Қос жұлдыздар және жұлдыздардың массасы

Қос жұлдыздар және жұлдыздардың массасы

Қос жұлдыздар туралы жалпы ақпарат

Қос жұлдыздар жұлдыздық карталарда грек әрпімен ζ (дзета), екіншісі латын әрпімен g белгіленеді. Ортағасырлық араб астрономдары оларға жеке-жеке ат қойған, ол осы күнге дейін солай аталып келеді. Олар жарығы – Мицар (Ат), көмескісі Алькор (Салт атты) делінеді. Қосарлығы оптикалық құралдармен ажыратылатын жұлдыздарды бақыланатын қос жұлдыздар, ал оларды құрайтын екеуін – қос жұлдыздардың компоненттері дейді. Айдаһардағы v, Лирадағы β, Мицар және басқалар бақыланатын қос жұлдыздардың компоненттерінің бірінің жылтылы 2,4m, екіншісінікі – 4,0m.

Зерттеу тарихы

XVII ғасырдың басында, алғашқы телескоп пайда болғанда астрономдар қос жұлдыздарға жеке, өздерінше бақылау жүргізе бастаған-ды. Бірақ бұл объектілерге жүйелі және мақсатқа сай зерттеудің негізін В.Гершель қалады. Ол қос жұлдыздардың неғұрлым жарық компоненттерінің көмескілеріне қарағанда Жерге әлдеқайда жақын екенін болжады. В.Гершель өзі жасаған қуатты телескоп рефлекторымен аспаннан қос жұлдыздарды мұқият іздеді және олардың компоненттері аралығының бұрыштық қашықтығын асқан дәлдікпен өлшеді. 1821 жылға қарай, 40 жылдан аса уақыт ішінде, В.Гершель 806 қос жұлдызды ашты және зерттеді. Болжалдау әдісімен В.Гершель параллакстарды тапқан жоқ, оның есесіне жарық қос жұлдыз Касторды 25 жыл бақылады.

Қос жұлдыздар туралы жалпы ақпарат
https://v-kosmose.com/

Қос жұлдыздардың сүбелі зерттеулерін 1822-1852 жылдары В.Я. Струве және оның қызметкерлері Дерпт және Пулков обсерваторияларында жүргізілді. В.Я.Струвенің өзі 2343 қос жұлдызды ашты. 8700 жұлдыз жұптарының орындарын өлшеудің дәл болып шықты. В.Я.Струвенің В.Гершельден айырмасы, ол қос жұлдыздардың ішінде көптеген физикалық жұптар болуы тиіс екенін түсінді. Олардың компоненттері кеңістікте бір-біріне мейлінше жақын, өзара тартылыста және олардың бірі екіншісінің төңірегінде айналады. Ал мұны компоненттердің орындарын бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қайталап өлшеу нәтижесінде анықтауға болар еді.

Қос жұлдыздар сипаттамасы

Физикалық қос жұлдыздардың компоненттері көп жағдайда түрлі түсті келеді. Мәселен, Аққудағы β компоненттері – сары және көк, Таразылардағы сары,ашық сиякөк Андромедадағы қызғылт сары және көк. Жұлдыздардың негізгі сипаттамаларының бірі – жұлдыздың жарқырауы мен эволюциясына байланысты. Мұндай жүйелерде неғұрлым жарық компонент басты жұлдызы болып, ал неғұрлым көмескісі – жұлдыз-серік болып саналады.

https://v-kosmose.com/

Басты жұлдызға қатысты жұлдыз-серіктің көрінетін орны бар. Көптеген жылдар бойындағы жүйелі өлшеу нәтижесі  жұлдыз-серіктің басты жұлдыз төңірегінде эллипстік орбитамен айналатынын көрсетті. Алайда жұлдыздардың қосарлылығы барлық жағдайда, тіпті, спектрі бойынша да анықтала бермейді.  Бірақ егер қос жұлдыздар компоненттерінің айналу жазықтығы Жер арқылы өтсе, онда жұлдыздар спектріндегі сызықтардың периодтық қосарлануынан бақылаушы сол периодпен оның жарқырауының өзгергенін байқайды.