Вконтакте әлеуметтік желісі қалай пайда болды?

Вконтакте әлеуметтік желісі қалай пайда болды?

ВКонтакте әлеуметтік желісінің  құрылуы керемет жаңалық болмады. Бірақ Посткеңестік кеңістіктегі өте танымал болды. Идеяны дұрыс іске асырудың өзі құрметке лайықты іс. Бүгінде орыс тілінде сөйлейтін Интернеттің ең үлкен әлеуметтік желісі. Әлемдегі 42-ші ең танымал веб-сайт.

Вконтакте тарихы

2005 жылы  Павел Дуров пен ағасы Николай Дуров бірге ВКонтакте әлеуметтік желісінің идеясын дамыта бастады. Шетелден келген досы Пашаға  бүкіл әлемде жұмыс істейтін facebook әлеуметтік желісі туралы айтады.Бағдарламашы алыста тұратын достарымен байланыста болу қаншалықты қиын екенін түсінді. Оған адамдар тек пошта арқылы хабарласып тұрды. Бірақ нақты сөйлесіп аудио және видео жазып алу мүмкіндігі болған жоқ. Тек facebook,myspace сияқты америкалық компаниялар осы идеяны дамытқан еді. Facebook туралы осы жерден оқи аласыздар:

Facebook әлеуметтік желісі қалай пайда болды?

Оған дейін Павел Дуров әр түрлі студенттерге пайдалы сайттар жасаған еді. Оның бірі http://durov.com/ — гуманитарлық пәндер бойынша студенттерге арналған сабақ, оқу материал болды. Ол сессия кезінде ерекше танымал болды. Келесі студенттік форум болды.Ол http://spbgu.ru/  жерде  студенттер әртүрлі тақырыптарды талқылайтын.                                                

Вконтакте желісін құрушы Павел Дуров
https://newizv.ru

Алғашқы кезең

 Вконтакте әлеуметтік желісінің альфа нұсқасы 2006 жылдың жазында жұмыс істей бастады.Ол кезде Павел Дуров 22 жаста еді. Қыркүйек айынан бастап бета-тестілеу — түпкілікті шығарылым алдында қателерді анықтау үшін жүргізілді. 2006 жылдың 1 қазанында http://vkontakte.ru домені тіркелді. Ресми іске қосылған күні 10 қазан болды. Durov.com сайтында студенттер мен магистранттарға арналған жаңа сайт пайда болғанын Павел Дуров хабарлады.  Бұл хабарлама осы күнге дейін сайтта тұр

Жоба жабық түрде жұмыс істеді. Оған тек нақты атымен және тегі бойынша шақырылған студенттер ғана тіркеле алды. Осы сәттегі негізгі қызметтер қазірдің өзінде жұмыс істейді. Іздеуді, профильді баптауды, оқу орнын таңдауды, жеке хабарламаларды, фотоальбомдарды жасау мүмкіндігі сол кезде болды. Рунет қауымы үшін  инновацияның бірі  суреттердегі адамды белгілеу болды.

https://wylsa.com

Бір жарым айдан кейін тіркелу ашық болды. Сонымен қатар жарнамалық кампания  жүргізілді.(қолданушылардың санын көбейту үшін). Жаңа аудиторияны тарту үшін жасалған қадам өте табысты болды. Әр түрлі конкурстар ойнатылды.Сыйлыққа Apple-дын  iPod nano, iPod Shuffle, iPod video т.б заттары сыйланды. Одан кейін сайт өте танымал болды. Бірнеше аптадан кейін сайт сервер мүмкіндіктерінен асып, қуаттылықты арттыруға тура келді.

 2007 жылы ол ең үздік бестікке кірді. 5 қарашада миллион  қолданушы тіркелді. Ал жылдың аяғына дейін «ВКонтакте» тек mail.ru сайтынан қалып тұрды.

  2010 жылдың соңында пайдаланушылар саны 100 миллионға жетті.

Вконтакте туралы ақпарат

Ресурсты жарнамалағаннан кейін қолданушылардың санын көбейді және жаңа функцияларды қосқты. Жаңа серверлерді сатып алуға және қызметкерлерді кеңейтуге көбірек ақша қажет болды. Қажетті сома миллион доллармен бағаланды. «ВКонтакте» компаниясының иелері сатып алу үшін көптеген ұсыныстар алды және соңында «ВКонтакте» компаниясының акцияларының 24,99% -ын (16,3 млн. доллар) DST (Digital Sky Technologies) алды.

Басынан бастап, сайт тек қана пайдаланушыға бағытталды. Іздеу және адамдар арасындағы қарым-қатынасты ең басты идея болды.

 ВКонтакт әлі де жарнамадан бас тартқан болатын. Бірақ пайда табу үшін басқа құралдарды қолданды. Олар  SMS-хабарламалар арқылы жеке рейтингісін арттыру мүмкіндігінен бастады. Содан кейін олар «Сыйлықтар» ақылы қызметімен таныстырды. Виртуалды картаны немесе заттарды досыңызға төлеп жіберетін мүмкіндік болды. Виртуалды валюта нақты ақшаға сатылды.

Вконтакте желісінің құрушысы Павел Дуров
https://www.macdigger.ru

Дарынды жұмыскерлер

Павел Дуров ағасы Николай бір кездері сервер жүктемелерін оңтайландыру үшін көп жұмыстар атқарған. Сонымен қоса компанияның техникалық директоры болып  жұмыс істеген.

Қазір «ВКонтакте» -тің құрушылар тобы Дуровтың көптеген университеттік достары және пікірлес бағдарламашылардың шеңбері болып табылады. Компанияға ең ақылды, ең жақсы, үздік студенттер, беделді университеттердің түлектері және олимпиадалардың жеңімпаздары ғана жұмыс істейді. 

Олардың жұмысы үшін орын таңдалады. Санкт-Петербургтің қақ ортасында, қаланың басты магистралі бойынша Қазан соборының қарама-қарсы бөлігінде «ВКонтакте» компаниясының кеңсесі орналасқан. Ол кеңсе әлемге танымал  «Зингер»  ғимарат болып табылады.

 Люкс-офисде жұмыс үшін барлық жағдай жасалған. Бірақ командаға қойылатын талаптар қатал. Олар қызметкерлер жұмыс кезінде  темекі шегуге және ішімдік ішуге  өздері арасындағы қақтығыстар мен әдепсіз сөздерді қолдануға болмайды.

2011 жылы «ВКонтакте» қызметкерлері әлемдегі бағдарламалау бойынша әлем чемпионатында бірінші орынды иеленді. Алексей Левин, Валентин Корноратов және Арсен Смирнов Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің атынан алтын медаль, сондай-ақ әлемдегі төртінші орынды иеленді. 2001 жылы Николай Дуров осы чемпионатта бірінші орынды иеленген. Осылай  ВКонтакте әлеуметтік жүйесі дарынды қызметкерлердің арқасында дамып келе жатыр. 

2014 жылы Павел Дуров өз акциясын сатып компаниядан кетіп қалады. Дуров өзінің қалған ақшасын келесі идеясына жұмсайды. Ол telegram мессенджері болды.