Үнді елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары

Үнді елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары

Үнді елінің салт-дәстүрлері көптеген мыңжылдықтар бойы өзгеріп дамып келеді. Бұрыңғы замандағы әскери басқыншылардың мәдениеті мен үнді халқымен бір-бірімен араласып ерекше дәстүрге ие болды.  Ежелгі Үндістанда әртүрлі діни үрдістер пайда болды. Олар буддизм, жайнизм, сикхизм, индуизм және т.б. мәдени дәстүрлерге үлкен әсер етті. Қазіргі заманда Үндістан елі өте ерекше тарихы ,мәдениеті және дәстүрі бар ел.

Үнді халқы қол алысып амандаспайды

Үнді халқы қол алысып амандаспайды. Олар көбінесе қолдарын кеуделеріне қойып ерекше амандасады. Амандасудың белгілі ритуалы бар. Біріншіден қолды кеуде қойып,сосын басын кішкене төмен түсіріп «намасте» деген сөзді айту керек. Бұл Үндістанда қолданылатын сәлем берудің ең танымал түрі. Кейде ер адамдар қол беріп амандасып жатады. Ол тек жақын достар арасында болады.

Үнді халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары
http://ledilana.ru

Тәртіп

Көшеде және үй ішінде адамдар бір-біріне саусақпен көрсетуге болмайды. Сонымен қоса үй ішінде адамға аяқтың ұшын қаратып қоюға тыйым салынады. Себебі үнді халқы жесттарға үлкен назар аударады. Үндістанда қоғамдық жерлерде адамдар өз эмоцияларын көп көрсетпейді. Үнді мәдениеті бойынша ол тәртіпсіздікке жатады.Қол ұстасып жүруге тек үйленген адамдарға рұқсат. 

Үнді елінің мейрамдары

Елдің ұлттық мерекелері үнді мәдениетінің барлық нюанстарын жақсы көрсетеді. Сәнді фестивальдар түрлі құдайларға және ауыл шаруашылығына арналған. Сондай-ақ, ең басты мейрамдар Тәуелсіздік күні, Республика күні атап өтіледі. Үндістанда Холи мейрамын ерекше атап өтуге болады. Осы мереке күндері жергілікті тұрғындар бір-біріне бояулар құйып, түрлі-түсті ұнтақтарға себілді.

Үнді елінің салт-дәстүрі Холи фестивалі
http://new-treveler.ru

Ғибадатхана тәртібі туралы мәлімет

Үндістандағы ғибадатханаларға арнайы бас киімсіз кіруге болмайды.Ер адамдарға басы жабық болу керек. Ал әйелдердің  басы және иығы жабық болуы тиіс. Буддизм және Индуизм ғибадатханаларын қарағанда  сағат тіліне қарай жүру керек.

Ғибадатхананың ішін суретке түсіруге болмайды. Оның ішінде қайырымдылық жасау дұрыс әрекет ретінде саналады. 

Үнді халқының салт-дәстүрі ғибадатхана
Туристер.ру

Киелі жануарларды құрметтеу дәстүрі

Үндістанда сиыр қасиетті жануардың бірі.Бұл  елде сиырлар барлық жерлерде кездеседі.Сондықтан туристтерге сиырға өте мұқият болу керек. Оны ренжітуге және оның өзіне жағымсыз сөздер айтуға болмайды. Соған байланысты үндістанда сиырларға дөрекілік көрсеткен адамдарды түрмеге қамайды. Үндістер сиыр етін жемейді.

Кейбір қасиетті ғибадатханаларда маймылдар емін-еркін жүреді. Бұл жануарды да  Үндістанда құрметтейді.  Үнді халқы барлық жануарларды құрметтеуге тырысады. 

https://www.onmywaves.com

Тағамға байланысты ырымдар

Үнді халқы тағамды оң қолмен жегенді дұрыс көреді. Себебі оң қол тазалықтың белгісін білдіреді. Үндістер үшін тамақтану белгілі бір рәсім ретінде көрінеді. Тамақтану кезінде сөйлесуге болмайды. Егерде Үндістанда қонақта болсаңыз тамақты соңына дейін жеген дұрыс. Себебі сонымен қонақ иесіне деген құрметті көрсетесіз.

Елдің тағамдары әртүрлі діндердің әсерінен қалыптасқан өз ерекшеліктеріне ие. Үндістанның солтүстігінде негізінен мұсылман халықтары көп тұрады.Соған байланысты ол жерде көбінесе ет жейді. Елдің оңтүстігінде үнділіктер вегетариандық тағамдарды ұнатады.

Үнді халқының ұлттық тағамдары
Veryclose.ru

Кісі аты

Үндістер өз тегтерін көп қолданбайды. Олар өзінің атын және кастаның атын айтады. Немесе өз аты мен қоса мекен-жайының атын қосып айтады.Некеден кейін әйел адам өз атымен қалады. Бірақ  құжатта кімнің күйеуі екені жазылады.