаңды еңсеріп, допты шөптері тегіс Green (допқа кедергі келтірмейтін алаң) алаңына апару керек. Допты Green алаңынан тесікке (лунка) кіргізу үшін паттер деген арнайы таяқшасын қолданады.

Гольф алаңы бірнеше тесіктерден тұруы, әрбір тесіктің бастапқы алаңы болуы керек. Бастапқы алаңда екі белгі болуы тиіс. Бастапқы алаңнан басқа алаң ішінде тегіс алаң, тегіс емес алаң және басқа кедергілер. Алаң 18 тесіктен тұрады. Алаңның соңғы бөлігі ыңғайлылық үшін құсбелгімен белгіленген тесік болып саналады.

Гольф спортының ережесі
https://www.sportobzor.ru/

Гольф таяқшалары

Ойыншы ойынға 14-тен артық таяқша алуға болмайды, әрбір таяқша белгілі бір соққы жасау үшін қолданады.  Golf таяқшалары 2-ге болады. Wood – ұзақ қашықтыққа соққы жасау үшін арналған таяқша, ереже бойынша бұндай таяқшалар бастапқы алаңда қолданылады. Wood (ағылш. ағаш) атауы таяқшаның басы ағаштан жасағандықтан шыққан, бірақ қазіргі кезде заманауи wood металлдан жасалынады.

  Iron – әртүрлі қашықтықтарға соққы жасау үшін арналған таяқша. Таяқшаның басы металлдан жасалғандықтан, осылай аталады. Сонымен  қатар, таяқшалар басының пішіні бойынша ерекшеленеді. Golf доптарының іштері біреу, екеу, үшеу және басқада қабатты компоненттерден тұрады. Бір қабатты доптар арзан болғандықтан жаңа ойыншылар жаттығуында қолданады. Екі қабатты доптар қатты ядродан және жіңішке қатты қабаттан тұрады. Сонымен қатар, бағасы төмен, төзімді және ұшуы ауқымды, сол үшін көптеген гольфисттер осы допты қолданады. Үш қабатты, төрт қабатты доптарды көбінесе кәсіби гольфисстер қолданады.

http://www.superiorresort.com

Турнирлер

Олимпиадалық ойындар. Гольф Олимпиада ойындар бағдарламасына 2016 жылы қосылды, осыған дейін 1900 жылы және 1904 жылы ғана қосылған. Мастерс (The Masters Tournament) – Golf-тан мейджер сериясының, 4 турнирінің бірі болып саналады. АҚШ ашық чепионаты (US Open) – гольфтың жыл сайынғы ашық чепионаты, АҚШ-та өткізіледі. Британия ашық чепионаты (The Open Championship) – бұрыннан келе жатқан, мейджер сериясының, 4 турнирінің бірі. Кәсіби гольф–ассоцияция чемпионаты (PGA Championship) – гольфтан жыл сайынғы турнир, Америка Кәсіби Гольфисттар Ассоцияциясы өткізеді.