Галактика құрылымы және айналу уақыты

Галактика құрылымы және айналу уақыты

Галактика айналуы туралы мәлімет

Галактика айналуын 1859 жылы көптеген ғалымдар зерттеді. Дәлелдеу үшін көптеген жұлдыздардың сәулелік жылдамдықтарын білу қажет еді. Ал оларды сол кезде ешкім білмейтін, ол тек біздің ғасырдың алғашқы ширегінде ғана нанымды анықталған болатын. М.А. Ковальский жұлдыздардың меншікті қозғалыстарын зерттей келе,галактиканы айналады деп тұжырымдады. Оның идеясын голландия астрономы Я. Оорт дамытты. Я.Оорт 1927 жылы Галактиканың айналатынын дәлелдеді.

 Мұндай дәлелдеудің мәні қарапайым, Құсжолының ең үлкен жұлдыз бұлтының Мерген шоқжұлдызында екенін еске түсірейік. Демек, бұл жұлдыз бұлтын Галактика түйдегі деп санау заңды. Құсжолындағы Күннен әр бағытта орналасқан жұлдыздар топтарының сызықтық жылдамдықтарын қарастырған. 

Галактикада жарқырауы жоғары алып жұлдыздар,физикалық айнымалы жұлдыздар, жұлдыздар шоғырлары мен басқа объектілер, сондай-ақ радиотолқын тарататын сутегі бұлттардың орналасуына қарай Галактиканың құрылымы мен Күн жүйесінің ондағы орны анықталған. Аяғында Галактиканың жалпы көлемінің 30 000 пк(100 000 жар.жылы), ал Күннің оның центрінен шамамен 10 000 пк(30 000 жар.жылы) алыс, яғни Галактиканың ценріне қарағанда оның шекарасына екі еседей жақын орналасқаны белгілі болады.

Галактика айналуы туралы мәлімет
https://www.dailytechinfo.org/

Галактика құрылысы

Біздің жұлдыздық жүйенің орталық аймағында алапат жұлдыздар түйдегі бар. Мергендегі Үлкен жұлдыз бұлты оның бір бөлігі болып табылады. Ал екінші бөлігі қалың тозаң қабатынан көрінбейді. Бірақ 1949 жылы астрономдар А.А.Калиняк, В.И.Красовский мен В.Б.Никонов электронды-оптикалық аппараттарды пайдалана отырып түйдекті түгел суретке түсірді. Ал онан кейін ол оның радиосәулесі бойынша зерттеледі. Оның сызықтық көлемі 4800х3100 пк және негізінен қызыл алыптар мен ергежейлі жұлдыздардан тұрады. Орталық түйдектің ішкі жағында Галактиканың аумағы 30х15 пк ядросы бар және одан секундына 200 км жылдамдықпен газ ағындары шығып жатады.

 Ядроның ортасында жұлдыз тәрізді объекті – әйгілі қуатты радиосәуленің көзі бар. Галактика жұлдыздарының негізгі саны, сондай-ақ сиреген жұлдыздар шоғырлары галактикалық жазықтықтың екі жағында спираль құрылым түзе, 1500 пк-ке жуық қалың қабат болып орналасқан. Осы спиральдардың тармақтары бізге Құсжолы немесе жең сияқтанып көрінеді. Олар орталық түйдектен тарайды. Бірақ үшеуінің бөліктерінің Персейдегі, Үшарқар-Таразыдан және Мергеннен жақсы көрінетініне қарамастан олардың саны белгісіз.

https://nauka.vesti.ru/

Қызықты фактілер

Жұлдыздардың орталық түйдек төңірегіндегі айналу жылдамдықтары алыстауларына қарай әуелі артады. Күн маңындағы ең жоғары шегіне шамамен секундына 250 км/с-қа жетеді. Ал Галактиканың шекарасында баяу азаяды. Осы жылдамдық пен Күннің Галактика центрінен қашықтығы бойынша Күннің 200 млн жылға жақын және галактикалық жыл делінетін айналу периодын есептеп шығару қиын емес.

 Күннің айналу периоды бойынша Кеплердің үшінші толықтырылған заңын пайдалана отырып, Күн массасы есебінен Галактиканың массасын шамалап анықтауға болады. Ол 200 млрд Күн массасындай болып шықты.

 Галактиканың спиральды жеңдеріне енетін объектілер I кейіптегі қоныс деп саналады. Галактиканың жазық ішкі жүйесін құрайды. Оған О және В спектрлі кластарындағы жарық жұлдыздар, айнымалы жұлдыздар-цефеидтер, сиреген жұлдыздар ассоциациялары, газ-тозаңды тұмандықтар жатады. Оған керісінше,шар тәрізді жұлдыздар шоғырлары, қызыл асқын алып жұлдыздар жатады. Галактикалық жазықтықтан 10 000 пк-ке дейін, жұлдызды жүйенің орталық түйдегін жан-жағынан қоршай тараған. Осы барлық объектілер П кейіптегі қонысқа жатқызылған және Галактикалық сфералық ішкі жүйеге енеді.