Ай туралы қызықты деректер мен зерттелу тарихы

Ай туралы қызықты деректер мен зерттелу тарихы

Ай туралы жалпы ақпарат

Ай – беті қатты, салқын, радиусы 1738 км немесе 0,272 Жер радиусындай, суық шар тәрізді дене. Айдың массасы 181,3 = 0,0123 Жер массасына тең. Бұл оның селеноцентрлік орбитасына талай рет шығарылған жасанды серіктерінің айнала қозғалуы бойынша нақты дәлелденген.

Айдың орташа тығыздығы 3,35 г/см^3-қа тең немесе Жердің 0,6 тығыздығы, ал оның үстіндегі еркін құлау үдеуі q = 1.63 м/с^2, яғни жерден 6 есе аз. Айда атмосфера да, су да жоқ. Ол тығыз атмосферасыз, ал атмосфера жоқ жерде сұйық күй бола алмайды. Айдың өз осінде айналу мерзімі оның жер төңірегіндегі айналу периодына 27,32^n тең. 

Сондықтан ол Жерге бір жақ бетімен қараған. Ай бетіндегі бірінші ғарыштық жылдамдық u = 1,68 км, ал екінші ғарыштық немесе параболалық жылдамдық un= 2,38 км/с. Ай қойнауынан біршама газдың, оның ішінде көмірқышқылы газының бөлінетіні сөзсіз. Бірақ ауыр молекулалар Күн сәулесінен диссоциацияланады және олар да ұшып кетеді.

Ай туралы жалпы ақпарат
https://spacegid.com/

Зерттеу тарихы

Ай жарты шарының Жерге қараған бедері шағын телескоптың өзімен де жақсы көрінеді. Ай бетінің алғашқы толық картасын ұлы поляк астрономы Н. Гевелий жасады. Оларды 1647 жылы Селенография немесе Айды сипаттау дейтін шығармасында жариялады. Онда ол неғұрлым ірі объектілерді зерттеді. 1651 жылы итальян астрономы Дж. Риччиолди мен итальян физигі Ср. Гримальдимен бірге ай картасын жариялады.

Тап осы картада үлкен қарайған ойпаттар алғаш рет теңіздер деп аталды. Ол есімдер бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Олар: Тыныштық Теңізі, Айқындық Теңізі, Дағдарыс Теңізі, Жаңбырлар Теңізі, Бұлттар Теңізі және т.б. Олардың кесекөлденең мөлшері 200-ден 1100 км-ге дейін. 2000 км-ге созылатын ең үлкен ойпат Дауыл Мұхиты деп аталады.

Ай серігінің зерттеу тарихы
https://spacegid.com/

1966 жылы ақпанның 3-нде Ай бетіндегі Дауыл Мұхитына Жерден 1966 жылғы қаңтардың 31-нде ұшып шыққан “Moon-9” кеңестік станциясы қонды. 1969 жылы шілденің 21-нде адамзат тарихында алғаш рет Айдағы Тыныштық Теңізіне американың “Аполлон-11” ғарышкемесінің “Игл” кабинасы қонды. Алғаш рет адамдар Ай үстіне түсті. Олар Н. Армстронг, Э. Олдрин, М.Коллинз еді. Онан кейін екі жарым жыл ішінде тағы Ай бетінде 5 американдық экспедициясы болып қайтты.

Географиясы

Теңіздердің бетінде ой шұңқыры мен төбешіктер, сондай-ақ ұшы сүйір дөңгелек шоқылар бар. Олар қатқан лавалардан құралған, көзге шағын таудың шыңын елестетеді. Өздерінің белгілеріне қарай шағын таудың шыңын елестетеді. Өздерінің белгілеріне қарай теңіздің шет аймақтары шығанақ, ал шағын оқшауланған қарақоңыр ойпаттары көл деп аталады. Теңіздер мен көлдер Айдың Жерден көрінетін бетінің 40%-ін алып жатыр және олардың басым көпшілігі оның солтүстік жарты шарында.

https://spacegid.com/

Ай бетінің таулы аудандарында қазаншұңқырлар көп. Ал теңіздерде олар аз болып келеді. Қазаншұңқырлардың аумағы 1 м-ден 250 км-ге дейін жетеді. Телескоп алғаш қолданған кезден бері белгілі ірі және орташа қазаншұңқырлар ғалымдар Аристотель, Геродот, Гиппарх, Коперник, Кеплер және т.б. есімдерімен аталады.