Анджелина Джоли американдық танымал актриса

Анджелина Джоли американдық танымал актриса

Анджелина Джоли балалық шағы

Анджелина Джоли Войт 1975 жылы 4 маусымда Лос-Анджелес қаласында дүниеге келді. Анасы Маршелин Бертран, ал әкесі Джон Войт еді. Анджелина отбасында екінші бала болды. Кіндік ата-анасы француз киножұлдызы Жаклин Биссет және Оскар жеңімпазы американдық актер Максимилиан Шелл еді.

Анджелина туғаннан кейінгі бір жылдан соң, ата-анасы ажырасып кетті. Екі кішкентай баламен Маршелин Нью-Йоркке көшіп кетті. Барлық уақыттын балаларды тәрбиелеуге жұмсады. Екі жыл бойы Анджелина Джоли Войс Ли Страсберг кино мектебінде оқыды.

Анджелина Джоли балалық шағы
https://24smi.org/

14 жасынан бастап ұлдармен кездесе бастады. Екі жыл бойы ол жігітімен бірге тұрды. Бірақ сәтсіз махаббатқа байланысты 16 жасынан есірткі мен алкоголге қызықты. Кейінірек жұлдыз 20 жасқа келгенде есірткілік тәуелділіктен құтылған.  Болашақ Голливуд жұлдызының әкесі арасындағы қарым-қатынасқа байланысты кейбір психикалық аурулар пайда болған. Сондықтан актриса өзінің тегінен “Войт” атын алып тастаған.  14 жасынан бастан Анджелина Джоли әр түрлі подиумдарда сәндік үлгілер көрсеткен және Lenny Kravitz, Rolling Stones бейнероликтеріне түскен. 16 жасында театр сахнасында ойнаған.

Фильм

Анджелина Джолидің кинематографиялық өмірбаяны 1982 жылы басталды. 7 жасында актриса Энн-Маргрет Ульссон жетекшілігімен «Жолды іздеуде» комедиясының эпизодында ойнады. Актриса экранға 1993 жылы қайта оралды. 18 жасар актриса Cyborg-2: Shadow экшн-фильмінде Казеллу Риз рөлін сомдады. Екі жылдан кейін 1995 жылы Анджелина Джоли хакерлер триллерде Джонни Ли Миллермен бірге басты рөлді ойнады. Жаңа жұлдыз туралы Нью-Йорк Таймс газеті жазды.

Анджелина Джоли фильм жолы
https://24smi.org/

2001 жылы Анджелина Джоли «Lara Croft — Tomb Raider» шытырман оқиға фильмінде басты кейіпкерді ойнайды. Фильм прокатта 270 миллион доллар көлемінде қаражатты жинады. 2005 жылы голливуд актрисасын танымал еткен тағы бір фильм шықты. (Комедиялық фильм «Мистер және Миссис Смит»).

Фильмдер тізімі

1993 – «Киборг 2: Стеклянная тень»

1995 – «Хакеры»

1997 – «Изображая Бога»

1998 – «Джиа»

1999 – «Прерванная жизнь»

2000 – «Угнать за 60 секунд»

2001 – «Соблазн»

2001 – «Лара Крофт: Расхитительница гробниц»

2003 – «Лара Крофт: Расхитительница гробниц. Колыбель жизни»

2005 – «Мистер и миссис Смит»

2007 – «Беовульф»

2010 – «Солт»

2010 – «Турист»

2014 – «Малефисента»

2015 – «Лазурный берег»

Анджелина Джоли жеке өмірі

Анджелина Джоли британдық әріптесі Джонни Ли Миллермен кездескен. 1996 жылы жұп үйленді. Бірақ бір жыл өткен соң ажырасып кетті. Екінші рет Энджи актер Билл Боб Торнтонға тұрмысқа шықты. Ерлі-зайыптылар 2000 жылы үйлену тойын тойлады. Үш жылдан кейін жұп ажырасып кетті. 2006 жылдың 11 қаңтарында Джоли Питтен бала күтіп отырғандығын растады. Брэд Питт туралы мына мақаладан оқи аласыз: Брэд Питт танымал американдық актер және продюсер

Анджелина Джоли жеке өмірі
https://24smi.org/

2006 жылдың 27 мамырында Шайло Нувель атты қызы дүниеге келді. 2008 жылы 12 шілдеде жұптың Франция елінде жүргенде егіздер дүниеге келді. (Олар ұлы Нокс Леон мен қызы Вивьен Марчелин). Сонымен қатар голливудтық жүп 3 баланы асырап алды. Қазір олардың алты балалары бар. Ұлдары Мэддокс Шиван, Пакс Тьен және Нокс Леон; қыздары Захара Марли, Шайло Нувель және Вивьен Маршелин. 2016 жылдың 9 қыркүйегінде әйелі Анджелина Джоли ажырасуға өтініш берді. 

2004 жылы Камбоджа еліне гуманитарлық көмек көрсеткен үшін ел премьер-министрі Анджелина Джолиге құрметті азамат атағын берді. 2005 жылы БҰҰ гуманитарлық сыйлығына ие болды. Актриса бірнеше қайырымдылық ұйымдарын құрды: Madtox Jolie-Pitt Foundation, Education Partnership for Children of Conflict, Maddox Chivan Children’s Center.