Брэд Питт танымал американдық актер және продюсер

Брэд Питт танымал американдық актер және продюсер

Брэд Питт балалық шағы

Брэд Питт 1963 жылы 18 желтоқсанда Оклахома штатында орналасқан Шауни қаласында дүниеге келген. Брэдтің әкесі Уильям Питт жүк тасымалдау компаниясында менеджер болып жұмыс істеді. Ал анасы Джейн Этта Хиллхаус мұғалім болды. Брэд Питтің балалық шағы Спрингфилд қаласында өтті. Себебі Брэд дүниеге келгеннен кейін отбасы осы қалаға көшіп келді. 3 жыл өткен соң, інісі Даг және тағы ал үш жылдан кейін қарындасы Джулия дүниеге келді.

Мектеп кезінде жас Питт спортпен айналысты. Сонымен қатар музыка клубына қатысып, студенттік басқарудың мүшесі болды. Бітіргеннен кейін жас актер Колумбия университетінде оқып шықты. Университетте Брэд жарнама мен журналистика мамандығын оқыды. Университетті бітіргеннен кейін жас жігіт Голливудқа бет бұрады.

Брэд Питт балалық шағы
https://24smi.org/

Голливудқа келген кезде тәжірибесіз Брэд Питт жүргізуші болып жұмыс істеді. Содан кейін жиһаз тасымалдаушы болып еңбек етті. Бірақ бұл жұмыс жас актерге ұнамады. Сондықтан бірнеше айдан кейін ол El Pollo Loco деп аталатын танымал мейрамханалар желісінің қызметкері болды. Питт мейрамханаға адамдарды шақыру үшін тауық костюмін күнделікті киіп отырды.

Фильм

Питт әрдайым актерлік сабақтарға қатысып отырды. Оның кәсіби мансабы “Даллас” сериясындағы рөлден басталды. Далластан кейін көп ұзамай Брэд бірнеше телехикаялардың эпизодтарында пайда болды.(Crypt, Tales of the Underworld, Jump Street 21).

1988 жылы Брэд Питт «Күннің қара жағы» фильмінде басты рөлді ойнады. Бірақ фильмді түсірген елде азаматтық соғыс басталғандықтан, фильмді 10 жылдан кейін ғана экранға жариялады.12 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыны Брэд Питт  «Вырезая класс» атты комедиялық фильміннен алды. Онда ол  Дуайт Ингаллс рөлінде ойнады.

Брэд Питт алғашқы фильмдері
https://24smi.org/

1995 жылы «Он екі маймыл» фильміндегі рөлі үшін Брэд Питт «Оскарға» ұсынылды. Сол жылы ол кинематография тарихындағы ең әдемі 25 актерлер тізіміне ресми түрде кірді. Содан бері американдық актер әлемдегі миллиондаған әйелдердің идолына айналды. 1999 жылы үзілістен кейін Питт кино әлеміне қайтып келеді. Дэвид Финчер басқарған «Бойцовский клуб» фильмінде басты рөлге ие болады.

Брэд Питт "Троя" фильмінде
https://24smi.org

1995 – «Семь»

1998 – «Знакомьтесь, Джо Блэк»

1999 – «Бойцовский клуб»

2000 – «Большой куш»

2001 – «Шпионские игры»

2001 – «Одиннадцать друзей Оушена»

2004 – «Троя»

2005 – «Мистер и миссис Смит»

2008 – «Загадочная история Бенджамина Баттона»

2009 – «Бесславные ублюдки»

2016 – «Союзники»

2018 – «Дэдпул 2»

Брэд Питт жеке өмірі

Брэд Питт 2000 жылғы 29 шілдеде актриса Дженнифер Энистонға үйленді. 2005 жылдың 25 наурызында, бес жылдық некеден кейін ажырасып кетті. 2006 жылдың 11 қаңтарында Джоли Питтен бала күтіп отырғандығын растады.

https://24smi.org/

2006 жылдың 27 мамырында Шайло Нувель атты қызы дүниеге келді. 2008 жылы 12 шілдеде жұптың Франция елінде жүргенде егіздер дүниеге келді. (Олар ұлы Нокс Леон мен қызы Вивьен Марчелин). Сонымен қатар голливудтық жүп 3 баланы асырап алды. Қазір олардың алты балалары бар. Ұлдары Мэддокс Шиван, Пакс Тьен және Нокс Леон; қыздары Захара Марли, Шайло Нувель және Вивьен Маршелин. 2016 жылдың 9 қыркүйегінде әйелі Анджелина Джоли ажырасуға өтініш берді.