Юпитер Күн жүйесіндегі ең алып ғаламшар

Юпитер

Юпитер ғаламшары

Юпитер ғаламшарының массасы қалған ғаламшардың бәрінің массасын қосқандағыдан 2,5 есеге асып түседі. Жер массасынан 318 есе көп. Юпитердің көрінерлік шартабағы оның созылыңқы атмосферасының жоғарғы қабаты болып табылады. Тіпті, шағын телескоптың өзінен ғаламшардың айналу осі бойымен 1/16-ге тең сығылыңқы екені байқалады. Экваторлық шартабағының диаметрі полюс аймағындағысынан 1,07  есе үлкен болып келеді.Ғаламшардың экваторлық радиусы R = 71400 км,ол Жер радиусынан 11,2 есе үлкен. Ғаламшардағы еркін түсу үдеуі Жердікінен 2,67 есе көп. Ал оның бетіндегі ең жоғары жылдамдық секундына 60,4 км-ге тең. Юпитер Жер сияқты батыстан шығысқа қарай айналады. 

Юпитердің едәуір сығылыңқы болуы осін жылдам айналуынан, ол әраймақ әрқалай.Экваторлық аймағы 9(c) 50,5 м,ал қоңыржай аймақтары 9(c) 55,7 м периодпен,яғни баяуырақ айналады. Бұл шартабағының табиғаты газ екенін көрсетеді. Онда қарайған жолақтар мен дақ жақсы көрінеді.

Юпитер ғаламшарының зерттеген ғалымдар

1950-1951 жылдары кеңес астрофизиктері В.Г.Фесенков пен А.Г.Масевич және басқа алып ғаламшарлардың Юпитер шамамен 75-85% сутегі, 25-15% гелийден және неғұрлым ауыр химиялық элементтердің қоспасынан тұрады деп алсақ, онда олардың фиизикалық сипатттары түсіндіруге келеді деп дәлелдеді. Алып ғаламшарлардың терең қойнауларында температура ондаған мың кельвинге жете алады.Ал алапат қысымнан сутегі сұйық жағдайда және тіпті, тоқты жақсы өткізе алатын металдық сутегі дейтін айрықша тығыз жағдайда болуы мүмкін.

Юпитердің бетінен 130 000 және 43 000 км қашықтықтан ұшып өткен американ автоматты «Пионер — 10» және «Пионер — 11» станциялары оның атмосферасынан спектірлік сызықтары көмескі және Жерден байқалмайтын гелийді тапты. Сөйтіп бұрынғы кеңес астрофизиктерінің теориялық есептері ғаламшарды жақыннан зерттеудің нәтижесінде тұжырымдалды.

Зерттеу мәліметі бойынша Юпитер массасының 74 % сутегі, 20% гелий және 6% ғаламшардың қойнауында жатқан ауыр химиялық элементтерден тұрады. Атмосфера деп аталатын сыртқы сутекті гелийлі қабат 6000 км-ге дейінгі,немесе 0,08 тереңдікке дейін жайылады. Оның құрамында метанның,аммиактың,цианидтердің және су буының мардымсыз қосындысы бар.

Юпитер
https://yorick.kz

Юпитер серіктері

Зерттеулер нәтижесі Юпитердің 16 серігін анықтады. Олардың бәрі де қатты денелер,төртеуі неғұрлым ірі және Айдың көлемі мен массасымен салыстырарлықтай шар тәрізді. Бұл төрт серікті 1610 жылдың қаңтарында-ақ, Галилей ашқан. Олар тіпті, дүрбі арқылы көрінеді.Серіктердің өз осінен айналу жылдамдықтары Юпитердің төңірегіндегі айналу жылдамдықтарына тең.Сондықтан олар Юпитерге ылғи бір жарты шарымен қараған күйде және оның экваторы белдеуі бойымен алға  қарай бағытта, дөңгелек орбита бойымен айналады. Оларға ежелгі грек мифологиясынан алынған: Ио (Айдың тәңірісі) ,Еуропа( Жер шаруашылығынын тәңірі),Ганимед және Каллисто деген есімдер берілген.

Көлемі жағынан Ганимед Меркурийден үлкен, ал Каллисто онымен бірдей деуге болады. Ио серігі Күн жүйесіндегі бірден бір белсенді жанартаулы серік: онан биіктігі 200 км-ге дейін газ бен тозаң лақтыратын жеті жанартау табылды. Серіктердің құм секілді созылып жатқан қыртыстардан және тілімделген жарықтардан тұрады.

Юпитер серіктері
https://fishki.net

Қалған серіктерінің шамасы 10-нан 280 км-ге дейін жетеді. Ал пішіндері бұрыс. Олар ашылу ретіне қарай нөмірленген,сондықтан ол цифрлар ғаламшардан қашықтығын көрсететін цифрлармен сәйкеспейді. Ғаламшарға ең жақын XIV Адрастея мен XVI Метис 128000 км радиусты ұқсас орбитасымен 7 сағ 5 мин айналып шығады. Төрт алыс серіктері кері бағытта аса созылыңқы, біршама көлбеу орбитамен қозғалады. Анағұрлым алыс IX серік 23300000 км орташа қашықтықта 758 тәулік мерзімде бір айналып шығады. Юпитердің өзінің шалғай серіктерін астероидтар белдеуінен қармап алуы әбден мүмкін.

Өзінің қозғалысы кезінде жақын серіктер ғаламшардың тасасына енеді.Ғаламшардың арғы жағына жасырынады. Бұл құбылыстар тіпті шағын телескоппен қарағанда да жақсы көрінеді. Марс туралы деректі осы жерден оқи аласыздар.

Марс — Қызыл ғаламшар туралы қызықты дерек