Билл және Мелинда Гейтс қоры туралы деректер

Билл және Мелинда Гейтс қоры туралы деректер

Билл және Мелинда Гейтс қорының құрылуы

Билл және Милинда Гейтс Қоры 1994 жылы құрылған. Бастапқыда Уильям  Гейтс Қоры деп аталды.(англ. William H. Gates Foundation). 1999 жылы ол өзінің атын Билл және Мелинда Гейтс Қорына ауыстырды. 2000 жылы ол Gates Learning Foundation-мен біріктірілді. Қор АҚШ-тың Сиэтл қаласында орналасқан. 2017 жылдың жағдай бойынша қорда 50 млрд. АҚШ доллар көлемінде қаражат бар. Қайырымдылық қызметі үшін Билл және Мелинда Гейтс (сондай-ақ музыкант Боно) 2005 жылы Time журналына бойынша “жыл адамы” деп танылды. 2010 жылдың маусым айында Уоррен Баффет АҚШ тарихындағы ең үлкен 37 миллиард доллар көлемінде қайырымдылық жасады. Билл Гейтс туралы мына мақаладан оқи аласыздар: Билл Гейтс американдық кәсіпкер және әлемдегі бай адам

Билл және Мелинда Гейтс қоры туралы деректер
pikabu.ru/

Қор мақсаты

Қордың негізгі мақсаты денсаулық сақтау жүйесін қолдау және жетілдіру, сондай-ақ кедей елдердегі аштықпен күресу болып табылады. Қордың қаржысы ВИЧ / СПИД және туберкулездің алдын алу және емдеу, безгекпен күресу, Үндістан мен Африкадағы балаларды иммунизациялау жөніндегі жобаларға, оның ішінде GAVI Альянсы арқылы және басқа да бастамаларға бағытталған.

Америка Құрама Штаттардағы қордың басым бағыты білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Осылайша, 2009 жылы қор АҚШ-тағы қашықтықтан оқыту әдістерін жетілдіру, қазіргі заманғы мультимедиялық оқу материалдарын қолдана отырып, интерактивті сыныптар құру үшін 12,9 млн. АҚШ долларын бөлген.

2009 жылдан бастап Билл Гейтс қордың ресми сайтында “жолдаулар” жариялайды. Сайттың ресми сайты https://www.gatesfoundation.org/ Жолдауда қайырымдылық ұйымының жетістіктері мен болашаққа арналған жоспарлары туралы баяндалады.

Қызықты деректер

2017 жылдың қазанында қор Mojaloop деп аталатын блокчейн жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты  кедей адамдарға қаржылық қызметтерге қол жеткізу. Жоба Ripple Interredger хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.Қытайдағы көрмеде Билл Гейтс сусыз және канализациясыз жұмыс істейтін дәретхана дизайнын ұсынды.Қалдықтар химиялық заттар арқылы тыңайтқышқа өңделетін болады деп болжануда.

«Мұнда көріп отырған технологиялар 200 жылдан астам уақыт аралығында санитария саласындағы ең маңызды жетістіктер болып табылады», — деп атап өтті Билл Гейтс. Гейтстің айтуынша, жоба бойынша жұмыстар бірнеше жылдарға созылып, қазір нарыққа шығуға дайын. Дәретхана жобасы Билл мен Мелинда Гейтс қорымен қаржыландырылды. Қордың бағалауы бойынша, оның дамуына 200 миллион доллар жұмсалды.