Вольтер француз халқының ұлы ақыны және философы

Вольтер француз халқының ұлы ақыны және философы

Вольтер балалық шағы

Вольтер туған кездегі  аты Франсуа-Мари Аруэ 1694 жылы 21 қарашада Париж қаласында дүниеге келді. Бала туған кезде әлсіз болды, сондықтан ата-анасы дін қызметкерден көмек сұрады. Вольтер жеті жасқа толғанда, анасы Мари Маргерит Домар қайтыс болды. Болашақ философ әкесінің қолында тәрбиеленді.

Франсуа Аруэ (әкесі) өз баласын Ұлы Людовик атты иезуиттік колледжге жібереді. Бұл колледжде Вольтер латынь тілін үйреніп, көптеген әдеби шығармаларды оқыды. Бірақ жастайынан діни догмаларға сыни көзқараспен қарады. Әкесі баласының заң қызметкері болғанын қалады. Сондықтан Франсуа қорғаушы конторында жұмыс істеді. Бірақ жас жігіт заң ғылымына қызығушылық танытпады. Франсуа бос уақытында  сатиралық әңгімелер жазумен айналысты.

Вольтер балалық шағы
https://stories-of-success.ru/

Әдебиет

Вольтер 18 жаста толғанда, алғашқы пьесасын жазды. Екі жылдан кейін, Франсуа-Мари Аруэ Париждегі даңқты ханымдар мен мырзалар арасында танымал болды. 1717 жылы философ король Людовик XV-тың туысы Филипп II Орлеанға сатиралық өлең жазған еді. Бірақ бұл француз королдігіне ұнамады. Сондықтан жас жазушы бір жыл Бастилия түрмесінде отырып шықты. Жазушы шығармашылығын түрме кезінде қарқынды дамытты. Бостандыққа шыққан жазушы атақ даңққа ие болды. Comedie Francaise театрында жазушының пьесасы 1718 жылы сахнаға қойылды.

Жас жігіт атақты болғаннан кейін, көптеген романдар және философиялық памфлеттер жаза бастады. Жазушы көбінесе тарихи кейіпкерлерді романдарында қолданды. (Олар Цезарь, Брут және Мұхаммед және т.б.) Поэзияға келетін болсақ, Вольтердің «Генриад» классикалық эпопеясы 1728 жылы жарық көрді. Бұл жұмыста философ патшалар мен дворяндарды жалған тәңірлерге табынған үшін айыптады. 1730 жылы жазушы негізгі сатиралық поэмасы «Орлеан пәк қызы» бойынша жұмыс істеді. 1762 жылы кітап болып басылып шығарылды. Оған дейін анонимді түрде шығып отырған еді.

Вольтер әдебиет жолы
https://24smi.org/

1767 жылы жарық көрген «Ақкөңілдік» жұмысы «табиғи заңдылық теориясы» туралы пайымдайды. Бұл қолжазба лирикалық элементтердің, роман-тәрбие мен философиялық романның қоспасы болып табылады.

Философия

1725-1726 белгілі себептерге байланысты,патшаның бұйрығымен жазушы шет елге(Англия) кетуге мәжбүр болды. Философты Біріккен Корольдіктің конститутциялық монархиялық билік жүйесі керемет таңқалдырды. Ағылшын ойшылдарымен кездесіп көптеген философиялық идеяларды құрған. Вольтер эмпиризм философиялық бағытының өкілі.

Француз ойшылы Джон Локктың ілімдерін таратып, материалистік философияны теріске шығарды. «Философиялық хаттардың» негізгі идеялары теңдік, мүлікті құрметтеу, қауіпсіздік пен еркіндік болды. Вольтер сондай-ақ рухтың болуы туралы нақты жауап айтпады. Себебі оны дәлелдеу өте қиын еді. Бірақ “адам еркіндігі” мәселесі бойынша Вольтер индетерминизмнан гөрі детерминизмдік көзқарасты ұстанған. Абсолютизм  идеясын теріске шығарушы және шіркеу жүйесінің жұмысын сынға алушы. Философ деист болған, бірақ догмалық іліммен тылсым-дүниеге қарсылық білдірген.

Вольтер жеке өмірі
amur.info

Вольтер жеке өмірі

Бос уақытында философ шахмат ойнағанды жақсы көрді. Жазушы математика және физика ғылымымен айналысқан Маркиз Дю Шатлені жақсы көретін. Жас ханым тіпті 1745 жылы Исаак Ньютонның жұмыстарын аударған. Маркиз Дю Шатле Вольтерге физика заңдарына және математикалық формулаларға сүйіспеншілік таныттуды дағдыландырды. 

1749 жылдың күзінде Дю Шатле бала туу кезінде қайтыс болды. Содан кейін жазушы депрессияға ұшырады. Өмірінің соңғы жылдарында Вольтер швейцариялық үйінде тұрды. Философ француз патшаларынан жасырынып жүріп, 83 жасында қайтыс болды.