Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы

Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы

Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың көрнекті ойшылы, араб ғалымы,ағартушы. Оның зерттеуі ортағасырлық араб философиясының қалыптасуына әсер етті. Екінші Аристотель  ғылымның дамуына елеулі үлес қосты. Ойшыл мыңдаған кітаптар жазған.

Әбу Насыр Әл-Фараби балалық шағы

Әл-Фараби заманауи Қазақстан аумағындағы Фараб  қаласында 870  жылы дүниеге келді. Туған жері Арыс пен Сырдария өзендері бойында өткен. Болашақ философтың әкесі әскербасы және құрметті түрік отбасының өкілі болған. Атақты түрік ұлының толық аты-жөні: Абу-Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Ибн-Тархан ибн-Ұзлақ әл-Фараби ат-Түркі. 

Әл-Фараби өмірбаянында балалық шағы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Жасөспірім кезінде  Аристотель, Платон шығармаларын мен теорияларын оқығанды жақсы көрді. Көбінесе  Самарқандта, Ташкентте және Бұхарада өмір сүрді. Біртіндеп әл-Фарабидің білім деңгейі энциклопедияға айналды. Ол логика мен жаратылыстану, медицина және шет тілдерін оқып, музыканы жақсы көрді. 

Ғалым Бағдат қаласына жалғыз барған. Бұл қала сол кездері мәдениет, ғылым және өнердің  орталығы болды. Адамдардың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік құрылымы жоғары болатын.

Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы
https://24smi.org/

Аңыз бойынша, Әл-Фараби Бағдатта сот қызметкері болып жұмыс істеді. Бірақ біраз уақыттан кейін ол қызметін өзгертіп сабақ бере бастады. Ғылыми еңбектерден тұратын досының кітапханасын  оқығаннан кейін шабыттанып, ғылымға қызмет етуге бел буған. Замандастары философты  ақылды және талантты тұлға ретінде білетін.  Ойшыл  атақты ғалымның атағына ие болып 932 жылы Бағдаттан кетеді.

Ғылым жолы

Философтың шығармалары шартты түрде екі санатқа бөлінеді. Біріншісі ғаламның заңдарына, адамның өміріне және дүниетанымына арналған. Математика, астрономия және геометрия ғылымдарына байланысты заңдарды зерттеген. Сондай-ақ, уақыт пен кеңістіктің тұжырымдамасы туралы теориялар айтқан. Екіншісі жабайы жануарларға арналған жұмыстар мен олардың қолданыстағы заңдарын қамтиды. Олар химия, биология, медицина, оптика және физиканы ғылымдарын қамтиды.

Әбу Насыр Әл-Фараби
https://24smi.org

Әл-Фараби философия мен әлеуметтану, саясат, педагогика, этика, диалектика және саясат мәселелеріне қызығушылық танытты. Ойшылдың идеялары өз заманынан озық болды. Оның жұмыстары әлі де өзекті. Әл-Фараби әлемдегі барлық нәрсенің 6 деңгейге бөлген. Олар бір-біріне тығыз байланысты екенін айтқан.

Бірінші кезең — барлық нәрсенің тууы. Екінші кезең барлық заттың пайда болуы. Үшінші кезең Ақыл-ой немесе дамып келе жатқан ақыл. Төртінші кезең — жан. Бесінші кезең пішін (форма). Ал алтыншы — материя. Бұл алты кезең адам және қоршаған ортаның пайда болуына әсер еткен деген философиялық ой.

https://24smi.org

Әбу Насыр Әл-Фараби философиясы

Әл-Фараби әлемнің жаратылуын және біртұтастығының бәрінің басты себебі Құдай деп санаған. Екінші орында планета мен аспан денелері, жер формалары және т.б. Ғалымның теориясы бойынша материя мәңгілік және формамен тығыз байланысты. Соңғы екеуі бір-бірін толықтырып тұратынына сенген. Ғалым Құдайдың жаратылыстың  себебі деп қарастырған. Сонымен қатар ғарыштық ақыл-ойға(космический разум) сенген. Ғалымның ойынша ғарыштық ақыл-ой барлық тірі  дүниені өз қорғауында ұстайтынына сенген.

Ғалым  философияны діни көзқараста емес, ғылыми тұрғыдан зерттеген. Әл-Фараби Жаратушыны және материалдық әлемді жеке бөлген.

Жеке өмірі

Әл-Фарабидің жеке өмірі туралы аз ақпарат ғана бар. Көп мәліметтер аңыздардан алынды. Ғалым оқу кезінде  жұмысын тоқтатпады. Әл-Фараби Дамаскідегі бақ сақшысы ретінде жұмыс істеді және арзан шам аясында ғылыми жұмыстар жүргізуге мәжбүр болды.

Тарихшылар Әл-Фараби өлімінің екі нұсқасын айтады. Біріншісі  Ойшыл Дамаскідегі қартайып қайтыс болды. Ал екіншісі қарақшылардың қолынан мерт болуы. 951 жылғы қаңтарда ғалымның қайтыс болғаны белгілі болды. Дамаск қаласының қабырғасынан тыс жерде жерленген. Философтың қабіріне дұғаны мемлекет басшысын оқыған.