Антони Ван Левенгук нидерландық биолог, натуралист

Антони Ван Левенгук нидерландық биолог,натуралист

Антони Ван Левенгук балалық шағы

Антони Ван Левенгук 1632 жылы 24 қазанда Делфт қаласында дүниеге келді. Әкесі шебер-өңдеуші Филипс Тонисзон, анасы Маргарет ван ден Берх үй шаруасы болды. Антони Ван Левенгуктің тегі отбасының орналасқан жерінен шыққан екен. (Niderl Leeuwenpoort). Оның «hoek» деген қосымша сөзі «бұрыш» дегенді білдіреді.

Антони алты жасқа толғанда әкесі қайтыс болды. Анасы Маргарет Лейден маңындағы гимназияға оқуға жібереді. Болашақ натуралистің ағасы інісін математика және физиканың негіздеріне үйретті. 1648 жылы Антони Амстердамға бухгалтер мамандығын оқуға барады. Бірақ оқудың орнына галантерейлік дүкенге жұмысқа тұрады. Сол жерде ол қарапайым микроскопты  көрді. Микроскоп кішкене штативке орнатылып, тоқыма қызметкерлері қолданатын магнитті шынымен жабдықталған. 1654 жылы ғалым туған қаласы Делфтке қайтып оралды. Левенгук ғылыми жұмысымен қатар, дүкенде сауда-саттықпен айналысқан. Ғалым сол уақытта танымал суретші Вермеермен достық қарым-қатынаста болған. Микроскоп өнертабысы туралы мына жерден оқи аласыз: Микроскоп қалай және қашан пайда болды?

Антони Ван Левенгук балалық шағы
http://www.aif.ru/

Ғылым жолы

Көптеген жылдар бойы Левенгук линзаларды «микроскоптар» деп аталатын жасымық түрінде жасады. Линзалар көбінесе лупа қызметін атқарды. Бірақ оған қарамастан линзалар заттарды 100, тіпті 300 есе ұлғайтты. Левенгук зерттеулерді бастаған кезенің дәл уақыты жоқ. Микроскоп өнертабысын ойлап тапқанына қарамастан, ғалым өнертабысын одан әрі дамытпады.

Левенгук өзінің алғашқы ғылыми жұмысын 50 жыл бойы Лондонның Корольдік қоғамына және жеке ғалымдарға (мысалы, Христиан Гюйгенс, Роберт Гук, Готфрид Лейбниц, Роберт Бой-лю және т.б.) хат жолдап отырды. Бұл хаттар алғаш рет ғылыми журналдарда жарияланды. Содан кейін 1695 жылы латын тілінде «Энтони Левенгуктің микроскоптар көмегімен ашқан табиғат құпиясы» деп аталатын бөлек үлкен кітабында жарық көрді.

Сол жылдары биология ғылымы тек даму үстінде еді. Өсімдіктер мен жануарлардың дамуын және өмірін реттейтін негізгі заңдар әлі белгісіз болған. Ғалымдар жануарлар мен адамдар организмінің құрылымы мен функциялары туралы толық білмеген. Левенгук соңғы жылдары анималькулені(латын тілінен “жануарлар туралы”) зерттеумен айналысты. Ғалым әр түрлі заттарды, көптеген жерлерден жинап және зерттеген.

https://vamsterdame.com/

Антони Ван Левенгук жеке өмірі

Ғалымның жеке өмірі туралы нақты деректер жоқ. Оның жазбалары 1685, 1718 жылы нидерланд тілінде және латын тілінде жарық көрді. Содан кейін 7 томдық басылым 1695 жылдан 1722 жылға дейін жарық көрді. Левенгук 90 жыл өмір сүріп, 1723 жылғы 26 тамызда қайтыс болды. Ғалым қайтыс болғаннан кейін ағылшын тіліндегі басылым пайда болды (1798-1801).