Германия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Германия мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Германия кез келген саяхатшының көңілінен шығатын мемлекеттің бірі. Себебі бұл елде әркім өзінің ұнататын нәрселерін табады. Мысалы Берлиннің сәнді түнгі клубтары немесе Бремендегі камералық концерт залдары, көркем галереялар немесе автомобиль мұражайлары және т.б. Және бұл мекемелерге тамаша автобандар арқылы ең қызықты жерлерді көруге болады.

Германия астанасы Берлин

Германия астанасы Берлин қаласында керемет мейрамханалар мен мұражайлар, көркем галереялар және сәнді сәулет өнерін тамашалауға болады. Сонымен қатар Берлинде тарихи жаяу экскурсиялар, концерттер, көркем көрмелер және спектакльдер жиі қойылады. Берлин қабырғасының әлемге танымал Berlin Wall East Side Gallery атты кескіндеме немесе граффити суреттерін көруге болады.

Кведлинбург

Кведлинбург көптеген ғасырлар бойы салынған ежелгі қалалардың бірі. Бұл керемет қала Гарц тауларының солтүстігінде орналасқан. Бұл ортағасырлық қала ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраның тізіміне енгізілген. Қаланың ерекшелігі көне көшелері мен түрлі-түсті жартылай ағаш үйлері болып табылады. Сонымен қатар қаланың ескі бөлігінде «ақша тауы» Мюценберг орналасқан.

Германия қалалардың бірі Кведлинбург
traveller-eu.ru

Мюнхен

Мюнхен қаласы Германия мемлекетіндегі ірі қалалардың бірі. Октоберфесттің туған жері және Альпі тауларының таңқаларлық көріністерімен танымал. Бұрын қала жиі әлемдегі үздік қалалардың тізіміне енген. Мюнхендегі тамаша дүкендер, көркем пейзаждар мен көптеген мәдени орындардың арқасында әдемі табиғат пен бай қала арасындағы тамаша теңдестікке қол жеткізілді.

Германия қаласының бірі Мюнхен
Отпуск.ру

Кёльн

1709 жылы Кельн қаласында өмір сүрген итальяндық парфюмер, “Eau de Cologne” («Кельндік су») деп аталатын парфюм жасаған. Осы парфюм арқылы қала барлық Еуропаға танымал болды. Сондай-ақ қаланың керемет әдемі витраждары, соборлары бар. Вальраф-Рихарц (Wallraf-Richartz) мұражайының көркемсурет галереясы, классикалық музыкалық концерттердің біріне немесе ашық аспан мүсін паркі-мұражайына баруға болады.

Миттенвальд

Миттенвальд қаласы таңғажайып әдемі фрескалардың арқасында осындай танымалдылыққа ие болды. Бүгінгі күні осы шағын қалада шамамен сегіз мыңдай адам тұрады. Жаз мезгілінде скрипкалық шеберліктің орталығы болып саналатын Миттенвальда классикалық музыка концерттері өткізіледі, ал қыста қала тау шаңғысы курортына айналады.

Германия қаласы миттенвальд
http://hungryforlife.eu/

Гамбург

Гамбург Еуропадағы екінші үлкен портық қалалардың бірі. (Нидерландыдағы Роттердамнан кейін). Ол қала керемет балық мейрамханалары, ірі сауда орталықтарымен және әсерлі сәулетімен танымал. Жазғы уақытта тегін концерттер өтетін Жапонияның Plantin Un Blomen Park жапон бағында демалуға болады. Гамбургты жиі «әлем терезесі» деп атайды. 

Гейдельберг

Гейдельберг Германиядағы ең көне университеттің туған жері. Және көптеген ұлы суретшілер, композиторлар Уильям Тернерден Иоганн Гётеге дейін шабыт берген қала. Қаланың тамаша орындары: Гейдельберг шіркеуі, Неккар өзенінің жағасы, барокко ғимараттары, көптеген мұражайлар мен театрлар. Жыл сайын Гейдельбергте әр түрлі фестивальдар, джаз музыкасының концерттері, қарашада Mannheim-Heidelberg Халықаралық кинофестивалі өтеді.

Германия қаласы Гейдельберг
https://www.goethe.de/

Бремен

Солтүстік Германиядағы тарихи қаланың бірі болып табылады. Бременнің орталығы – Орталық көше алаңы, Әулие Петр соборы мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін қалалық ғимарат. 

Штутгарт

Штутгарт қаласы “автомобиль” қаласы деп саналады. Автокөлік өнеркәсібінің екі гиганты — Mercedes-Benz және Porsche штаб-пәтерлері осы қалада орналасқан. Штутгарт қаласында екі сарай кешені, ежелгі виллалар, сәнді саябақтар мен соборлар мен тамаша хайуанаттар бар.

Германия қалалардың бірі Штутгарт
traveller-eu.ru

Баден-Баден

Қара орманның солтүстік бөктерінде орналасқан СПА-қалашық. Баден-Баденнің әдемі алқаптары мен сауықтыру алаңдары тамаша орын болып табылады. Еуропадағы ең үлкен опера және концерт залы Баден-Баден қаласында орналасқан.