Гандбол спортының пайда болу тарихы және ережесі

Гандбол спортының пайда болу тарихы мен ережесі

Гандбол тарихы

Гандбол спортын Дат футболшылары ХІХ-ХХ ғасырдың басында ойлап тапты. Қыс мезгілінде ойыншылар футбол ойынының орнына қолмен ойнайтын спорт түрін ойлап табуға кірісті. Нақтырақ айтсақ Гандболдың тарихы 1898 жылы дүниеге келді. Дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен оқушыларға допты қолмен ойнауды ұсынды. Сонымен қоса «handball» деп атады.

 Команда 11 адамнан тұрды. (10 ойыншы және 1 қақпашы). Допты тек қана қолмен өткізуге рұқсат берілді (голкипер үшін ерекше жағдай жасалған). Ойыншылар қарсылас команданың қақпасына кішкентай допты салу керек болды. Гандбол ойындары ашық ауада өтті. Уақыт өте келе ойын ережелері өзгерді. 1954 жылы екінші гандболдан әлем чемпионатында жарыстар ауа-райына байланысты  залға ауыстырылды.

Гандбол спортын құрушы Хольгер Нильсен
Sodemann.dk

Алғашқы матч

Командадағы ойыншылардың саны азайып, жеті ойыншы болып өзгертілді. (ерлер үшін — 1938 жылы, әйелдер үшін — 1957 жылы). Оған қарамастан 30 жыл бойы команда арасындағы бәсекелестік екі схема бойынша өткізілді. (7-ден 7 немесе 11-ден 11-ге дейін).

 Алғашқы матч 1920 жылы Берлин қаласында Германия чемпионаты өткізілді. 1923 жылы ойын ережелері түзетілді. Доптың өлшемін төмендетіп, «үш секунд» және «үш қадам» ережелерін енгізді. Бұл ойынның техникасын айтарлықтай арттырды. 1925 жылы неміс командасы мен австриялық команда арасында бірінші халықаралық кездесу өтті. Матч 5: 6 есебімен аяқталды.

 1926 жылы гандбол халықаралық спорт түрінде енді. Ол спорттың бірнеше елдің дамуына серпін берді. Спорт клубтары Люксембургте, Испанияда, Швейцарияда пайда болды. Ал 1928 жылы Амстердамда Халықаралық әуесқой гандбол федерациясы құрылды. 1936 жылы гандбол алғаш рет Берлинде өткен Олимпиада ойындарына енгізілді.

Гандбол спортының пайда болу тарихы мен ережесі
sputnik-georgia.ru

1946 жылы гандбол дамуға жаңа серпін алды. Халықаралық гандбол федерациясы (IHF) құрылды. Ол спорт түрінің әлемдік жаңғыртуға бағытталған бағдарламаны бекітті. Сондай-ақ әлем чемпионаттарын өткізу жоспарын бекітті (11х11 форматта). 1966 жылдан бастап гандбол командасында 7 адам болды.

Гандбол ережесі

Алаң өлшемі (40 х 20 м) және қақпа (3 х 2 м) құрайды. Ерлер жарыстарында доптың өлшемі 58-60 см-ге дейін, салмағы 425-ден 475 г-қа дейін (әйелдердің тиісінше 54-56 см және 325-400 г) қолданылады. Ойыншылар екі тайм ойнады: ерлер — 30 минут, әйелдер — 25 минут. Гандбол ережелерін төреші қадағалайды. Қарсыласқа қатысты өрескел ойын үшін судьялар 2 минутқа ойыннан шығартады және жеті метрлік еркін атуды тағайындайды.