Веб-форум жұмыс істеу принципі және түрлері

Веб-форум жұмыс істеу принципі және түрлері

Веб-форум дегеніміз не?

Веб-форум дегеніміз пайдаланушылар арасындағы бір тақырып бойынша пікірлесу алаңы. Форум терминінің тұжырымдамасы талқылау мағынасына сәйкес келеді. Форумның негізгі мақсаты әр түрлі тақырыпты талдауға мүмкіндік беру. Пайдаланушылар форумды талқылаумен қатар, сол тақырыптар бойынша хабарларды орналастыра алады. Пайдаланушылар аталған тақырыпқа бойынша пікір қалдырып, сұрақтар қойып, жауап беруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ басқа форум пайдаланушыларымен қарым-қатынаса алады. 

Веб-форум туралы жалпы ақпарат
http://www.neumeka.ru/

Тақырып ішінде пайдаланушылар әр түрлі сауалнамалар (дауыс беру) жүргізеді. Сұрақтар мен жауаптар форумның дерекқорында сақталады. Сонымен қатар болашақта форум қатысушылары туралы нақты ақпаратты білуге болады.

Құрылысы

Веб-форум құрылысы тақырыптарға байланысты бөлінеді. Бірнеше ұқсас келген тақырыпшалар бірігіп бір үлкен тақырыпты құрайды. Веб-форум иерархиясы былай бөлінеді: Бөлімдер → Тақырыптар → Хабарлар (хабарламалар). Жиі бірнеше бөлімдер біріктіріліп, асқан-бөлім болып шығады. Мұндай жағдайларда веб-форум бірнеше форумдарға бөлінеді. Тақырыптар жиынтығының қалыптасуына байланысты  тақырыптардың динамикалық және тұрақты тізімдері жасалады. Тақырыптардың динамикалық тізіміне ие форумдарда қарапайым қатысушылар жаңа тақырыптар аша алады. 

habr.com/

Хабарларда «автор — тақырып – мазмұны  — күні / уақыты» көрсетіледі. Бұл хабарламалар әр түрлі тарамдар бойынша тарайды. Негізі форумдар құрылысына байланысты үш түрге бөлінеді:

1.ағаш тәрізді;

2.кесте тәрізді;

3.әмбебап (немесе гибридті).

Ағаш тәрізді форумдар  қатаң иерархияны қалыптастыратын хабарлар. Бұл жерде талқылауды өте нақты түрде жүргізуге болады. Жауап-хабар технологиясы жақсы жұмыс істейді.

Кесте тәрізді  форумда қатысушылардың жауаптарының (хабарламаларының) иерархиясы ұйымдастырылады. Тақырыптардағы барлық хабарламалар лента тәрізді көрінеді. сондықтан мұндай форумдарды ленталы форумдар деп атайды. Әмбебап форумдар кесте мен ағаш тәрізді форумдардың біріктірілуінен пайда болған. Артықшылықтары форумның құрылымын қолданушылар өздері таңдайды. Кемшіліктері форум қолдануының күрделілігі.

Веб-форум құру үшін технологиясы
http://sa1nikov.ru/

Веб-форум технологиясы

Форум сервисі дегеніміз кез келген үшінші тарап қолданушыларына өз веб-форумын жасауға мүмкіндік беретін веб-қызмет. Форумның барлық техникалық жағдайын арнайы серверлер қызмет көрсетеді.  Қызметтік ішіне абарларды сақтау, жад, қателіктерді түзеу және т.б. жатады. Сонымен қатар, сервис автоматты түрде форумның  админі болады. (яғни ол форум қызметтерін ерікті түрде конфигурациялау алады.).

Веб-форумдарды жүргізу үшін әр түрлі бағдарламалық өнімдерді пайдалану керек. Мұндай бағдарламалық жасақтама үшін көптеген “движоктар” қолданылады. Олар Invision Community, vBulletin, phpBB, Simple Machines Forum(SMF), XenForo және т.б.