Александр Дюма француз халқының ұлы жазушысы

Александр Дюма француз халқының ұлы жазушысы

Александр Дюма балалық шағы

Александр Дюма 1802 жылы 24 шілдеде Францияның солтүстігіндегі Вюль-Котре қаласында дүниеге келді. Ата-анасы Том Дюма мен Мари-Луиз Лабурэ болды. Болашақ жазушының әкесі Бонапарттың қызметінде болған, императордың жақын досы еді. Көптеген соғыстарға қатысып және жаудың қолына түскен жауынгер қатты жарақат алады. Көп ұзамай оба ауруына шалдығып қайтыс болады.

Осы себепті болашақ әлемге әйгілі жазушының балалық шағы апат пен қайыршылық жағдайында өтті. Анасы Мари-Луиз Лабурэ баласын лицейде тегін оқыту үшін жастайынан грамматиканың және оқудың негіздерімен таныстырды. Ал оның әпкесі бимен айналысқанды жақсы көрді.Нәтижесінде Александр Грегуара колледжіне түсті. Ол жерде латын тілімен каллиграфиялық қолжазбаны меңгерді.

Александр Дюма балалық шағы
https://24smi.org/

Дюманың алғашқы жұмыс орны нотариустық кеңседе болды. Ол жерде жас жігіт қағаз тасушы(клерк) жұмысын атқарды. Тұрақты табысқа қарамастан, қағаз бастылық жұмыс тез жалықтырып жіберді. Сондықтан Дюма Парижге баруға шешім қабылдады. Ол жерде Орлеан Герцогының хатшылығында (болашақ Король Луи Филипп) хатшы ретінде жұмысқа орналасты.

Әдебиет

Сонымен бірге Александр жергілікті жазушылармен кездесіп, өзінің алғашқы туындыларын жариялайды. 1829 жылы «Генри III және оның ауласы» атты пьесасы жарыққа шықты. Содан кейін жазушы атаққа ие болды. Үш жыл өткеннен кейін «Порт-Сен-Мартен» театрында «Нель мұнарасы» тұсаукесері болды. 16 айдың ішінде сахнада жеті спектакль қойылды. Сахнаға танымал болғаннан кейін Александр әдебиетке назар аударды.1838 жылы Дюма жазушы ретінде дебют жасады. «Шевалье д’Арманталь» атты фельетон романы газетте жарық көрді. 

Төрт жыл бойы Дюма  «Үш мушкетер», «Граф Монте-Кристо», «Висконт де Бразелон», «Марго патшайымы», «Жиырма жыл өткен соң», «Кавалера де ла Мэзон Руж »,«Графиня де Монсоро»,« Жозеф Бальзам »,« Екі Диана »,« Қырық бес» және т.б. керемет туындыларды жарыққа шығарды.

https://24smi.org/

Жазушы көптеген шығармаларында ағамдарды дайындаудың түрлерін егжей-тегжейлі сипаттаған.1870 жылы аспаздық тақырыбында болған 800 әңгімені көне  қолжазбаға тарту екен. «Үлкен аспаздық сөздік» 1873 жылы жазушы қайтыс болғаннан кейін жарық көрді. Жазушы ішімдік,темекі сияқты зиянды заттарға әуес болмаған.  Салауатты өмір салтын ұстанған.

Александр Дюма жеке өмірі

Алғашқы махаббаты бір үйде өмір сүрген киім өндіруші Лор Лабе болды. Лор Лабе Александрдан 8 жасқа үлкен еді. Көп ұзамай екеуі үйленді. 1824 жылдың 27 шілдесінде ұл бала дүниеге келді. Бірақ Дюма әкелігін жеті жылдан кейін мойындады. Өмірбаяншылардың айтуынша Дюмада 500-ге жуық көңілдес әйелдері болған. Атақты жазушы 1870 жылдың 5 желтоқсанында қайтыс болды.