Бадминтон спортының пайда болу тарихы

Бадминтон спортының пайда болу тарихы

Бадминтон туралы жалпы ақпарат

Бадминтон бұл екі ойыншы немесе екі адамдық команда арқылы бір-бірімен бәсекелесетін олимпиадалық спорт түрі. Ең энергия шығынды спорт түрлерінің бірі. Ойыншылардың (немесе командалардың) мақсаты қарсылас ойыншының алаңына бадминтонға арналған қауырсынды шарды шатастау керек.

Пайда болу тарихы

Бадминтон спортына ұқсас ойындарды ежелгі Грецияда, Үндістанда, Жапонияда, Қытайда және тіпті бірнеше африкалық елдерде ойнаған. Бүгінгі күнге дейін белгілі ең ежелгі ойындардың бірі болып саналады. Бұл спорт түрі нақты Үндістан елінде пайда болған. Ол жерде бұл спорт түрі «Пуна» деп аталды. Кейін ағылшын матростары бұл ойынды Англияға әкелді. Ойын біртіндеп танымал болды.

Бадминтон спортының пайда болу тарихы
multiurok.ru

Спорттың дамуына ағылшын герцогы Бофорт өз үлесін қосты. 1873 жылы герцог Бофорт Үндістаннан үйіне оралған кезде, ол «Пуна» ойынына арналған инвентарды өзімен бірге алып келді. Көп ұзамай герцог  өзінің көптеген туыстары және айналасындағы аристократтарына ойынды таныстырды. Бадминтон мекен-жайы бұл спортың орталығына айналды. Осыған байланысты спорт «бадминтон» деп аталды.

Бадминтон ережесі

Ойын басталғанға дейін командалар арасында бірінші қызметтің құқығын айқындайтын  жеребе тастау өткізіледі. Соққы жасау ережелері: ракетка арқылы соққы әрдайым төменнен болуы керек. Ракетка соққы жасайтын ойыншының белінен аспауы керек. Жалған немесе алдамшы әрекеттерге рұқсат беріледі. Ойын басталғаннан кейін ойыншылар алаңда еркін қозғала алады. Тек  торға жанасу қатаң тыйым салынады.

Ойын ең көп дегенде үш геймнан тұрады. Әр геймді 21 ұпай жинаған ойыншы немесе команда жеңіп алады. Егер 20-20 есебі болып қалса 2 ұпай, 29-29 болса 1 ұпай жинау жеткілікті. Бұл ережелер Олимпиада ойындарына қатысты.

Бадминтон спортының ережесі
kazanfirst.ru

Геймдарда үзілістер бір минуттан артық болмауы керек. Сонымен қатар ойыншы немесе команда 11 ұпай жинауы тиіс. Геймдар арасындағы үзіліс 2 минут. Бадминтон алаңы тікбұрышты болып келеді. Алаңның ені 5,18 метр ұзындығы 13,4 метрді құрайды. BWF халықаралық ұйымның штаб-пәтері Куала-Лумпурде орналасқан.

Дамуы

1934 жылы Канада, Дания, Франция, Англия, Нидерланды, Ирландия, Шотландия, Жаңа Зеландия, Уэльс елдерінде халықаралық Федерациясы құрылды. 1947 жылдан бастап, Федерацияның қолдауымен  ерлер арасындағы әлем чемпионаты (Thomas Cup) өткізілді. 1992 жылы олимпиадалық спорт деп танылып, Олимпиада ойындарына қосылды. Содан бері әлемдегі танымалдығы өсіп келеді. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде танымал.